Xyiii ғ. Және XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ-ақын жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар Орындағандар: Азиза Алина Тоғжан



Дата28.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#53252

XYIII ғ. Және XIX ғ.бірінші жартысындағы қазақ-ақын жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар

Орындағандар:Азиза Алина Тоғжан

Қабылдаған:Абаева Арай

Жоспары

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Көрнекті ақын-жыраулар туралы қысқаша мәлімет
  • Қазақ ақын-жыраулардың тәлім-тәрбиелік идеялары
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.[

Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары ның жиі шабуыл жасауы және үздіксіз ру аралық тартыс жағдайында ортақ жауларға қарсы күресте ақын-жыраулардың қазақ руларының басын біріктіруге үндеген үні қаттырақ естілді. Шалкиіздің бірқатар өлеңдері ел билеуші, әмірші Темірге үгіт-насихат, кеңес түрінде беріледі. Онда алыстағы ортағасырдағы хандар туралы, адамдардың жақсы жақтары туралы, жақсы және жаман адамдар туралы жырау екі жаққа да, ел билеуші мен халыққа бірдей, қызымет атқарады. Егер де Темір оның кеңесін, үгітін тыңдайтын болса, адамдар мен ел билеушінің арасында келісім, бірлік, бейбітшілік, бақыт орнайтындығына сенім мол деген болатын-ды. Шалкиіздің ғибраттық, тәлімдік-тәрбиелік мағынаға толы толғауларының бүгінгі күні де маңызы және рухы аса күшті, философиялық тереңдігімен, аз сөзбен көп мағына беретін қысқа да болса, нұсқалығымен ерекшеленеді: Қоғалы көлдер, қам сулар, Кімдерге қоныс болмаған Саздауға біткен қара ағаш, Кімдерге сайғақ болмаған… Күлелік те ойналық, Киелік те ішелік, Мынау жалған дүние, Кімдерден кейін қалмаған! – деген жолдар арқылы жастарға ақыл-кеңес, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы ой тастайды.

Қорытынды

  • Қазақ ақын-жыраулар мұрасында имандылық рухани тәрбие туралы шығармалары көптеп кездеседі.Ақылы дария теңіз данышпан бабаларымыз ертелі кеш басынан кешкен қилы-қилы хикаяттарды сара пайымдауларынан өткізе отырып тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні дегін керемет тұжырымдарға,нақылият өлеңдерге әкеліп тіреп отырған.Олардың негізгі арналары ең алдымен елдік пен ерлікке сүттей ұиыған ынтымаққа адамгершілік пен парасатқа кісілік пен қайырымдылыққа қысқасы адамға қажетті ғажайып қасиеттер ге тұс тұстан келіп толасыз құйылып жатады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет