Зерттеудің өте қызықты түріне жақындаймыз



Дата02.03.2023
өлшемі13,63 Kb.
#71068
Байланысты:
Аяу


зерттеудің өте қызықты түріне жақындаймыз. Менің идеям Шығыстағы еуропалық һәм америкалық мүдделер саяси сипатқа ие болған және жаңа ғана сөз еткен кейбір айқын тарихи белгілерге қарағанда ашық, саяси, экономикалық немесе әскери ой – пікірлермен қатар қарқынды әрекет ететін мәдениеттің өзі осы мүдделерге себепші болған деген ойдан құралады. Нәтежиесінде Шығыс мен ориентализм деп атайтын салада айқын көрініс табатын алуан түрлі және күрделі алаң болып шығады.
Сондықтан ориентализм саяси білім беру, я болмаса мәдениетпен, гуманитарлық ғылыммен немесе институттармен пассивті қамтылып көрсетілетін сала ғана емес, Шығыс туралы мәтіндердің ауқымды және ретсіз жиынтығы емес, «Шығыс» әлемін бағыныштылыққа ұстау мақсатындағы әлдеқандай пасық «батыстық» империалистік қастандықтың белгісі де, көрінісі де емес. Дұрысы – бұл геосаяси сананың эстетикалық, гуманитарлық, экономикалық, әлеуметтік, тарихи әрі филологиялық мәтінде таралуы. Бұл – базалық географиялық айырманы (әлем тең емес екі жарты – Шығыс пен Батыстан тұрады) өңлеу ғана емес, сондай – ақ гуманитарлық жаңалықтар, филологиялық қайта құрулар, психологиялық талдау, ландшафттар мен әлеуметтік сипаттамалар секілді құралдармен жасап қана қоймай, оны қолдайтын бірқатар «мүдделерді» өңдеу. Бұл – көрсетуден гөрі тұсініктің белгілі еріктілігі немесе интенциясы, кейбір жаңдайларда айқын түрде өзге (немесе баламалы және тың) әлем болып танылатын әлденені бақылау, манипуляциялау, тіпті инкорпорациялау. Ең болмаса, ориетализм – еш уақытта тап мұндай саяси билікпен тікелей қарым – қатынаста болмайтын дискурстың түрі. Дұрысы, мәселе мынада: ол биліктің алуан түрлерімен тең емес айырбаста өндіріледі әрі қолданылады, ол белгілі бір дәрежеде осы саяси билікпен (отаршылдық немесе империялық истеблишментпен), интеллектуалды билікпен (мысалы, салыстырмалы лингвистика немесе анатомия сияқты үстем ғылымдармен, немесе қазіргі заманның саяси ғылымдарымен), мәдени билікпен (мысалы, дәстүрлер мен талғам ережелері, мәтіндер, құндылықтар сияқты), моральдық билікпен («олар» жасай алмайтын, түсіне алмайтын нәрсені «біз» жасай аламыз деген түсініктермен) алмасудан қалыптасқан. Менің ұстанымымда ориентализм – қазіргі заманғы саяси интеллектуалды мәдениеттің маңызды өлшемі және осы ретте оның Шығыс арқылы қарағанда «біздің» әлеммен ортақ дүниесі көп деген ойдан тұрады.
Ориентализм мәдени әрі саяси факт болғандықтан, ол қандай да бір архивтік вакуумның ішінде болмайды. Керісінше, Шығысқа қатысты ойластырылатын, айтылатын немесе жасалатын әлдененің белгілі және толық интеллектуалды танымдық желілер бойынша жүретінін (мүмкін, солардың арасында жасалатынын) көрсетуге болады. Бұл жерде композиция қондырмаларының кең қысымы мен бөлшектері, текстуалдық фактілері арасында көптеген өзгешеліктер мен қиындықтар бар. Гуманитарлық ғалымдардың көпшілігі мәтін контекстің ішінде болады дегенмен келіседі. Сонымен қатар олар интертекстуалдылықтың шарттылықтарды, негізін қалаушыларды және риторикалық стильдерді (Вальтер Беньяминнің бір кездері «өнімді адамның... «шығармашылық» қағидасы үшін шамадан тыс күш салуы» деп атаған), оның ішінде ақынның ақылынан тыс өз еңбегін билейтін шектеуші әлдене

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет