— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет26/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Онлайн жүйенің артықшылықтары:
 
орынжай қажет емес;
 
жұмыс күшін қажет етпейді;
 
арнайы салымдар үшін көп қаржы кетпейді.
Онлайн жүйе арқылы қандай да бір сабақ 
түрлерін өткізгіңіз келсе:
• 
жақсы жарнама;
• 
сабақтың нақты әрі сапалы видеолары және т.б 
болу керек.
Егер жоғары атап өткендей өз бойыңызда 
өзгелерге үйрете аларлық, қандай да бір өнер немесе 
білім болса (мысалы көп тіл білсеңіз) онлайн түрде 
сабақ беру арқылы қосымша табыс таба аласыз.


 — 60 —
Киіз үй жасау
Жасырып не керек бұрындары киіз үйге сұраныс 
тек наурыз айында ғана артатын болған. Ал қазір 
тіпті керсінше. Жылдың он екі айында да киіз үйге 
сұраныс тоқтаған емес. Оның себебі мерекелік іс-
шаралардан бастап беташар, құдалық сынды түрлі 
той-думандарда киіз үйді жалға алу ең тиімді болып 
саналады. Қалада көпқабатты үйлерде тұратын 
жандар үшін орын тапшылығы қатты байқалады. 
Осы ретте киіз үй жасаумен айналысатын адамдарды 
көптеп іздеп, кейде тіпті жалға алатын киіз үйлерді 
таппай қалатынымыз бар.
Жалпы киіз үй жасау бизнес ретінде:
• 
Ерекше кәсіп түрі;
• 
Бір ғана киіз үйді жасап біту бір немесе екі айға 
созылуы мүмкін.
Киіз үй жасаудағы қиыншылықтар да аз емес. 
Ол үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген 
жөн. Ал дайын киіз үйдің ішін безендіру және түрлі 
қазақылық көрнекіліктермен толтыру көп уақытты 
талап етеді. Әрі көп қаражатты қажет етеді.
Дайын киіз үйді:
1. Сату 
2. Жалға беру арқылы табыс таба аласыз.
Ата-бабамыздың қанынан келген бұл кәсіп 
түрімен айналысу екінің бірінің қолынан келе бермес. 
Әйткенмен тәуекел етіп, бұл шаруамен айналыссаңыз 
адал кәсібіңіздің несібесіне жетеріңіз хақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет