Зерттеу жұмысының міндеттері



Дата10.06.2022
өлшемі29,49 Kb.
#36669
түріСабақ
Байланысты:
әліппе кезендері


Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күнде әртүрлі ғылымдардың өзара тоғысуы, бір-бірімен ықпалдасуы оң нәтиже беруде. Осыған орай, курстық жұмыста сауат ашу мен әліппе арасындағы кезеңдерді зерделей түстім. Жұмыста жас жеткіншек балалардың әліппені және сауат ашу пәнің оқу үрдісі жайлы тоқталып көрсетілген. Өзектілігі болып, жұмыстың тәжірибелік сабақта қолданылатын жас жеткіншектің ойлау қабілетін көтере отырып дамыту және үйрету болып саналады. Қазақ тіліндегі мәтіндерге математикалық әдістер арқылы қазақ дыбыстарының тілімізде қолданылу жиілігін,оның сандық және сапалық ерекшеліктерін,тілдік заңдылықтарын айқындау,анықтау,осы арқылы сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда жаңа жүйе жасау қажеттігі туындады. Сондықтан мектеп есігін жаңа ашқан балаларды тез және сапалы сауаттандырып,дыбыстардың дұрыс айтылу,жазылу заңдылықтарын оқушыларға тез үйрету олдарын іздестіру,оны зерттеу алға шықты.


Әліппе мен сауат ашудың негізгі саласы. Әліппе - баланы алғаш рет оқуға ,жазуға үйретудегі ғылым.
Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын,әріп танымайтын баланың сауатын ашу жұмыстарын жетілдіру,оны ойдағыдай іске асыру оңай шаруа емес екені белгілі. Оны лингвостатистикалық әдістер арқылы анықтауға тура келді.
Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды тіліміздегі дыбыстардың қолданылу жиілігіне, өзіндік ерекшеліктеріне,табиғи заңдылықтарына негіздеп жүргізу тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің мақсаты. Жас жеткінішектердің әліппе мен сауат ашу кезеңдерің салыстыра отырып тәжірибелік сабақ құрастыру және зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
1. Сауат ашу жүйесінің әліппе кезеңіне қатысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді шолу арқылы сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдірудің теориялық негізгі бағыттарын айқындау.
2. Әліппе оқулығына талдау жасау.
3.Дыбыстар мен әріптерді жаңа жүйе бойынша үйрету үшін сауат ашудың әліппе кезеңінде оқылатын дыбыстарды сұрыптау принциптерін анықтау.
4. Сауат ашудың әліппе кезеңінде оқылатын дыбыстарды сұрыптау оларды оқытудың жаңа жүйесін жасау.
5. Сауат ашудың әліппе кезеңін жаңа жүйеде оқытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау.
6. Сауат ашудың әліппе кезеін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, практикалық сабақтан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден.
1 Әліппе кезеңінде болатын тапсырмаларды үйрету сабақ жүйесі
Оқу сабағы:
1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме.
2. Әңгіме барысында қолданылатын сөйлемдерлің ішінен үйретілгелі ортыған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.
3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу;осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.
4. Сол әріптің түрін көрсету,оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету,басқа әріптердің ішінен табу.
5. Кеспе әліппеден сөз құрастыру және оны оқу.
6.Бір буыннан немесе әрпін ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау;буынның немесе сөздің басына,соңына әріптер қосып,жаңа сөз жасау,оларды оқу.
Жазу сабағы:
- Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуы) тексеріледі.
- Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.
- Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.
- Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады. Оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады. Сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.
- Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды оқиды.
- Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
- Суретпен немесе пластилинмен жұмыс.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген әріптерді қайталау, қиындау буындардан құрастырылған сөздерді оқу, кеспе әліппеден сөз құрастыру және оларды оқу жұмыстары басым болып табылады. Сонымен қатар әріптері, буындары ұқсас жұп сөздер мен буындарды салыстырып оқу, жазу жұмыстары да молынан жүргізіледі.
1.1 Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері
Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы қысқаша кіріспе әңгіме жүргізіледі.
Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.
Әр болім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнін-де әңгіме болғанын қысқаша, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса сұраулар қояды.
Әңгіме мәнерлеп қайта оқылады.
Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушылар-ға анықтатылады.
Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы: мәтіннен та-биғатты суреттеген жерлерін тауып оқыңдар немесе ко-ңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар, т.б.)
Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.
Мәтін оқу дағдысы нашар оқитын оқушыларға оқытылады.
Өлең оқыту сабағы
Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме.
Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады.
Өлеңнің шумақтары бөлініп, әр бөлігі әр балаға оқытылады. Мұнда баланың бір жол оқыса да мәнерлеп, анық оқуына баса назар аударған жөн.
Өлеңді мәнерлеп іштен оқытады.
Өлең мәтінін тұтас, мәнерлеп, дауыстапоқиды, онда кездесетін кейбір сөздердің мағынасы анықталады, егер мүмкіндік болса жаттатылады.
Жазу сабағы
Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою, т.б.).
Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қайталайды.
Сөйлем сөзге, буынға, дыбысңа талданады.
Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды .
Оқушылар сөйлемді дәптерлеріне жазады.
Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен салыстырып, тексереді.
Осылайша 2-ші, 3-ші сөйлемдер жазылады.
Оқушылар жазған үш сөйлемін тұтас оқиды.
Оқылған әңгіме бойынша жазу сабағы
Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру.
Мұғалімнің тақтаға жазғанын оқушылар оқып шығады (2-3 сөйлем).
Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады.
Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.
Мәтінді дәптерлеріне көшіреді, көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.
Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен салыстырып тексереді.
Сауат ашу сабақтарында сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылды. Сабақтағы сөйлеу мәдениетінің талаптары мұлтіксіз орындалып отыруға тиіс. Мұғалімнің сөзі мазмұнды, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болуы керек. Өйткені, оқушы сөйлеуді мұғалімнен үйренеді. Оқушыға сөйлеу ортасының да өсері мол. Сондықтан қабырғаға ілінген, тақтаға жазылған жазулар мен көрнекі құралдар - мазмұнды, сауатты әрі көркем болу керек
Оқушылардың тілін дамыту мақсатында өткізілген сабақтарда олардың үйренген, меңгерген сөздерін үнемі қайталап, еске түсіріп, сол сөздерді кірістіріп, ауызша да жазбаша да сөйлем құратып жаттықтыру тиімді. Сонымен бірге бұл кезеңде тіл дамыту жұмысы оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеуін жаңа сапаға көтеру арқылы жалғастырылып, олардың жазба тілінің негіздерін қалау міндеті жүзеге асырыла бастайды. Сөз тіркесі және сөйлем туралы ұғымдар да осы кезеңде меңгертіледі.
Дауыс ырғағын, сөйлеу қарқынын тәрбиелеуге байланысты жұмыстар да ұмыт қалмайды [2, 15-25 беттер].
Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту жұмыстарында оқушылардың байланыстырып сөйлеуі қайтадан бірінші кезекке шығарылады.
Бұл кезеңдегі тіл дамыту -оқушылардың байланыстырып сөйлеуге бағытталған жұмыстар сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлде өзгеше. Оқушылардың сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, ойларын жүйелі баяндау тәсілдерін меңгерту көзделеді.
Ең бастысы - олардың жазба тілінің негіздері қаланып, өз ойларын баяу болса да баяндап жазу машықтарына жаттығады.
1.2 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
Әліппеге дейінгі кезең
Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.
Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.
Сөздік қорларын анықтау.
Әліппе кезеңі
Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.
Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте -бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.
Әліппеден кейінгі кезең
Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру.
Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларының қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын анықтау үшін берілетін тапсырма түрлері
Ойыншықтар арқылы ауызша әңгімелесу.
Сурет бойынша әңгімелесу.
Оқушылардың сөздік қорын тексеру үшін берілетін тапсырма түрлері.
Заттардың дара және жалпы белгілерін анықтау.
Мағынасы қарама-қарсы (антоним) сөздерді қолдану деңгейі.
Мағыналары ұқсас (синоним) сөздердің қолдану деңгейі.
Дыбысталуы бірдей, беретін мағыналары әр басңа (омоним) сөздердің қолдану деңгейі.
Әліппе кезеңі аяқталған соң жүргізілетін тәжірибелік тексеру оқушылардың тек сөздік қорлары мен сөйлеу дағдыларының деңгейі өсіп қоймай, олардың оқу қарқынының, жазу тілінің, жалпы дүние танымының баңылау сыныбындағы құрдастарымен салыстырғанда елеулі түрде ілгерілегенін байқатады.Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысына берілетін тапсырма түрлері.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеу.
Тірек суреттер арқылы әңгімені мазмұндау
Бір тақырып төңірегіндегі тірек сөздері арқылы шығарма жазу.
"Ұйқасын тауып" ойнау.
Сөйлемдерді мәтін шығатындай етіп, ретімен жазу
6. Орны ауысңан сөздерден сөйлем құру.
Тиімді жүргізілетін сөздік жұмыстары да оқушыларды сауатты жағын үйретеді. Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Алайда, сөздік жұмыстар барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне, өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді.
Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды. Мұғалім оқушыларға таратылып берілген бірнеше сөздік карточкаларға әр түрлі заттың ұғымдарын білдіретін сөздерді бірнеше салаға топтап сұрыптау ретін түсіндіреді. Әр топтағы сөздерден сөйлем жасауын басшылық етеді.
Сондай-ақ оқушылардың өз бетінше белгілі сөз типтеріне жататын сөздерді табуына, (әліппе кезеңі аяқталған кезде) сөз тақырыбына арналған үлестірмелі карточкалардағы қалыпты тапсыпмалардан орындауға дағдыландырады. Сабақта карточкалардың мынадай түрлерін пайдалануға болады. Берілген тірек сөздерді таблицалардағы тиісті бағандарға орналастыру [4, 31-38 беттер].
Жаттығу үлгісі: Тірек сөздер: жылқы, аю, кесе, терек, қасық, ешкі, шырша, қозы, табақ, түлкі, арыстан, қайың т.б.
кесте 1 - жаттығуға үшін арналған
Аңдар
Үй жануарлары
Ыдыстар
Ағаштар
Жолбарыс
Түйе
Шәйнек
Қарағай
Оқушы үлгі-таблицадағыдай берілген тірек сөздерді тарқатып жазуға тиіс.
1. Таратпалы карточкалардың бұл түрі бойынша сөз типтерін үйретуге арналған логикалық жаттығуларды ауызша да, жазбаша да орындау тиімді. Жазбаша жұмыста таблицадағы көп нүктелердің орнына сол бағандағы қатысты тірек сөздер тапқызылып жаздырылады: ауызша жұмыстар тірек сөздер мағынасына қарай тиісті бағандарға бөлініп айтқызылады.
2. Таратпа карточкаларға көп нүктелердің орнына ойдан сөз таптарын жаздыру.
Жаттығу үлгісі: Құстар: қарға.
Жемістер: алма.
Көкөністер: сәбіз.
Бұл жаттығу бойынша сөздік жұмысын жүргізу (суреттегі тақырыпқа сай заттардың аттарын атау немесе сынып болып сұрау) - немесе әңгіме әдісі арқылы қажетті сөздерді айқындап алуға да болады.
Кіші жастағы мектеп оқушыларына сөз ұғымын үйрету сабақтарын жеке оқушылардың қабылдау дәрежесіне қарай дифференциядан өткізуі де қажет-ақ. Ондай мақсатқа сай мынадай жаттығуларды жүргізген тиімді.
3. Бір типтегі сөздерді одан төменгі топтарға тарату [7, 89-95 беттер].
Жаттығу үлгісі:
Тірек сөздер лақ, қозы, құлын, жабағы, бұзау, серке, тоқты, тай, бұқа, құнан, теке, құнажын, дөнен, дөнежін.
1. жылқы аттары: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. қой атаулары: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. ешкі атаулары: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. сиыр атаулары: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тапсырма: көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.
4. Қай жануар қандай дыбыс шығарады? деген сұраққа жауап бола алатын бастауыш - баяндауыштан құралған екі сөзді жалаң сөйлемдер құрастыруға үйрету де оқушылардың тілін дамытуға көмек етеді.
Жаттығу үлгісі:
Тірек сөздер: кісінейді, қорсылдайды, маңырайды, мөңірейді, шырылдайды, сайрайды, қарқылдайды, боздайды, мияулайды, бақылдайды, ысыллайды.
Тапсырма: мына дыбыстар қай жануардың дыбысы екенін ажыратып жазыңдар.
Үлгі: Жылан ысылдайды, т.б.
Жануарлардың төлдеуін, дүниеге ұрпақ келтіруін айттыру арқылы да бала тілін байытады.
Жаттығу үлгісі: Тірек сөздер: құлындады, қоздады, лақтады, күшіктеді, көжектеді, боталады, жұмыртқалады, бұзаулады.
Тапсырма: үй жануарларының төлдеуін қалай атайтынын ажыратыңдар.
Үлгі: Қоян көжектеді, т.б.
Қорыта айтқанда бірінші тарау бойынша мынадай қорытынды жасадық:
1. Бастауыш сыныпта жазу жұмыстарының мақсаты оқушыларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Балалардың жазу қимылдары автоматтанғаннан кейін сауатты жазуға үйрету міндеті басталады.
2. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте заңға айналдырады.
3. Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім жазуға берілетін материалды алдын-ала таңдайды. Дұрыс жазу үлгілерін тақтаға, дәптерге көрсетеді. Балалардың дәптерлерін күн сайын тексеріп, түзету жолдарын көрсетеді. Айына бір рет бақылау жұмысын жүргізеді.
4. Жазуға үйрету үшін мұғалім: сөздің мағынасын анықтайды; айтылуына, жазылуына, грамматикалық формасына көңіл аударады; жіберілген қатемен жұмыс жүргізеді; сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізеді; грамматикалық жаттығуларды сөздік - орфографиялық жаттығулармен алмастырып отырады.
5 Сауат ашу кезеңі орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский негізін қалаған дыбыстың талдау-жинақтау әдісімен жүргізеді. Бұл кезеңде талдау, жинақтау, бірінбірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болады [8, 71-81 беттер].
Талдау-жинақтауда мынадай жұмыстар жүргізіледі: кез-келген дыбыстарды сөз ішінен бөліп алу; дыбыстың артикуляциясын байқату; сөздің аяғындағы не басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу; айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру; т.б. үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіру; буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу; дыбыс алмастырып оқу.
Оқушылар бірінші сөздің үлгісімен екінші сөзді оңай оқиды. Мұны дайын үлгімен оқу жолы дейміз. Дайын үлгімен оқыту керек, бірақ үнемі бұл әдісті қолдануға болмайды. Балалар жаттап алып оқуға төселіп кетуі мүмкін.
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді.
1.3 Әліппеден кейінгі кезең және сауат ашу кезеңінің бастапқы кезеңдері
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушылардыекінші жарты жылдықта"Ана тілі" пәнін оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді.
Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл-ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады.
Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі - мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді. Әліппеден кейінгі кезеңде оқытудың мынандай міндеттері қарастырылады.
1. Буындап оқуды жетілдіре отырып, барлық оқушыны сөздерді тұтас оқуға төселдіру. Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланысты. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
2. Оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жою арқы-лы сынып білімін теңестіру; әрбір оқушының өздігінен оқып, жазуын қамтамасыз ету;
3. Оқу техникасын жетілдіру арқылы дұрыс оқу, саналы түрде түсініп оқу, мәнерлеп оқу, жылдам оқу машықтарын қалыптастыру. Оқушыларды сөйлемді және мәтінді оқуға үйрету жұмыстарының бәрі мағынасын түсініп оқу мақсатына бағытталады, осы жолда мәтінді мәнерлеп оқу тәсілінің маңызы зор [2, 91-99 беттер].
