— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет25/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
 — 57 —
Сыйлық бокстары
Кейде туған-туысқандар мен жақындарымызға 
сыйлықтарды таңдау моральдік сарқылуға дейін 
жеткізе алады. Ерекше сыйлық арқылы жүрекке 
жақын жандарымызға шынайы қуаныш сыйлағымыз 
келеді. Бірақ, дұрыс сыйды таңдау әрқашан қиынға 
соғады. Қазіргі уақытта кеңінен тараған сыйлық 
бокстары осындай жағдайлардың таптырмас шешімі 
болып табылды. 
Бизнес ретінде сыйлық бокстар өте тиімді болып 
саналады:
• 
арнайы ғимаратты талап етпейді;
• 
арнайы жұмыс кестесімен емес, өзіңіз қалаған 
уақытта айналыса аласыз;
• 
жұмыс күшін қажет етпейді;
• 
интернет арқылы тапсырыстар қабылдай 
аласыз;
• 
қосымша табыс тапқысы келетіндер үшін өте 
ыңғайлы.
Сәйкесінше тиімсіз жақтары:
• 
жарнамаға көп уақыт кетеді;
• 
алғашқы табысыңызды алу, бірнеше айларға 
созылуы мүмкін;
• 
жоғары бәсекелестік.
• 
сыйлықты жеткізуші курьер жалдауға тура 
келеді.
Сыйлық бокстары инстаграм арқылы жасауға 
болатын, үйде отырған келіншектер үшін таптырмас 
бизнес болғанымен, бұл істі бастаушы адамның 


 — 58 —
бойында мынадай қасиеттер болған жөн:
1. жұмысқа деген ептілік;
2. креативтілік;
3. сыйлықтарды құрастыруда үлкен фантазия 
болған жөн.


 — 59 —
Онлайн сабақ беру
«Бой емес, ой жарыстыратын» жан-жақтылықты 
талап ететін заманда, көп ілім үйреніп, көп нәрсені 
білгіміз келеді. Әйткенмен уақыт тапшы болып 
жатады. Осы ретте «онлайн» жүйе арқылы үйренгісі 
келетіндердің саны күннен күнге артуда.
Бизнес ретінде онлайн келесідей дүниелерді 
үйретуге болады:
• 
шет тілі курсы;
• 
домбыра, гитара және т.б аспаптық курстар;
• 
тәтті пісіру;
• 
тігін курсы;
• 
тұлғалық даму курсы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет