Тапсырма: Дәрісті қысқартпай жазып, оқып дайындалыңдар



бет1/3
Дата27.04.2023
өлшемі24,49 Kb.
#87580
  1   2   3

Күні: 19.04.2023ж.
Тақырыбы: Сан есім және мағыналық түрлері.
Тапсырма: Дәрісті қысқартпай жазып, оқып дайындалыңдар.
Сұрақтар:



  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есімнің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Сан есімнің сұрақтары?

  4. Сан есім қалай топтасады?

  5. Сан есімнің топтасуына мысалдар келтіріңіз.



Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді.
Сан есім және сан есімнің мағыналық түрлері.
Сан есімдер заттың санын анықтау дәрежесіне қарай, мағыналық жағынан есептік, реттік, жинақтық, топтау, бөлшектік, болжалдық болып бөлінеді.
Есептік сан есім
Есептік сан есім заттың нақты, дәл санын білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі деп бөлінеді, басқа сан есімдердің жасалуына негіз болады. Мысалы: үш мың төрт жуз елу алты оқулық, он көше, отыз екі қала т.б.
Реттік сан есім
Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, заттардың сандық ретін білдіреді. Күрделі сан есімдерде -ыншы, -інші, -ншы, -нші қосымшасы соңғы санға жалғанады. Мысалы: Гүлжан жуз он төртінші пойызбен келді.
Реттік сан есімдердің ерекшеліктері
Реттік сан есімдер сөйлемде цифрмен де беріледі.
Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары орнына дефис (-) қойылады: 20-бет, 5-тарау, 6-бөлім т.б.
Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: ХХ ғасыр, V тарау, VІ бөлім т.б.
Реттік сан есім жыл, ай аттарын көрсетсе, сан есімдерден кейін тыныс белгісі қойылмайды: 1970 жыл, 18 қыркүйек т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет