Зерттеген кезеңдер Педагогиканы зерттеген ғалымдар



бет3/4
Дата12.10.2022
өлшемі37,54 Kb.
#42514
1   2   3   4
Джон Локк - ағылшын философы, әрі ағартушысы



“Тәрбие туралы ойлар”. Тәрбие теориясына басты назар аударды. Тәрбие мақсаты - білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеу. Баланы «таза тақтаға» теңеді; бала – не жазғың келсе соны жазуға болатын «ақ тақта» сияқты тап-таза. Қоғамға пайдалы білім алатын, дене және рухани жағынан тұтас адамды дамыту қажет; Ізеттілік – ұзақ уақыт бойында адамда ләззатқа батырады, қайғы-мұңды азайтады.
Локк бойынша тәрбие идеалы – джентльмен – жоғары білімді және іскер адам. Джентльменді тәрбиелеу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады және оның өзіне тән құрылымдық ерекшеліктері де бар: дене тәрбиесі – міне бен ерікті дамытады; адамгершілік тәрбиесі - жақсы қылықтарды қалыптастырады; еңбек тәрбиесі; оқуға, білім алуға деген қызығушылық.

8. 1712-1776 жж

Жан Жак Руссо – швейцар педагогы



«Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762ж.). Тәрбие баланың толықтай жетілуіне бөгет болмауы тиіс, сондықтан да балалардың қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес толықтай еркіндік берген дұрыс. «Бала білімді сіз арқылы емес, өзі арқылы меңгерсін, ол ғылымды жаттап алмасын, оны өзі ойлап тапсын» - дейді. Барлығын бірдей бірдеңеге үйретудің қажеті жоқ, нақты адамды не қызықтырады, оның бейімділігіне не сәйкес келеді, соған сәйкес оқыту қажет, сонда оқушы даму мен білім алуда белсенділік танытады

9. 1746-1827жж

Г.И. Песталоцци -Швейцарияның даңқты педагогы

«Лингард және Гертруда» еңбегі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген;
Адамдардың қарапайым білімін үш бөлікке бөлді:
1. Қарапайым интеллектуалды білім. Оның мақсаты – адамның ақыл-ой қасиеттерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту;
2. Қарапайым тән білімі. Оның мақсаты – адамның дене қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, бұл қасиеттер оған сабырлық пен өз бетінше дене әрекетін береді. Дененің жақсы дағдыларын шыңдай түседі.
3. Қарапайым адамгершілік тәрбие. Оның мақсаты – адамның жан-жақты және үйлесімді адамгершілік қасиеттерін дамыту.

10. 1776-1841 жж

И.Ф. Гербарт - неміс философы, психологы, педагогы. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушылардың бірі

«Педагогикадан лекция очеркі» еңбегі. Балалардағы «жабайы пасықтықты» басу керек, ол үшін оларды жазалау және олардың мінез-құлқын бақылай отырып, қылықтарын ерекше журналға (кондуит) жазып отыру қажет:
1. Адамның бұрынғы тәжірибелері туралы елестердің жаңа әсерлермен бірігуі қабылдаудың дұрыстығын және беріктігін және жаңаны меңгеруді анықтайды;
2. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеу, қалыптасқан тәртіпті сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеу;
3. Тәрбие процесінің үш саласы: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбиесі;
4. Оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясы: баланың жан-дүниесінде бар елестерді өзгерте отырып, баланың мінез-құлқына, жан-жақты қызығушылықтың дамуына әсер етуге болады;
5. Адамгершілікке тәрбиелеу идеясы: ішкі еркіндік, кемеліне жету, ізгілік, құқық, әділеттілік.



11. 1790-1866 жж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет