Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу Жоспар



Дата27.10.2022
өлшемі7,36 Kb.
#45721

Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу Жоспар

Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу

Жоспар:


  • Зияты зақымдалған тұлғалардың ерекшелігі

  • Зияты зақымдалған балаларға арнайы білім беру.

  • Зиятында ауытқуы бар балаларды В.В.Воронкова әдістемесі бойынша оқыту ерекшелігі

  • Зиятының зақымдалу жағдайы – ол жеке тұлғаның әлеуметтік қызметтерінің мүмкіндіктерін толық қиындататын психиканың туа немесе ерте даму кезеңінде жетілмеуін шартталған ауытқушылық болып табылады

Зияты бұзылған балаларды зерттеуде үлкен үлес қосқан Л.С.Выготский болды,ол аномальды балалар психикасының даму заңдылықтарын көрсететін тұжырымдар жасады. Олар:
Ақыл – ой кемістігі жағдайында баланың аффект және зият қатынасындағы өзгерістерді тұжырымдау
Аномальді балалардың дамуындағы бірінші және екінші кемістікті көрсету және сәйкесінші әрбір баламен жүргізілетін кооррекциялық оқу тәрбие жұмысының бағытын анықтау
Адам психикасының құрылуының жүйелігін тұжырымдау,мұнда бір бөліктің зақымдануы,бүкіл дүние жұмысын өзгертеді

Зияты зақымдалған балалардың ерекшеліктері


Жоғары психикалық функциялардың бұзылуы
Эмоцияның бұзылуымен түсіндірілетін қиындықтар
физикалық дамудағы кемшіліктер

  • «Ақыл-ой дамуындағы кемшілік» түсінігі психологиялық-педагогикалық тұрғыда бұзылу симптомдары арқылы

  • олигофрения мен деменцияға бөлінеді.

Зияты зақымдалған балалардың топтастырылуы


Дебиль— ақыл-ой дамуының жеңіл түрдегі бұзылуы
имбециль — ақыл-ой дамуының орташа түрдегі бұзылуы
идиотия — ақыл-ой дамуының күрделі түрдегі бұзылуы.

Арнайы түзету ұйымдары бөлінеді


  • 1.мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары ( орынын толтыру);

  • 2) түзету білім беру ұйымдары;

  • 3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;

  • 4) арнайы білім беру ұйымдары;

  • 5) жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары

Ақыл – ой кемістігі бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту бірнеше кезеңнен тұрады:


  • пропедевтикалық-диагностикалық кезең 0 (дайындық сыныбы) ;

  • бастауыш оқыту кезеңі -1-4 сыныптар;

  • жалпы білім беру кезеңі- 5-8 (9) сыныптар;

  • әлеуметтік – еңбекке дайындықтың аяқталу кезеңі.

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды


  • :

1-ші кезең (4-8 жас) – санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне көңіл бөлінеді.
2-ші кезең (8-16 жас) — өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру кезеңі.
3-ші кезең (16-18 жас) — әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мақсаты – оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу.
Ақыл – ойының орташа кемістігі бар балаларға олар бірінші жартысында арнайы педагогпен жұмыс істеп, екінші жартысында қосымша білім беру түрлеріне,тәрбиелік шараларға өзінің құрдастарымен бірге қатысулары үшін жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашқан жөн.
Арнайы сынып ашудағы қиындықтар болса, бала саны жетпесе немесе ата-анасының тілегімен ақыл-ой дамуында жеңіл бұзылуы бар 1-2 баланы жалпы білім беретін мектептің жай сыныбының құрамына қосуға болады.Бұл балаларға мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумының мамандарымен түзетуді қолдау қамтамасыз етілу қажет.
Ақыл –ойының орташа кемістігі бар балалардың жалпы білім беретін мектепте оқыту ақыл-ойының бұзылуы бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектепте оқу жоспары,бағдарламасы,оқулық бойынша жүргізіледі
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет