Зейіннің қандай қасиеттерінің Сіз үшін кәсіби маңызы зор



Дата21.09.2023
өлшемі35,62 Kb.
#109381
Байланысты:
Зейін тапсырмалары психология


Зейіннің қандай қасиеттерінің Сіз үшін кәсіби маңызы зор
1 Тапсырма: «Аяқталмаған сөйлем»


  1. Менің ойымша, педагогикалық қызметтегі зейіннің ең маңызды қасиеті-.., Себебі баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады. К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», — деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.

2 Тапсырма: сипаттамасына қарай оқушылардың зейін қасиетін анықтаңыз

■ Мұрат өте зейінді бала. Ол кітап оқып, немесе музыка тыңдаған кезде оған бөгде біреудің бөлмеге келуі,сөйлеген сөзі, телефон қоңырауы ешбір әсер етпейді .

■ Қанат мұғалімнің сабақ түсіндіргенін тыңдай отырып, сыныпта болып жатқанның бәрін көріп-біліп отырады

■ Аслан түрткісіз қараңғыда келе жатып, электр шамы жарқ етіп жанып, қайта өшкенде жол жиегінде тұрған ер адамның бейнесін ғана емес, қолындағы мылтығын да, жанында тұрған итін де, тіпті бас киіміндегі жұлдызды да байқап қалыпты.

Мұратта зейіннің тұрақтылық қасиеті.


Қанатта зейіннің бөлінуі қасиеті.
Асланда зейіннің көлемі қасиеті.

3 тапсырма

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін дамытуға арналған ойын-жаттығуларды іріктеп жазыңыз (5-тен кем

емес)


Мысалы:

Ойын атауы: «Алақан шапалақтау»

Мақсаты: Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.

Нұсқау: «Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»



  1. «Рұқсат етілмейтін қимыл»

Мақсаты:баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту;

Нұсқау: «Балалар қане, бәріміз түзу тұрып, маған назар аударыныздар.Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып, менің артымнан қайталап отырыңыздар.Бірак, қолынызды төмен МЫНА шартты ұмытпаңыздар: түсіруге болмайды.Мен колымды төмен түсіргенде сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса, сол ойыннан шығады.»

2 «Көзбен сана»

Мақсаты: Белсенді зейінді, оның шоғырлануын қалыптастыру.

Нұсқау: «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал, енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы Қосу танбасы мен дөңгелектерді көзбен санап шық. Жанына жауабын жаз. Алдымен дөнгелектін санын, содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз.» Бұл жаттығуды тез есептеу арқылы бірнеше баланы жалғастыруға болады.

3«Аралас әнгіме»

Мақсаты:Қасындағы адамның айтқанына назар аударып оған зейінін аудара білуге дағдыландыру.

Өткізу әдісі:Балалларға берілген тақырыпта әңгіме құрастыру жөнінде тапсырма беріледі. Ол үшін оқушы сол тақырыпқа тағы бір сөйлем жазып үшінші оқушыға жалғастырады. Бәрі жазып болғаннан кейін әрқайсысы өз сөйлемін оқиды.Сонда барлығынан аралас әңгіме шығады.

4«Не өзгерді?»

Мақсаты:Баланың ырықты зейінін дамыту.

Өткізу әдісі:Үстелге үш - төрт ойыншық қойылады.(ойын барысында ойыншык санын көбейтуге болады.) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1-2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң, баланы бері қаратып,үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.

5«Айырмашылығын тап»

Мақсаты:Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Нұсқау:«Әріптерді мұқият қарап, олардың бір - бірімен ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар және бұл жұмыста жылдам әрі дұрыс істеуге тырысыңыздар».
1. АИНП
2. ГТПН—
3. РЬФ
4. КНИ
5. ВБФР
6. ОЮС
7. ЕШЩ
8. ХУКЖ
9. МНП

4 тапсырма



1895 жылы француз психологі Б.Бурдон ұсынған зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығы деңгейін анықтауға арналған «Корректурная проба» атты диагностикалық әдістемесін зерттеп, мектеп жасына дейінгі (4-5 жас) және мектеп жасындағы (7-14жас) балаларға қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.

3-5 жастағы балалардың зейінін дамытуға арналған түзету тесті Түзету сынағы зейіннің, тұрақтылықтың, шоғырланудың, ауысудың, таралуының, көлемінің барлық қасиеттерін жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ балалардың есте сақтау қабілетін, табандылығын, өзін-өзі бақылауды жаттықтырады.
Корректурная проба – бала кейбір материалды (әріптер, белгілер, пішіндер, суреттер) табуы, атап өтуі, түзетуі қажет тапсырма түрі.

Нәтижелерді интерпретациялау: 3-5 жастағы балалар үшін зейін көлемі 400 таңба немесе одан да көп, зейіннің шоғырлануы 10 қате немесе одан аз болуы керек; 7-14 жастағы балалар үшін зейін көлемі – 600 таңбаға тең және одан да көп, зейіннің шоғырлануы – 5 қате немесе одан аз болуы керек; ересек адам үшін дыбыс көлемі 850 таңба және одан көп, концентрациясы 5 қате немесе одан аз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет