Принципі: әдіс әр түрлі субстраттардың амилаза және сахараза әсерінен гидролизін салыстыруға негізделген.
Анықтау әдісі:жұмыс істер алдында амилаза ферменті бар сілекейді 5 есе сұйылту және сахараза ерітіндісін дайындау қажет. Сахараза көп мөлшерде ашытқыда кездеседі. Ол онда клетка элементтерімен байланыста болғандықтан, оны жасушаны бұзғаннан кейін ғана бөліп алуға болады. Сондықтан сахаразасы бар экстракт дайындау үшін шамамен 10 г құрғақ ашытқы аз ғана әйнек құммен фарфор келісінде ұнтақталып, бірте-бірте 50 мл дистилденген су құйылады. Алынған сығындыны қатталған фильтр арқылы өткізіп, алынған сұйықтықты сахараза ерітіндісі ретінде қолданады.
Амилаза және сахараза ферменттерінің субстраттық арнайылығын дәлелдеу үшін төмендегі кестеде көрсетілген мөлшерде реактивтерді төрт пробиркаға құйып араластырып, 5 минутқа 400С температураға термостатқа қояды. Пробиркаларды термостаттан алғаннан кейін суытады. Одан кейін №1 және №2 пробиркаларға Люголь реактивін тамызады (крахмалға реакция), ал №3 және №4 пробиркаларға глюкозаны ашу үшін Фелинг реакциясын жасайды.
Жаттығулар: БТ тізбегінде флавинферменттердің тотығуы кезінде шамамен 19 кДж энергия бөлінеді. Тотығудан фосфорлану реакциясы жүруі мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Тыныс алу комплекстердің құрамына кірмейтін ферменттерді атаңыз, олардың маңызын түсіндіріңіз.
Цх а-дан Цх b-ға электрондар тасмалдануы мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Пиридинферменттер флавинферменттерді тотықтыруы мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Оттек жоқ жағдайда ҮКЦ жұмыс жасау мүмкін бе? Неге? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
α-Кетоглутар қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияның маңызы.