— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет23/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88
 — 53 —
Тоқыма өнеркәсібі
Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал 
жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық тал-
шықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар 
жиынтығы. Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір 
кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материал-
дар өндірісі т.б. салалар жатады.
Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі ар-
зан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы. 
Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса 
беретін саласы – тоқыма өнеркәсібі. 
Үйде отырып табыс тапқым келеді дейтін келін-
шектер үшін бұл өте тиімді бизнес. 
Артықшылықтары:
• минималды шығындар;
• үйде отырып та айналысуға болатын іс;
Кемшіліктері:
• табыс маусымға байланысты;
• қол жұмысы көп уақытты алуы мүмкін.
Тоқыма өнеркәсібіне тән мынадай ерекшелік-
терді атап өтуге болады: 
• тұтынушымен тығыз байланыс, сол немесе өзге 
аумақтағы халықтың тарихи-географиялық және әле-
уметтік-экономикалық даму деңгейіне тәуелділік
• сәннің, талғамның және т.с.с. ауысып отыруы-
на байланысты шығарылатын өнім ассортиментінің 
тез ауысуынан көрінетін саланың серпінділігі; 
• шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, фурни-
тураға және оның рәсімделуіне, сондай-ақ технологи-


 — 54 —
яға және өндірістің ұйымдастырылуына қойылатын 
талаптардың өзгеріп отыруы; 
• жұмыс күшінің кәсіби деңгейіне (шығар-
машылық білімінің, талғамының болуы және т.с.с.) 
қойылатын ерекше талаптар. 
Жалпы тоқыма өнеркәсібі дамушы елдер тобын-
да жылдам қарқынмен дамуда. Бүгінде әлемдік тоқы-
ма өнеркәсібінде бес басты аймақ қалыптасты: Шығыс 
Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Батыс Еуропа және АҚШ. 
Әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің басты аймағы Азия 
болды. Мақта-мата кездемелерін негізгі өндірушілер 
Қытай мен Үндістан болып табылады.
Осы ретте егер сіз де тоқыма ісімен айналыса-
мын десеңіз жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін 
қолдана отыра, отандық нарыққа өз ерекшелігіңіз-
бен, кәсібіңізге деген басымдылықтарды ойлап табу 
арқылы, тез клиент таба бастайсыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет