Заголовок слайда отсутствует



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі6,45 Mb.
#22782
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
демография

Демографияның ғылым ретінде құрылу тарихы

Орындаған: Төкен Әлия

Тексерген: Тойшубекова Жулдыз Клуббековна


ДЕМОГРАФИЯ

Демография (грек сөзінен алынған: demos - халық,

qrapha - жазамын, сипаттаймын деген мағынаны білдіреді)

халықтың санын, қоныстануын, орналасу тығыздығын, халық

динамикасын, яғни өсуі мен кемуін, көшіп-қону

көрсеткіштерін, құрамын, некелесу мен ажырасу

көрсеткіштерін, жастық және жыныстық структурасын

зерттейтін ғылым.

Демография ғылымы өз алдына дербес сала болғанына қарамастан, аталған ғылым көп жағдайда пәнаралық байланыс арқылы дамып жатыр. Демография ғылымымен пәнаралық байланысты – саясаттану, әлеуметтану, тарих, экономика, статистика, математика, география және де кейбір салалары бойынша биология ғылымының да өзара тоғысар тұстары кездеседі. Монографияның аты айтып тұрғандай демография мен саясаттану ғылымына және де саясатқа байланысты тұстарына назар аударады.

Халықтың дамуы әлеуметтікэкономикалық, медициналық-биологиялық, әлеуметтік-мәдени фак­ тор­лары оның сандық және сапалық өзгерістері процесіне әсер етеді. Бұл даму адам мүмкіндіктерін арттыру процесі ретінде анықталады

Тұрғын халық қасиеттерінің жиынтығы, оның өсімін сипаттайтын, атап айтқанда қалыптасқан табиғи, экономикалық, әлеуметтік-мәдени жағдайларға ден қою және оларды өзінің өзгермелі қажеттіліктеріне бейімдеу қабілеті тұрғын халық сапасы деп аталады.

Сонымен бірге халық демографиялық жүйе ретінде қарасты­ рылады. Оның базалық сипаттамасы ұрпақтарды тұрақты түрде қайта қалпына келтіру қабілеті болады.

Демография шең­ берінде осы аумақта тұратын халық санының өзгеру үрдісі, оның жас құрамы, ерлер мен әйелдердің арақатынасы, олардың отбасылық жағдайы зерттеледі.

Демография объектісі ретінде белгілі бір аумақта тұратын адамдардың жиынтығын түсіну болып табылады.

Тұрғын халықтың негізгі белгілерінің бірі ретінде оның қоз­ ғалысын айтады. Демографияда халық қозғалысының үш түрі бар:

  • халықтың табиғи қозғалысы – туу, өлім, некелік жұп­тардың пайда болуына және ыдырауына байланысты халық саны мен құрамының өзгеруі;
  • халықтың механикалық қозғалысы – халықтың аумақтық қоз­ ға­лысымен байланысты кеңістіктік ауысуы;

  • 3) халықтың әлеуметтік мобильділігі – бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысу салдарынан оның әлеуметтік, білім беру, кәсіби және басқа мәртебелерінің өзгеруі.

Демография ғылымының пәні – халықтың ұдайы көбеюі. Халық­тың өсімін молайтуды анықтау мен талдау: тар және кең.

Бірінші тәсіл халықтың ұдайы өсуін ұрпақтардың үздіксіз та­биғи жаңаруы процесі ретінде, яғни халықтың туу мен өлім-жітім­нің нәтижесінде ұдайы өсуі ретінде түсіндіреді.

Екінші тәсіл шең­ берінде халықтың ұдайы өсуі басқа да демографиялық процестерді қамтиды: неке, некенің тоқтатылуы, көші-қон, әлеуметтік ұтқырлық, ал ұдайы өсуді талдау кезінде индивидтердің биологиялық және психикалық қасиеттерін ескеру қажет.

Демографияның ғылым ретіндегі басты міндеті – демогра­фиялық заңдарды, заңдылықтарды, өзара байланысты анықтау және тану.

Демографияның практикалық міндеттерінің ішінде үш негізгі:

Ақпаратты жинау және демографиялық талдау негізінде демо­ графиялық процестердің тенденциялары мен факторларын зерделеу;

Демографиялық болжамдарды әзірлеу;

Демографиялық статистика іс-шараларын әзірлеу. Қазіргі демография – бұл халық (тұрғын халық) туралы кешенді ғылым, дәлірек айтқанда – бұл халықтың бірлесіп өсіп-өнуін және жекелеген демографиялық процестерді зерттейтін өзара ісқимыл жасайтын ғылымның тұтас жүйесі.

Демография ғылымдарының жүйесінде негізгі жеті құрамдас бөлікке бөліп көрсетіледі:

    • теориялық демография, демография тарихы, сипаттамалық демография, экономикалық демография, әлеуметтік-демографиялық үдерістерді модельдеу, яғни ғылымның теориялық іргетасы;
    • салалық демография ғылымдары: медициналық демография, этникалық демография, әскери демография, саяси демография және т. б.;
    • ақпарат көздері мен әдістері: халық туралы деректер көз­дері, әдістері – статистикалық, математикалық, социологиялық, карто­ графиялық және т.б.;
    • өңірлік демография;
    • қолданбалы демографиялық зерттеулер;
    • әлеуметтік-демографиялық болжау;
    • демографиялық саясаттың теориялық негіздері.

Демография термині ең алғаш рет 1855 жылы А. Гийяр есімді француз ғылымының «Адам статистикасының элементтері немесе салыстырмалы демография» атты еңбегінде пайда болды.

Оны 1882 жылы Женева қаласында өткен «Тазалық пен демография» атты Халықаралық конгрессінде ресми түрде таныды. Бұл термин 1872жылы Петербургте өткен халықаралық статистикалық конгресс­ тің 8-сессиясынан бастап орыс тіліне ене бастады.

Алғашқыда демография халық статистикасы терминімен синонимдас болды. Кейінірек демография деп халық саны мен оның құрамы бойынша мәліметтерді жинау, сипаттау және өзгерістерді талдауды жинақтау жөніндегі қызмет түріне айналды.

Демография ғылымы ерте кезден бастау алады. Демографиялық факторлардың маңызы өркениет дамуының алғашқы кезеңдеріндеақ қоғамдық ой-пікірлерді қалыптастыра бастады. Ежелгі дүние ғасыр­ларының ойшылдары тұрғындар мен қоршаған ортаның қаты­ настары туралы оптималды ұғымдарды қалыптастырды. Ежелгі антика кезеңінің көрнекті философтары Платон мен Аристотель тұрғындар туралы, олардың санының кемуі мәселесіне басты назар аударып, халықтың үздіксіз өсуі және халық қозғалысы мәселесін көтерді.

Ежелгі Римде б.з.д 435 жылдан «цензы» түріндегі халық санағы үнемі жүріп тұрған.

Бұл кездегі санақ негізінен ересек ер адамның санын білу мақсатында жүргізіліп, жалпы халық санынан толық мәлімет бермесе де, демографиялық зерттеулердің бастамасы саналады.

Б.з.д. V ғ. Мысырдағы халық жөніндегі мәліметтерді санақ парақ­тары береді.

Санақ халықтың жыныстық (ерлер, әйелдер), жастық (балалар, жасөспірімдер, кәрілер), әлеуметтік (бай, кедей) жайынан мәліметтер берген. Ал Шығыс ойшылдары арасында халық тығыздығын, халық санының өзгеруін танып білуге құштарлық б.з.д. VI-III ғ. бастап-ақ қалыптасты.­

Ежелгі Қытайда Конфуций «тұрғындар оптимумы» ұғымын дамытып, жер сапасы мен тұрғындар саны арасындағы «пропорцияның» (теңсіздіктің) бұзылуы белгілі бір қиыншылықтарға әкеп соғатындағын айтты. Мысыр, Месопотамия, Үндістан, Қытай, Жапония мемлекеттерінде халық санағы негізінен әскерді нығайту мақсатында жүрген. Орта ғасырларда демографиялық ой-пікірлер одан әрі дамып, идеологтар халықтың өсімі өндірістік көрсеткіштерді басып кеткен жағдайда, халықты әлеуметтік жағынан кедейшілікке әкеп тірейді, – дейді. V-XVII ғғ. халық санақтары жайындағы мәліметтерде Фран­ция, Италия, Германия, Ватикан, Византия елдерінде миграциялық тіркеу парақтары қалыптасқан еді. Онда жасы, жынысы, ұлты, әлеу­ меттік жағдайы, тұрағы, отбасылық жағдайы, отбасындағы адам саны көрсетілген.

Еуропада демография ғылымының негізін ағылшын ғалымы Джон Граунт (1620-1674 жж.) салған. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлім көрсеткішін, оның заңдылықтарын ашуға тырысқан. Одан әрі ағылшын ғалымдары У. Петти және Г. Кинг, француз ғалымы А. Депарсье халықтың экономикалық хал-ахуалын зерттесе, XVIII ғасырда халық өсімін математикалық әдістерді қолдану арқылы голланд ғалымы В. Керсееб, швед ғалымы П.В.Варгентин, ресейлік Л. Эйлер жалғастырды.

