Заманауи педагогтың профессиограммасы



Дата24.03.2022
өлшемі1,71 Mb.
#28684

Заманауи педагогтың профессиограммасы.

Орындағандар:Алдабергенова Гулдана

Мұханбетқалеива Айда

Рахманбердиева Ақмаржан


    • Заманауи педагогтың жалпы адамзаттық қасиеттері.
    • Педагог тұлғасының педагогикалық-психологиялық қасиеттері.
    • Заманауи педагогтың арнайы білімдері мен дағдылары.

Жоспар

1.Заманауи педагогтың адамгершілік санасы

Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік

бесігіне бөлейтін руханият дəуіріне жаңа қадам болып табылады.

Адамгершілік тəрбиесінің нəтижесі - адамдық тəрбие.

Ол тұлғаның қоғамдық бағал

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен

ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға

қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді.

Енді осыған сəйкес заманауи педагогқа қойылатын талаптарға тоқтала

кетейік:

1) мұғалім - жеке көзқарасы бар жəне соны қорғай білетін жігерлі тұлға

болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.

Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нəтижеге қол

жеткізе алады.

2) педагогикалық, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар,

сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек

келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

3) өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір

түпкі нəтижеге қол жеткізе алмайды.

2.Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің тізбесін құру әрекетінің ертеден келе жатқан тарихы бар. Орыс педагогы, жазушы, журналист және баспагер Н.И. Новиков, тәрбиеші келесі талаптарға сай болуы керек; дұрыс және таза пайымдау қабілеті болуы; балаларға жақындай білу; мейірімді болу; орыс және шет тілдерін білу; жақсы айтылу керек; жақсы мінез-құлық және лайықты келбет.

Қ.Д. Ушинский «Әр тәлімгерде, әсіресе төменгі мектептер мен мемлекеттік мектептерге тағайындалған тәлімгерлерде тек оқыту ғана емес, мінез-құлық, имандылық, сенім де маңызды...» деп табанды түрде атап көрсетті.

Мұғалім тұлғасының кәсіби мәнді қасиеттері – бұл мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің өнімділігіне (табысқа) әсер ететін және оның жеке стилін анықтайтын тұлғаның психикалық, эмоционалдық-еріктік және адамгершілік жақтарының сипаттамалары.

3.Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі мұғалімнің алған дипломына сай тынбай еңбектенуі арқылы келетін жетістік. Қазіргі кездегі зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, жас маманның кәсіби дамуы оның білім деңгейінің жоғарылауы, дайындықтың жетілуі, педагог санаты деңгейінің жоғарылауы тәрізді сапалы өзгерістермен дәйектеліп отыратындығын көреміз.

Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру.

Қазіргі замануи мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;



Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет