Зертханалық жұмыс №6 Модуль Ерітінділер. Электрохимиялық үрдістер Тақырып 3: Тотығу-тотықсыздану реакциялары


Тәжірибе 3. Электродтардағы иондар разрядының реттілігі



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата30.03.2022
өлшемі276,41 Kb.
#29221
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тәжірибе 3. Электродтардағы иондар разрядының реттілігі   

 

Кішкене стаканға 2  мл  5%-ды мырыш сульфаты  ерітіндісін  және 2  мл 5 

%-ды  мыс  хлориді  ерітіндісін  құйыңыз.  Қоспаны  шыны  таяқшамен 

араластырыңыз.  Алынған  ерітіндімен  электролизерді  толтырыңыз,  көмір 

электродын салып, тұрақты ток көзіне жалғаңыз. 

Хлор  иісінің  шығуына  байланысты  приборды  өшіріңіз.  Катодта  мыстың 

бөлінуін  бақылаңыз.  Электродты  реакциялардың  теңдеуін  құрыңыз.  Неге 

бірінші  мыс  бөлінетінін  стандартты  электродты  потенциалдар  кестесін 

пайдаланып түсіндіріңіз. Неге анодтан хлор бөлінеді? 

 

Өз бетімен орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 

1 Электролиз деген не? 

2 Қандай электродтар еритін және ерімейтін деп аталады? 

3  Электролиз кезінде судың маңызы  қандай?  Қандай  жағдайда  су  молекуласы 

тотығады және тотықсызданады? 

4  Электролиттердің  сулы  ерітінділерінің  электролизі  олардың  құймаларының 

электролизінен қалай ажыратылады? Мысал келтіріңіз. 

5  Электролиз  процесі  кезінде  электролит  иондарының  қозғалу  бағыты  неге 

негізделген? Сыртқы ток қандай қызмет атқарады? 

6  Графит  электродын  пайдаланып,  төменде  берілген  заттардың  электролиз 

сызбанұсқасын, катодта және анодта жүріп жатқан процестің реакция теңдеуін 

құрыңыз: NiCl2; Ca(NO3)2;    NaNO3; FeSO4; H2SO4; NaOH. 

 

 



 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет