Ю. Гагаринның ғарышқа ұшқан "Восток" зымыранға ұқсас зымыран Ұшу аппараты



Дата27.09.2023
өлшемі223,99 Kb.
#110453

Ұшу аппараты

Ю.Гагаринның ғарышқа ұшқан "Восток" зымыранға ұқсас зымыран
Ұшу аппараты (ҰА) — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.
Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростатдирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.
Ұшу аппараттарының жіктелуі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады.[1]
Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отылды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Ауа-реактивті қозғалтқыш ішінде кең тарағаны — ӘӘК ұшақтарында қолданылатын турбореактивтік қозғалтқыштар. Негізгі энергия (қуат) көзі ядролық отын болып табылатын атомдық күш қондырғылары ерекше топ құрайды.[1]
Сілтемелер
ВИКИНГ ғарыштық аппарат

Казсат ғарыштық аппарат
Ғарыш — ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады . Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар,т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Зерттеу Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.


Ғарыш – бұл шексіз кеңістік. Мен жұлдыздарға қарағанды ​​жақсы көремін! Жылтылдап тұрған ғажайып шамдар кез-келген адамды таң қалдырады. Оларға қарап ерекше шабыт, ұмтылыс сеземін. Мені: «Бұлттардың артында не бар?» деген сұрақ қызықтырады. Бұл сұраққа жауап беру өте қиын, өйткені, ғалам өте үлкен, оның нақты мөлшері ешкімге белгілі емес. Біз оның аз бөлігін ғана зерттей аламыз, себебі, технологиялық мүмкіндіктеріміз шектеулі. Астрономдар, заманауи телескоптардың көмегімен, басқа ғаламшарлар мен жұлдыздарды үнемі бақылап отырады. Осы зерттеулердің нәтижесінде, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Біз Күн жүйесі жайлы және метеориттер мен кометалардың қалай пайда болатыны туралы білеміз. Бүгінгі күнде, ғарышта көптеген жасанды жер серіктері бар, олардың көмегімен теледидар, телефон және радио байланыстары жүзеге асырылады. Болашақта, Жер сияқты тіршілік иелері өмір сүретін планета табылады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет