Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы
№ 1 жұмыс
Тақырыбы: Кәдімгі амебаның және қабыршақты амебалардың құрлысы.
Систематикалық орны Бір клеткалы жануарлар - Protozoa
Тип Саркомастигофоралар – Sarcomastigophora
Класс Жалған аяқтылар - Sarcodina
Класс тармағы Тамыр аяқтылар - Rhizopoda
Отряд Амебалар - Amoebina
Өкілі Кәдімгі амеба – Amoeba proteus
Отряд Қабыршақты амебалар - Testacea
Өкілдері: Арцелла sp. , Диффлюгия
Отряд фораминифералар - Poraminifera
Өкілдері: Бір және көп камералы фораминифералар.
Мақсаты:Кәдімгі амебаны мысалға ала отырып, құрылысы қарапайым жалған аяқтылар класына тән ерекшеліктерді анықтау.
Тапсырма: Амебаның дене пішінімен танысып, қозғалысын бақылау. Цитоплазманың жіктелуіне назар аудару. Жиырылғыш және асқорыту вакуольдерінің пайда болуын бақылау. Эктоплазманы және эндоплазманы салыстырып. Олардың бір- бірінен айырмашылықтарын анықтаңдар. Қабыршақты құрылысымен танысу. Фораминифералардың жәй және күрделі қабыршақтарын микроскоппен қарау.
Жабдықтар:Таблицалар: қарапайымдардың систематикасы, амебаның құрлысы, дизентерия амебасының даму циклінің схемасы. Лабораторияда өсірілген амебалар.заттық және жабын әйнектер, пипеткалар. Амебаның тұрақты препараты. Қабыршақты амебалардың тұрақты препараттары.
Жұмыстың барысы: Уақытша препарат жасап, амебаны тауып, оны микроскоптың әр түрлі ұлғайтқыштарымен қарау. Амебаның қозғалуын, қоректенуін бақылау. Ядросын боялған тұрақты препараттан табу: Экто- және эндоплазманы ажыратып, оларды салыстырыңдар. Көпіршік тәрізді асқорытувакуольдерін және жиырылғыш вакуольдерін табыңдар. Амебаның суретін сызып, онда эктоплазманы, эндоплазманы, жалған аяқтарды, ядроны, асқорыту және жиырылғыш вакуольдерін көрсетіңдер.
Дизентерия амебасының даму циклімен таблица арқылы танысыңдар.
Қабыршақты амебалардың құрлысымен танысып, арцелланың және диффлюгияның схемалық суретін сызыңдар.