1 - тақырып.
1)Маркетингтік зерттеулер дегеніміз - маркетингтін дұрыс шешімдерін кабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтер жинау, оларды өңдеу, талдау процесі болып табылады.
Маркетингтік зерттеулер нәтижелі, тиімді болуы үшін келесі шарттар орындалуы кажет:
- Зерттеулер кешенді, жүйелі түрде өткізілуі керек;
- Зерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет;
-Маркетингтік зерттеулер жұмыстары мұқиялы түрде жоспарланып, жүйелі жүргізілуі керек.
Маркетингтік зерттеулер не береді?
Олар фирмаларға өздерінің маркетингтік мәселелері туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік береді, яғни маркетингтік шешімдер қабылдау кезінде белгісіздікті азайтады. Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты нарықтағы процестер мен құбылыстардың барабар сипаттамасын беру, компанияның нарықтағы позициясы мен мүмкіндіктерін көрсету мақсатына жету болып табылады.Әдетте маркетингтік зерттеулерге нарық, бәсекелестер, тұтынушылар, тауарлар, маркетинг ортасы, тауарлардың бағасы, тауарларды жылжыту жатады. Маркетингтік зерттеудің нәтижесі маркетинг стратегиясы мен тактикасын таңдау және іске асыру кезінде пайдаланылатын әзірлемелер болып табылады.
2) Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы Бұл - сатушылардың басшылыққа алатын негізгі жолдарының бірі. Тауарды жетілдіру тужырымдамасы - тұтынушылар жоғары сапалы, пайдалану қасиеттерінін артықшылығы бар және жақсы сипттамалы тауарларга игі ниетпен карайтындытын ескеріп, мекеме өз энергиясын тауарды туракты турде жетілдіруге шотырландырады деп пайымдау. Көптеген ендірушілер, егер тышкан какпанын жетілдіре берсе, олара келетін жол сурленбейді деп сенеді. Бірак олар кебіне сетсіздікке душар болады. Тутынушылар тышкандардан кутылу жолын іздеуде, бірак ол ушін какпанды жетілдіре беру олар ушін шарт емес.
Тауарды жетілдіру тужырымдамасы маркетингілік болжамсыздыкка экеліп соктырады. Сатушы ез тауарына озі гашык болып, клиент муктаждынын сырт калдырады. Теміржол баскарушылары тутынушыларга колік куралы емес, поезд керек деп ойлап журіп, авиажелілері, автобустар жане жук жане женіл машиналар жагнан ескен кауіптілікті байкамай калган. Логорифм линейкаларын жасаушылар инженерлерге есептеу мумкіншілігі емес, линейка керек деп санап, калта калькуляторы жагнан келетін кауіптілікті байкамаган.
3) Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет.Мәселені анық баяндау- табысты маркетингтің негізі.Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса,ол аздап шешілді деуге болады.Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе,маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады.Ақпарат жинау-қымбатқа түсетін шара.Сондықтан мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе,қажетсіз шығындарға ұшыратады.Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогын құру да кіреді.
Әдетте,мәселелер өндірістік-өткізу қызметін талдау нәтижесінде және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.
Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады.Егер мәселе (объект)-бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса,онда мақсаттар-зерттеу объектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылыды.Мақсаттар анық құрастырылып,оның сандық өлшемі болуы қажет.Мысалы,тауар өлшемінің өткізу көлемі төмендей бастады.Осы құбылыстың себептері мен факторларын анықтау зерттеудің мәселесі болып табылады.Бұл мәселені шешуде маркетингтік зерттеудің алдына мынадай мақсаттар (міндеттер) қойылады: өнімге сатып алушылар көзқарасын айқындау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестердің тигізетін әсерін талдау; тауар өніміне нақты сұранысы бар сатып алушылардың демографиялық бейінін(профилін) анықтау (жасы,жынысы,білімі,табысы және т.б).
2 - тақырып.