Зерттеу жұмысы: Жұмысқа байланысты есептерді шығару жолдары



Дата23.01.2023
өлшемі1,44 Mb.
#62374

Зерттеу жұмысы: Жұмысқа байланысты есептерді шығару жолдары


Орындаған: Серікқызы Аида
Тобы: МИ-41
Зерттеудің мақсаты:
мектеп математика курсының жұмысқа байланысты мәтіндік есептерін қарастыру және оларды шешудің арифметикалық, алгебралық, геометриялық, пропорциялық, теңдеу жүйелері, крест әдістерін қолдану;
Зерттеу міндеттері:
жұмысқа байланысты мәтіндік есептерін шешуге арналған білімді жалпылау, тереңдету және жүйелеу, тақырып бойынша әдебиеттерді таңдау.

№1

№1

Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді.

Шешуі: 1) Барлық жұмысты 1-ге тең деп алайық.

2) Барлық астықты бірінші машина х күнде, ал екіншісі у күнде, х,у>0 басып бітіретін болсын.


Сонда мынадай теңдеулер жүйесі шығады:
Демек барлық астықты бірінші машина 12 күнде, ал екіншісі 6 күнде басып бітірген.
Жауабы: 12 күн, 6 күн

Екі айнымалысы бар сызықты теңдеулер жүйесін құру арқылы шығару


№2
Егістік жерді жеке жыртып шығу үшін бірінші тракторға екіншісіне қарағанда 1 күнге кем уақыт керек. Осы екі трактор егістік жерді 2 күн бірігіп жыртты, ал сосын егістік жердің қалған бөлігін екінші трактордың жеке өзі 0,5 күнде жыртып шықты. Жеке-жеке жұмыс істесе, тракторлардың әрқайсысы егістік жерді қанша уақытта жыртып бітіре алады?
Шешуі: Бірінші трактор егістік жерді х күнде, ал екінші трактор у күнде жыртып бітірсін. Сонда есептің шартына байланысты мынадай теңдеулер жүйесі шығады.
бұдан
Демек, егістік жерді бірінші трактор 4 күнде, ал екінші трактор 5 күнде жыртып бітіреді.
Жауабы: 4 күн, 5 күн
Жұмысқа жоспар бойыша трактор бригадасы жерді 14-күнде жыртады.Бригада күніне белгіленген 5 га жерді артық жыртып, 12 күнде бітірді. Неше га жер жыртылды?
Шешуі: Бригаданың еңбек өнімділігін кесте бойынша х (га/күн); х0 деп белгілейік.
Теңдеу құру тәсілі
Теңдеу құрып, шешеміз:
14х=12(х+5)
2х=60;
х=30.
Жоспар бойынша еңбек өнімділігі 30 га/күн , сонда өңделген жердің ауданы 30 14=420 га.
Жауабы: 420 га.
№2. Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады.Бірінші бригада бір күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан бір күн кем жұмыс істеді.Екі бригада бірлесе отырып, бір күнде қанша орындық жасады?
Шешуі: 2-ші бригаданың еңбек өнімділігін х (ор/күн), 1-ші бригаданікі –(х+2);х0.
Теңдеу құрып, шешеміз:
66:х-65:(х+2)=1
х2+х-132=0
х1=-12 қанағат-майды.
х2=11
2-ші бригаданың еңбек өнімділігі 11 ор/күн.
1-ші бригаданікі-13 ор/күн.
Жауабында екеуінің қосындысынын көрсетеміз.
Жауабы: 24 орындық.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет