Зерттеу күнделігі



Дата24.11.2023
өлшемі224,78 Kb.
#125318

Зерттеу күнделігі
№61 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Қасымбай Аянаның ғылыми-жоба жұмысы бойынша жасалынған жұмыстар жайлы мәліметтердің дербес күнделігі



Күні. Айы. Жылы.

Мазмұны

1

14.09.2021ж

Бір күні қолыма физикадан оқуға арналған кітап түсті. Оны парақтап отырып, үйде субұрқақ жасауға болатынын көрдім. Мені екі сұрақ қызықтырды: субұрқақ қалай жұмыс істейді және мен оны үйде үлкендердің көмегімен жасай аламын ба? Сәйкес Бұл тақырып сонымен қатар үйде сәндік субұрқақтар болуы танымал болғандықтан.Субұрқақтардың пайда болу орнымен және даму тарихымен танысқаннан кейін субұрқақтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципіне таныстым.

2

22.09.2021ж

Субұрқақтар үшін суасты және жер үсті сорғылары қолданылады. Суасты сорғыларыкәдімгі қарапайым субұрқақтар үшін қолданылады және белгілі бір биіктік айырмашылығы бар бірнеше субұрқақтар орнатылған жағдайда жер үсті сорғылары қажет екенін оқып білдім және Гулзада апайдан кеңес сұрап қанағаттанарлық жауап алдым.

3

06.10.2021ж

Герон фонтаны. Құрылғы бірінің үстіне бірі орналасқан және бір-бірімен байланысатын үш ыдыстан тұрады: төменгі екеуі жабық, ал үстіңгі ыдысқа су құйылатын ашық тостаған тәрізді, және де ортаңғы ыдысқа, тостағанның түбіндегі тесік арқылы. , содан кейін жабылады. Тостағанның түбінен дерлік ең төменгі ыдыстың түбіне дейін өтетін ашық түтік арқылы ыдыстан су ағып, ондағы ауаны қысып, оның серпімділігін арттырады. Төменгі ыдыс ортаңғы ыдысқа оның жоғарғы түбінен басталып, ортаңғы ыдыстың жоғарғы түбіне баратын ашық түтік арқылы қосылады, осылайша су бетінің үстіндегі ауа да қысылады. Суға қысым жасай отырып, ауа оны ортаңғы ыдыстан оның түбінен дерлік тартылған арнайы түтік арқылы жоғарғы ыдысқа көтеруге мәжбүр етеді, онда су бетінен көтерілетін осы түтіктің ұшынан фонтан атқылайды. . Фонтанның биіктігі, идеалды жағдайда, ортаңғы және төменгі ыдыстардағы су беті деңгейлерінің айырмашылығына тең. Бірақ құбырларда қозғалатын сұйықтықтың үйкелісі және басқа да себептер субұрқақтың биіктігін төмендетеді. Тостағанға түсетін фонтан суы одан түтік арқылы құрылғының төменгі бөлігіне ағады, онда су деңгейі біртіндеп көтеріледі, демек, аталған деңгейден ыдыстағы су деңгейіне дейін өлшенетін қысым бағанының биіктігі, бірте-бірте азаяды; ортаңғы ыдыстағы судың деңгейі, өйткені суды фонтан тұтынатындықтан, төмендейді. Осы екі себепке байланысты субұрқақтың биіктігі бірте-бірте азаяды және ең соңында судың қозғалысы тоқтайды.
Жоғарғы ыдыстағы су бағанасы төменгі ыдыста оның бетіне шығып, төменгі ыдыста артық қысым жасайды. Төменгі ыдыстан сығылған ауа алынған қысымды ортаңғы ыдысқа береді екенін жасап көрдім



4

18.10.2021ж

Интернет желісінен субұрқақтар туралы ақпарат жинақтадым, видеоларын көрдім.

5

27.10.2021ж

Мектеп мұғалімдерімен сауалнама жүргізу арқылы субұрқақтар қала көркіне көрік береме деген сауалнамаға көптеген жаңалықтармен таныстым.

6

13.11.2021ж

Мектеп дәрігерімен кездесіп судың пайдасы жайлы білдім.

7

26.11.2021ж

Гулзада апайыммен бірге білген, танысқан мәлемттерді бірге жинақтап талқыладық.

8

14.12.2021ж

Гулзада апайыммен бірге химия зертхана кабинетінде бордың құрамына талдау жасадық

9

23.12.2021ж

Қосымша ақпарат көздерінен субұрқақтар жайлы қызықты деректермен таныстым.

10

14.01.2022ж

Сыныптастарыммен субұрқақтар жайлы пікір алмастық

11

04.02.2022ж

Зертханада гулзада апайыммен субұрқақтың жасалуына зерттеу жұмысын жасадық

12

21.02.2022ж

Аудан кітапханасына бардым, субұрқақтың шығу тарихы жайлы мәліметтер жинадым.

13

05.03.2022ж

Гулзада апайыммен зертханалық жұмысқа талдау жасадық

14

27.03.2022ж

Пайдаланған әдебиеттерімді Гулзада апайымның көмегіне сүйене отырып рет-ретімен жазып шықтым.

15

16.04.2022ж

Зерттеу жұмыстарымның нәтижелерін жетекшіммен бірге талқыладық.

16

25.04.2022ж

Гулзада апайыма жинақтаған материалдарымды көрсеттім. Мұғалім өз кеңесін берді. Жасаған жұмысыма қорытынды жасап, пікір алып, аудандық білім бөліміне тапсырып, Сайысқа дайындалдым.










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет