يَا قَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْ وَلَكِن لاَّ تُحِبُّونَ النَّاصِحِينَ
«Уа, қауымым! Расында, мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым және сендерге насихат айттым, бірақ сендер насихат етушілерді жақсы көрмедіңдер», – дегенін айтқан («Ағраф» сүресі, 79-аят).
Ілгеріде өткен ізгі адамдар өздеріне насихат айтқан адамға: «Менің ақыретім үшін алаңдаушылық білдірген сізге Алла разы болсын!» – деп, ондай адамдарға өз алғысын білдіретін болған.
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Адам баласының күнәһар болуы үшін бауыры оған «Алладан қорық» деп насихат айтқанда: «Алдымен өзіңді жөндеп ал» деуі жеткілікті», – деген.
Әрине кемшілігін айтқан ешкімнің нәпсісіне ұнамасы анық. Алайда, Алланың ризалығын көздейтін, жақсылыққа өзгеруді қалаған адам, оның кемшілігін айтып, түзелу үшін тура жолды нұсқаған адамның насихатын дұрыс қабылдай білуі керек. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Менің айыбымды өзіме сыйға тартқан адамды Алла Тағала мейіріміне бөлесін», – деген екен. Бұл сөздеріне мән берер болсақ хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) біреу оған айыбы айтылғанда, оны өзіне жасалған сый ретінде қабылдағанын аңғарамыз.
Қадірменді жамағат!
Кішіпейілдік – бұл дүниеде ғана емес, адамның екі дүниеде дәрежесінің көтерілуіне, қияметте мол сауапқа кенелуіне себепші болатын амал. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
مَا نَقَصَتْ صَدَقَةٌ مِنْ مَالٍ ، وَمَا زَادَ اللَّهُ عَبْدًا بِعَفْوٍ إلا عِزًّا ، وَمَا تَوَاضَعَ أَحَدٌ لِلَّهِ إلا رَفَعَهُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ
«Садақа еш уақытта байлықты азайтпайды, өзгелерді кешірумен Алла құлының даңқын арттырады. Алла үшін кішіпейілдік танытқан пендені, Ұлы Алла Тағала әлбетте жоғарылатады», – деп айтқан (имам Мүслим).
Алла Тағала баршамызды тәкаппарлық атаулыдан сақтап, кішіпейіл құлдары қатарынан етіп, қасиетті жұма күнгі дұға тілектерімізді қабыл еткей!
Достарыңызбен бөлісу: |