Зат есім Дайындаған: Түлкібаева П. Қ. тексерген: Абдрахманова ж. М



Дата07.10.2022
өлшемі245,81 Kb.
#41768
түріДерексіз

Зат есім

Дайындаған: Түлкібаева П. Қ.

тексерген: Абдрахманова ж. М.

Зат есім

  • Мысалы: аштық, жақсылық, жамандық, оқу, көсеу, оймақ, ойыншылдық, күлкішілдік, астық, т.б.

Зат есім

  • «зат есім – нəрселердің атын көрсететін сөздер. Нəрсе деп не түрлі де болса бір заттарды айтамыз»
  • Семантикалық сипатына қарай деректі, дерексіз, жалпы, жалқы есімдерге бөледі

А. Байтұрсынов

  • Деректі жəне дерексіз зат есімдерді «зат тегінде екі түрлі. Біреулері – көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіс келетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар. Екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылымен ғана білетін дерексіз заттар» деп сипаттап, оларды мағыналық топтарға ажыратудағы басты ерекшелікті адамның көру, сезу мүшелерімен, таным-түйсігімен байланыстырады.
  • Ал жалқы жəне жалпы зат есімдерді «біреулері нəрсенің дербес өз басына ғана қойылған, екіншілері нəрсенің біріне емес, барлық табына қойылған» деп ажыратады.

А. Байтұрсынов

  • Тағы бір назар аударатын пікір: ғалым адамзат жəне ғаламзат есімдерін зат есімдердің дербес мағыналық тобы ретінде бөліп көрсетпесе де, оларды «Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы» деген анықтамамен сипаттайды.

Ахмедей Ысқақов

  • Нақтылық-абстрактілік, жалпылық-жалқылық, даралық-жинақтылық, жекелік-топтық, адамзат-ғаламзат, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдер

Нұржамал Оралбай

  • Адамзат-ғаламзат, жалпы-жалқы, деректі-дерексіз, дара-жинақтық, түрлі реңк мәнді зат есімдер

Зат есімдер

  • Адамзат және ғаламзат
  • Деректі және дерексіз
  • Жалқы және жалпы
  • Дара және жинақтық мәнді
  • Реңдік мәнді
  • Эмоция-экспрессивті реңі бар
  • Көптік мәнді

Мағыналық топтары

  • Адамзат, ғаламзат – кімдік, нелік, персондық, бейперсондық
  • Адамзат есімдері: жалпы адам, оның мамандығы мен кəсібі, туыстық қатынасы, əр алуан лауазым, қызмет жəне т.б.
  • Ғаламзат есімдері - адамнан тыс барлық заттар мен құбылыстарға, жан-жануарларға қатысты ұғымды білдіретін атаулар тобы

Мағыналық топтары

  • Жалқы есімдер жеке адам, дүниедегі жеке я дара заттар мен құбылыс атауларын, жалпы есімдер бір-біріне ұқсас, деректі жəне дерексіз ұғым атауларын қамтиды.
  • Мысалы: Жүзім, Алма, Шырын, Қуаныш, Бақыт;
  • астаналық, қарағандылық, ресейлік.

Мағыналық топтары

  • Деректі жəне дерексіз есімдердің мағыналық топ ретіндегі ерекшеліктері: деректі зат есімдер көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін, дəмін, түр-түсін көзге елестетуге болатын нақты зат атауларын сипаттаса, дерексіз зат есімдер, керісінше, көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын, тек ойлау, топшылау арқылы танылатын жалпы зат атауларын сипаттайды.

Мағыналық түрлері

  • Дара зат есімдер: кітап, орындық, қағаз, жүзім, қауын, т.б.
  • Жинақтық мағыналы зат есімдер: жеміс, ағаш, жəндік, құс, т.б.
  • Дара жəне жинақтық зат есімдердің арасындағы мұндай айырмашылық олардың тек-түрлік қатынасына негіз болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет