Зерттеген кезеңдер Педагогиканы зерттеген ғалымдар



бет1/4
Дата12.10.2022
өлшемі37,54 Kb.
#42514
  1   2   3   4

Зерттеген кезеңдер

Педагогиканы зерттеген ғалымдар

Еңбектері, негізгі идеялары

1. б.э.д. 460-370ж

Демокрит – философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы



Жеке тұлға дамуның материалистік тұжырымдамасын ұсынды;
Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді;
Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында екендігін айтқан.

2. б.з.д. 469-399ж



Сократ - философ-идеалист

Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек;
Ол сұрақ-жауаптық оқу әдісін(сократтық әдіс) ойлап тапқан. Сократтық әдістің мәні – оның сұрақтарының ретті қойылуында, оған жауап бере отырып білім алушы белгілі бір шынайы қорытынды жасаған.

3. б.э.д. 427-347ж

Платон философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын өзінің Академа деген меншік жерінде өткізеді, осыдан академия деп аталатын ЖОО атауы шыққан.

«Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген;
Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;
Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет;
Платон балаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды.



4. б.з.д 384-322ж

Аристотель-гуманитарлық,жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі-лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.

Логика, метафизика және жаратылыстану, этика және саясат, поэтика және риторика;
Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту;
Баланың табиғатына сәйкес адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;
Шығармашылықтың бастапқы нүктесі ретінде адамның белсенділігін, өз бетінше әрекеті мен икемділігін атап өткен;
Балаларды дамуына қарай жас кезеңдеріне бөлуді алғаш ұсынған:

  • туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең;

  • 7 жастан 14 жасқа дейін;

  • 14 жастан 21 жасқа дейін.

5. б.з.д.35-96жж



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет