Тақырып Заманауи геосаяси үдерістер Қазіргі дүниедегі геосаяси үдерістер
І Әлемнің геосаяси бейнесі және геосаяси үдерістер. 10-сыныптағы география пәнін оқып-үйрену барысында геосаясаттың мемлекеттің стратегиялық әлеуетіне ықпал ететін факторларды тұтас бірлікте зерттейтін ғылым екендігімен таныстыңдар. Ол әлемнің геосаяси бейнесін, яғни геосаяси кеңістіктің сипаты мен ондағы әртүрлі күштердің арасалмағын зерттейді.
Әлемнің геосаяси бейнесі геосаяси үдерістердің ықпалынан ұдайы өзгеріске түсіп тұрады. Бұл мемлекеттік шекаралардың өзгерістеріне ғана емес, геосаяси күштердің арасалмағының өзгеруіне де байланысты болады. Геосаяси үдерістер әлемдік құрылымның қайта бөлінуіне, яғни ірі саяси күштердің ықпал аймақтары шекараларының өзгеруіне алып келеді. Мұндай үдерістер қатарына дүниежүзінің саяси картасын өзгертетін ірі аймақтық және дүниежүзілік соғыстарды жатқызуға болады. Мысалы, ХХ ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыс көптеген аймақтар мен елдерді қамтыды (23-кесте).
23-кесте
Дүниежүзілік соғыстар геосаяси үдерістер ретінде
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Аустрия-Венгрия, Осман, Герман және Ресей империялары ыдырап, 10 жаңа мемлекет пайда болды
Германия, Жапония, Италия
отарларынан айырылды; дү ниежүзі 2 идеологиялық жү йеге (капиталистік және| социалистік) бөлінді; 2 әкери-саяси блок (НАТО, Варшава шарты) қалыптасты
Геосаяси шешімдер әлемдік экономикаға орасан зор нұқсан келтіреді: қаншама үлкен еңбекпен және шығынмен бірлесіп салынған нысандар (инфрақұрылымдық нысандар) күш қолданылатын жанжалдар мен кикілжіңдердің нысанасы болып отыр.
Сонымен, геосаяси үдерістер нәтижесінде сандық және сапалық өзгерістер болады. Сандық өзгерістерге елдер санының артуы немесе кемуі, мемлекет аумағының кеңістіктегі өсуі немесе қысқаруы, шекаралардың өзгерістері және т.б. жатады. Сапалық өзгерістер, ең алдымен, мемлекеттің экономикасынан, әскери қуатынан, саяси беделінің төмендеуі немесе артуынан көрінеді.