إنْ كَانَتْ الأمَةُ مِنْ إمَاءِ الْمَدِينَةِ لَتَأْخُذُ بِيَدِ النَّبِيِّ فَتَنْطَلِقُ بِهِ حَيْثُ شَاءَتْ
«Расында, Мәдинаның кез келген кішкентай қызы Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолынан жетектеп, қалаған жағына алып кете алатын», – деген (имам Бұхари).
Алла елшісінің тәрбиесін көрген сахабалары да сондай кішіпейіл әрі қарапайым еді.
Қисса:
Хазіреті Әбу Бәкір халифа болмай тұрып Синх аймағындағы халықтың қойларын сауып, оларға жәрдемдесетін. Ол халифа болып тағайындалған кезде көрші аймақтағы бір күңнің: «Сірә, Әбу Бәкір бұдан кейін біздің қойларымызды саумас», – дегенін естиді. Сонда Әбу Бәкір: «Керісінше, мен бұдан кейін де қойларыңызды сауа беремін. Мойныма алған бұл жауапкершілік мінез-құлқым мен әдеттерімді өзгертпейді», – деп қой саууды Мәдинаның орталығына көшкенге дейін алты ай бойы жалғастырған екен.
Хазіреті Омар да (Алла оған разы болсын) мүминдердің әміршісі бола тұра өте қарапайым адам болған еді. Өзге елден келген елшілер, Хазіреті Омардың құрма ағашының түбінде, көлеңкеде тасқа жантайып демалып жатқанын көріп таң қалатын. Мұқтаж жандарға көмек апарар кезде астық толы қаптарды арқасына салып өзі көтеретін. Сонда адамдар: «Сіз мүминдердің әміршісі емессіз бе, бізге беріңіз, біз көтерейік», – десе: «Жоқ, қияметте сендер менің күнәларымды көтермейсіңдер ғой», – деп жауап беретін. Тамақтанғанның өзінде дастарханы өте қарапайым болатын. Оған адамдардың жаны ашып, неліктен бұлай тамақтанатындығын сұрағандарға: «Алланың атымен ант етейін! Біз бұл өмірдің ләззаттарына берілмейміз. Егер бір қозы сойылып, одан дәмді тағамдардың пісіріліп, жүзімнен сусындар дайындалып дастарқаныма әкелінуін бұйырсам, әрине, бұл болар еді. Бірақ мұндай ләззаттардың қарымын о дүниеге қалдырғым келеді. Ертең қияметте: «Сен барлық тамаша нығметтеріңді осы дүниеде тауысып бітіріп, ләззатын таттың», – деп айтылуынан қорқамын. Мен Алланың берген нығметтерін бұл дүниеде тауысқым келмейді», – дейтін.
Достарыңызбен бөлісу: |