Бұл шара тыныс белгілеріне қарай кідіріс жасау, екпін мен интонацияны дұрыс қолдана білу дағдыларын меңгерту мақсатында жүргізіледі. Нүкте, сұрақ, леп белгілері не кідіріс жасауарқылы оқушы сөйлемдердің жігін айыра алатын болады.
Нүкте қойылған сөйлемнің аяғында дауыс күшінің бәсеңдейтіні, сүрақ белгісі бар сөйлемде сұрау мәні бар сөздердің көтеріңкі екпінмен айтылатыны, ал леп белгісі қойылған сөйлем ерекше сазды әуенмен оқытылатыны мүгалімнің өзі оқып, үлгі өнеге көрсету жолымен ретеледі.
Біршама көлемді, бірақ қызғылықты да түсінікті мәтіндерді: әңгіме, өлең, ертегілерді сыныпта және сыныптан тыс уақытта үнемі үзбей оқуға жаттықтыру.
Оқылған мәтін мазмұнын түсініп, мұғалімнің қойған сұрақтары мен мағыналық бөліктерге бөлген жоспар бойынша әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, өз сөзімен айтып беруге төселдіру.
Теріп оқу, рөлге еніп оқу, мәтінге, оның бөліктеріне ат қою, өлең жаттау жұмыстарына арнайы көңіл бөліп отыру.
Оқушылардың сауатты, көркем жазуын қалыптастыру; сөздегі әріптердің өзара жалғастық белгілерін меңгерте отырып, біркелкі үзбей жазуға дағдыландыру, шағын сөйлемді көшіру, есте сақтау арқылы жазуға төселдіру.
8. Мазмұнды суреттеу, оқылған мәтіндер және оқушылардың көрген-білгені, серуен, саяхат материалдары, т.б. бойынша шағын көлемді әңгіме жазуға жаттықтыру.
9. Жазылуы мен айтылуы әр түрлі сөздердің емлелік және пунктуациялық нормаларды сақтауға қалыптастыру.
Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударады.
Сауат ашу кезіңде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин, С.Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйқыбаевсекілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді [8, 58-63 беттер].
2 Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері үйретілуі және әліппеден айырмашылығы
Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас үрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады [5, 101-108 беттер].
Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
1. оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
2 . сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын тұрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;
3. баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
4 . үйге тапсырма берілмейді;
5 . апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады; Сауат ашу аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1.Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, оны айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудық каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;
7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.
Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.
"Әліппеге" дейінгі кезең де, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең де балалардың, тілін дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
"Әліппеге" дейінгі кезең де заттарды тегіне, тұріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстық ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Даярлық кезеңі-сөйлеммен танысу: сөйлеуді-сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге,-сөздерді буындарға,- буынды дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші әріптердіңэлементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңі нде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.
"Әліппені" оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып,таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру.
Мысалы: Бұл үй. Бұл үлкен үй. Бұл қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізілмейді, сабақтық барлық кезеңі нде жүргізіледі. Әліппені оқытқанда, кезінде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді [8, 101-108 беттер].
Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.
2.1 Сауат ашу кезеңінде қойылатын педагогикалық талаптар
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:
1.Мұғалітнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдырының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында - балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау.
Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан23 жеңіл болса, оны оқу да, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2. Көрнекілік. Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі - көрнекілік. Бұл - бастауыш мектептің тәжрибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс.
Бастауыш сыныптарда сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншыңтар, түрлі заттың үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.
Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану - мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3.Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.
Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.
4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі.
Мектепке балалар түрлі дайындыңпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысңан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады [9, 152-159 беттер].
Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері
"Әліппе" - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттың ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әроқушыны ізденіске жетелейді.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты -- пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға негізделеді. Осы орайда әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен ұлттық ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз жаңа болып табылады.

2.2 Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар
1. Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.
2. Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
3. Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.
4. Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстарымен, олардың 29 әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді.
Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі.
Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.
1. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ү, қ, Ы.
3. Е, К, I, Ө, И, 3, Ә, Ү, Г.
4. Я, Ю, X, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.
2.3 Сауат ашу кезеңінде үйренетін шеберліктер мен дағдылар
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: ... жалғасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет