Бірінші: Тәкаппарлықтан ада болу.
Кішіпейіл адам қаншалықты атақ, мансап, дәрежеге жетсе де ешуақыт тәкаппарлық, менмендікке салынбайды. Жемісті талдың жемісі көбейген сайын, оның бұталары иіле түсетіндігі сияқты ол да атақ-дәрежесі өскен сайын өзін өзгелерден төмен ұстауға тырысады. Ал Алла Тағаланың берген нығметіне шүкір етпей, сол арқылы өзін өзгелерден жоғары көріп, өркөкіректікке салыну жақсы іс емес. Ахмед Иүгінеки бабамыз бұндайда: «Кішіпейілдің – абыройы асар, тәкаппардың – құты қашар», – деген.
Әдетте тәкаппар адамның бойында өзгелерді менсінбеу, дөрекі сөйлеу, өзгелердің оған құрмет көрсетуін жақсы көру, ақыл-кеңеске құлақ аспау сияқты сипаттар пайда болады. Ібілістің де лағынетке ұшырауына оның такаппарлығы себеп болғандығы турасында Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 34-аятында:
وَإِذ قُلنَا لِلمَلَٰئِكَةِ ٱسجُدُواْ لِأدَمَ فَسَجَدُواْ إِلَّا إِبلِيسَ أَبَىٰ وَٱستَكبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلكَٰفِرِينَ
«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер» дедік. Сонда олар дереу сәжде етті. Бірақ Ібіліс бас тартып, тәкаппарланып қарсы келушілерден болды», – деп айтқан.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
Достарыңызбен бөлісу: |