Зерттеу мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынының бала қабілетіне тигізетін әсері мен оның ерекшелігі



бет1/3
Дата30.06.2023
өлшемі1,5 Mb.
#103877
  1   2   3

Зерттеу мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынының бала қабілетіне тигізетін әсері мен оның ерекшелігі.

  • Зерттеу мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынының бала қабілетіне тигізетін әсері мен оның ерекшелігі.
  • Зерттеу міндеттері:
  • - қажетті материалдар жинастыру
  • - «тоғызқұмалақ» ойынының пайдасын анықтап, насихаттау.
  • Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
  • Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны
  • Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
  • Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.
  • Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойыныннан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
  • 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.
  • Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларыныңҚазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
  • Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
  • 2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған «4» жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. «1» халықаралық спорт шебері, «3» спорт шебері , «8» спортшеберлігіне үміткер, «11» I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар.
  • Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
  • Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
  • Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:
  •  
  • Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар
  • Берілген диаграммада бастаушының отаулары төменгіжағында, ал қазандағы құмалақтар саны жоғарғыжағында орналасқан.
  • Жүріс жасау ерекшеліктері
  • Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.
  • 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
  • Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
  • Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
  •  
  • Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет