Зертханалық жұмыс №9 «Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау»



бет1/2
Дата08.06.2023
өлшемі65,48 Kb.
#99634
  1   2

Қазақстан Республикасының Оқу –ағарту министрлігі


«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі
Мамандығы: 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға
техникалық қызмет көрсету, жөндеу және
пайдалану

Физика
Пәні бойынша

Зертханалық жұмыс №9
«Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау»









Жетекшiсi:







______ Бейсембаева Л.Ж.
қолы







ГМ-11тобының оқушысы







______ Мұрат Айтжан
қолы







______________________


бағасы

Сәтбаев,2023


Зертханалық жұмыс №9 «Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау»


ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: спектроскоптың көмегімен сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау.


КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: спектроскоп, электр шам, реостат, кілт, ток көзі, мыс купоросы мен калий перманганатының ерітінділері. Түрлі-түсті шынылар.


Қысқаша теория:
Барлық спектрлерді бір-бірінен тіпті өзгеше үш түрге бөлуге болады.
Үздіксіз спектрлер. Күн сәулесінің немесе доғалық фонарьдың спектрі үздіксіз болып табылады. Бұл – спектрде барлық толқын ұзындықтары бар деген сөз. Спектрде үзік жоқ және спектрографтың экранынан әр түрлі тұтас жолақты көруге болады.
Үздіксіз немесе тұтас спектрлерді тек қатты немесе сұйық күйдегі денелер, сондай-ақ қатты сығылған газдар береді. Үздіксіз спектр шығарып алу үшін денені жоғары температураға дейін қыздыру керек.
Сызықтық спектрлер. Олардың әрқайсысы – жалпақ қоңырқай жолақтармен бөлінген, жарықтылығы түрліше түсті сызықтардың жолақтары. Мұндай спектрлер сызықтық спектрлер деп аталады. Сызықтық спектрдің бар болуы – заттың тек әбден белгілі бір ұзындықтағы толқындар (дәлірек, белгілі өте жіңішке спектрлік интервалдарда) шығаратынының айғағы.
Сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық (бірақ молекулалық емес) барлық заттар береді. Бұл жағдайда іс жүзінде бірімен-бірі өзара әсерлесетін атомдар жарық шығарады. Бұл – спектрлердің ең іргелі, негізгі түрі.
Дараланған атомдар қатаң белгілі ұзындықтығы толқын шығарады.
Жолақ спектрлер. Жолақ спектр өзара қоныр аралықтармен бөлінген жеке жолақтардан тұрады. Өте жақсы спектрлік аппараттардың жәрдемімен әрбір жолақтың өте тығыз орналасқан көп сызықтардың жиынтығы екенін байқауға болады. Сызықтық спектрлерді атомдар беретін болса, жолақ спектрлерді бір-бірімен байланыспаған немесе нашар байланысқан молекулалар туғызады.
Молекулалық спектрлерді бақылау үшін де, сызықтық спектрлерді бақылағандай, әдетте жалындағы будың жарқылы немесе газ разрядының жарқылы пайдаланылады.
Жұтылу спектрлері. Егер ақ жарықты суық, сәуле шығармайтын газ арқылы жіберсек, жарық көзінің үздіксіз спектрінің бетінде қара сызықтар пайда болады . Газ өзінің қатты қызған күйінде шығаратын толқын ұзындықтарына сәйкес жарықты әсіресе интенсивті жұтады. Үздіксіз спектрдің реңкіңдегі қоңыртқай сызықтар – жұтылу сызықтары, олардың жиынтығы жұтылу спектрлерін түзеді. Үздіксіз, сызықтық және жолақ шығару спектрлері және сонша түрлі жұтылу спектрлері бар болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет