5-сынып 1. Самал бірнеше ыдысқа 24 көк алма, 42 сары алма және 30 қызыл алманы салу керек. Ыдыстардағы көк алма саны бірдей, сары алма саны бірдей және қызыл алма саны бірдей болу керек. Самал ең көп дегенде неше ыдысқа сала алады?
Шешуі: ЕҮОБ(24, 42, 30) = 6
Жауабы: ең көп дегенде 6 ыдысқа салуға болады
6-сынып 2. Балалар үйінне 6-сынып оқушылары ойыншықтар сатып алды. Егер қыз балалар ойыншығын екі есе көп сатып алғанда, барлық ойыншық саны 48-ден кем болар еді. Ал егер ұл балалар ойыншығын екі есе көп сатып алса, онда барлық ойыншық саны 60-тан кем болар еді. Сатып алынған ойыншықтардың ең көп саны қанша болуы мүмкін.
Шешуі: ұл балалар ойыншығының санын – ; қыз балалар ойыншығының санын – деп белгілей отырып,
Демек, ең көп дегенде 35 ойыншық болуы мүмкін.
Жауабы: 35
7-сынып 3. 7-сынып оқушысы Қайрат математика пәнінен жарысқа қатысты. Жарыста әр қатысушыға 10 сұрақ қойылады. Қатысушы әр сұраққа дұрыс жауап берген сайын 5 балл жинайды, қате жауап берсе 2 балл азайтылады. Келесі турға өту үшін 30 баллдан кем емес жинау керек. Қайрат келесі тұрға өту үшін ең кем дегенде неше сұраққа дұрыс жауап беру керек ?
Шешуі: дұрыс жауап санын – ; қате жауап санын – деп белгілей отырып,
теңсіздігін аламыз. Жүйе құрамыз:
Жүйені шеше отырып, екенін аламыз.
Біз үшін тиімді шешім –
Жауабы: ең кем дегенде 8 сұраққа дұрыс жауап беру керек.