1640 жылдан бастап Еуропада Орталық Статистикалық басқармалар құрыла бастады. Статистикалық есеп парақтарында халық санағы кезінде әр адам жөнінде төмендегідей мәлімет жинақталады: жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы, некелесуі, бала саны, тұрағы, қай жерден келгені, білімі, көшіп келу себебі3. 1744 жылы шотландиялық екі пресвитериан діни қызметкері – Александр Вебстер мен Роберт Уоллес діни қызметкерлердің жесірлері мен жетім қалған балаларын зейнетақымен қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын ашуды ойлайды.

Демограф Томас Роберт Мальтусқа да ықпалын тигізді. Тарихта алғаш рет 1798 жылы Т. Мальтус (1766-1834) тұрғын халық теориясы туралы өзінің «Қоғамның болашақ жетілуіне байланысты тұрғын халық заңы туралы тәжірибе» атты еңбе­ гінде жариялады. Бұл халықтың өсуіне мүмкіндік беретін ресурстар, азық-түлікке қарағанда тез өсетіндігін дәлелдеді. Кейіннен бұл теория теріске шығарылды.

Бірақ Т. Мальтус көтерген проблема халықтың шамадан тыс өсуі және бұл өсудің қоғамның әлеуметтікэкономикалық даму деңгейімен байланыстығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. ХІХ ғ. ғалымдардың негізгі назары халықтың дұрыс статис­ тикалық есебін ұйымдастыруға, соның ішінде жалпыға бірдей санақ әдісімен (К. Бернулли, А. Гийяр, А. Кетле және т.б. жұмыстар) қа­ растырылды. XX ғасырдың бірінші жартысында зерттеушілердің назарында көптеген еуропалық елдерде пайда болған бала тууды төмендету мәселесі өзекті болды.

Француз демографы А. Ландри (1874-1956) еңбектерінде «демографиялық өту» тұжы­рымдамасының қалыптасуы басталды, онда белгілі бір елдің әлеуметтік-эконо­ микалық даму деңгейімен байланысты халықтың өсімін молайту түрлері көрсетілді. Ол 1936 жылы АҚШ-та алғашқы Принстон университетінде халықты зерттеуге арналған демографиялық ғы­ лыми орталық құрылды.

1946-1948 жылдары БҰҰ-ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі бюросының тұрғын халық секциясының бі­ рінші директоры болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1949 жылдан бері ағылшын және француз тілдерінде «Демографиялық жылнама» деп аталатын халықаралық анықтамалық басылымды тұрақты түрде шығарып тұрады. Онда БҰҰ-ға мүше елдердегі демографиялық ахуал туралы ақпараттар жарияланады. Сондай-ақ әлем халқының саны мен оның негізгі орналасу аймақтары жөнінде қорытындылар жасалады. 

Белгілі демограф ғалым Мақаш Байғалиұлы: «Әу баста «демография» деген терминдi тек «статистика» деп қана айтатын. Кейiннен демография ғылым ретiнде дамып, үлкен деңгейге көтерiлдi. Демография – қоғамдық ғылымның iшiндегi ұйытқысы, белсендiсi» деген анықтама береді.

Алайда, отандық демография ғылымының қалыптасып, дамуына толағай теңіз үлес қосқан ғалымдардан А.И.Левшин, П.Г. Галузо, Е.Е. Бекмаханов, Б.С. Сүлейменов, Н.В. Алексеенко, И.Д. Никифорова, В.В. Козина, М.Х.Асылбеков, М.Тәтімов, М.Қозыбаев, Н.Бекмаханова және басқа да зерттеуші ғалымдарды айтуға болады.

Академик, демограф ғалым М.Х. Асылбеков ғылыми зерттеуінде: «Е.Е. Бекмаханов өзінің кітабында 1847 жылғы қазақтың санын көрсетіп кетті. Б.С.Сүлейменов реформаның кезінде қазақты 2 миллион деп ашып айтты. Алаштың арыстары Ә.Бөкейханов 1897 жылдан бері қарай 5 млн. екендігін атап өтсе, ал М.Тынышбаев тіпті 6 млн. деп көрсетеді. Ұлы Абайдың да сөздерінде 6 млн. қазақ бар екендігі айтылады. Шамасы Қытайдағы қазақтарды қосып айтқан болса керек. Негізі қазақтың саны 4 миллионнан асқан емес» деген пікірді алға тартады.

Белгілі тарихшы ғалым Манаш Қабашұлы  өз зерттеулерінде тарих үдерісіндегі халық пен тұлға мәселесіне негізгі зерттеу еңбектерін арнаған. Ғалым Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз ел атанған қазіргі жағдайдағы демографиялық процесс пен олардың негізгі проблемаларын талдауда жаңаша көзқарас қажеттілігін айта келе, тарихи отанында өмір сүретін қазақтардың үлес салмағының азаюына алып келген демографиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал еткен негізгі тарихи кезеңдерді ашып көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет