Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
Мақсаты:  Еуразияшылдықтың  тарихи-мҽдени  маңызын  ғылыми 
тұрғыдан қарастыру. 
Сабақ нысаны: ауызша сұрау, жазбаша жұмыс (конспект) 

13 
 
 
Талқылауға ұсынылатын тақырыптар: 
Ӛнімді деңгей: 
1.
 
Еуразиядағы Қазақстанның жағрапиялық  жҽне тарихи-мҽдени рҿлі. 
2.
 
Еуразияшылдық түсінігінің тарихи мҽнісі. 
 
 
Білім алушының ӛздік жұмыс тапсырмалары: 
Ӛнімді-практикалық деңгей: 
 
Қазақстандық  жҽне  шетелдік  тарихнамада  еуразияшылдыққа  қатысты 
жарық кҿреген ҽдебиеттер бойынша картотека жасау. 
 
Шығармашылық деңгей: 
 
«Еуразияшылдық идеясы ҿркениеттілік даму жолы ретінде» эссе жазу. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Ақселеу С. Гумилев // Егемен Қазақстан. 2004, 1 қазан. 
2.
 
Назарбаев  Н.  А.  Стратегия  трансформации  общества  и  возрождения 
евразийской цивилизации.- Москва: «Экономика». 2000.- 544 с. 
3.
 
Проблемы евразийства.-Астана: издательство Евразийского университета. 
1998. -232 с. 
4.
 
Назарбаева Д. Н. Содружество Евразия.- Москва. 2000.- 424 с. 
5.
 
Тҿлегенов  Е.  Еуразия  идеясының  қалыптасуы  мен  тарихи  кезеңдері  // 
ҚазҰУ Хабаршысы, Тарих сериясы, 2009, №4 (55). –Б.134-137. 
6.
 
Дугин А. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық миссиясы.- Астана. 2005. -
256 с.  
7.
 
Кожирова  С.Б.  Евразийство:  история  и  современность  //  Мҽдени  мұра, 
2011, №7. -88-90 сс. 
8.
 
Шерьязданова Г. Идея евразийства: классическая теория и современность 
// Саясат. 2007, №4. – Б.13-16. 
9.
 
Орлова 
Б. 
Евразийская 
цивилизация. 
Социально-историческая 
ретроспектива и перспектива.- Москва: Норма, 1998.- 235 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

14 
 
 
 
 
 
2. ЕУРАЗИЯНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ КАРТАСЫ 
 
Мақсаты:  Еуразия  құрлығының  жағрапиялық  орналасуына,  сондай-ақ, 
Еуразияны мекендейтін халықтарға тоқталу. 
 
Жоспар: 
1. Еуразия жағрапиялық кеңістік ретінде. 
2. Еуразия халықтары: шығу тарихы жҽне тілдік ерекшеліктері. 
 
  Негізгі ҧғымдар: Еуропа, Азия, «Великая русь», «Малая русь», «Белая русь», 
Кавказ, Орта Азия,Сібір. 
 
1.
 
Еуразия Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Континет солтүстік жарты  
шарда,  шамамен  0°  ш.  ұ.  жҽне  180°  ш.  ұ.,  орналасқан,  мұнымен  қатар  Еуразия 
аралдарының  кейбірі  оңтүстік  жарты  шарында.  Екі  ҽлем  бҿлшегінен  тұрады: 
Еуропа  жҽне  Азия.  Еуропа  жҽне  Азия  шекараларын  Орал  таулары,  Волга,  Ембі 
ҿзендер, Каспий теңізі, Кума ҿзені, Кумо-Маныч ойпаты, Маныч ҿзені, Дон ҿзен, 
Кавказ  солтүстік  шекарасы,  Босфор  жҽне  Дарданелла  бұғаздары  арқылы 
жүргізеді.  Бұл  бҿлініс  тарихи  түрде  қалыптасқан.  Табиғи  түрде  Еуропа  жҽне 
Азия  шекаралары  бҿлінбейді.  Континенттер  құрлықтың  үздіксіздігімен 
байланысқан, қазіргі заманда қалыптасқан тектоникалық топтасу мен климаттық 
үрдістердің бірегейлігі. 
 
Біртұтас  құрлықты  Еуропа  жҽне  Азия  дүние  бҿліктеріне  бҿлу  ежелгі 
дҽуірде қалыптасқан тарихи-дҽстүрлі түсінік.  
Континентпен  шектесетін  сулар:  батыста  Атлант  мұхиты,  солтүстікте  - 
Солтүстік Мұзды мұхит, шығыста - Тынық мұхиты, оңтүстікте - Үнді мұхиты. 
Еуразия  батыстан  шығысқа  қарай  16  мың.  шақырымға,  солтүстіктен 
оңтүстікке қарай 8 мың шақырымға ұласып жатыр, мұндағы жер аумағы ≈ 53,4 
млн. шақырым². Бұл ҽлемдегі бар құрлықтың үштен бірі. Еуразия аралдарының 
аумағы 2,75 млн. шақырым²-ға жетеді. 
Еуразия құрылымының негізгі элементі болып бес ежелгі платформалары 
табылады:  Балтық  жҽне  Украин  қалқандарымен  бірге  Шығыс  Еуропа 
платформасы.  Алдан  қалқанымен  бірге  Сібір  платформасы.  Қытай-Корей 
платформасы.  Оңтүстік  Қытай  платформасы.  Үнді платформасы,  жҽне  Нубия-
Аравия қалқанының бҿлігі. 
Қазіргі континет бедері неоген жҽне антропоген мерзімдеріндегі үдемелі 
тектоникалық қозғалыстардың нҽтижесі. 
Континенттің  орташа  биіктігі  -  830  м,  таулар  мен  жоталар  құрлықтың 
65%-ін құрайды. 

15 
 
Еуразияның  маңызды  тау  жүйелері:  Гималай,  Джомолунгма  (Эверест)  - 
жер  бетіндегі  ең  ірі  тау  орналасқан  тау  жүйесі,  Альпі,  Карпат,  Кавказ, 
Гиндукуш,  Қарақорым,  Памир,  Тянь-Шань,  Кунь-лунь,  Алтай,  Саян,  Орал, 
Солтүстік  Шығыс  Сібір  таулары,  Алдыңғы  Азия  жҽне  Тибет  тау  қыраттары, 
Декан жҽне Орта Сібір таулы үстірттері. 
 
Жазықтары  мен  ойпаттары  мыңдаған  шақырымдарға  созылған.  Ең  ірі 
жазықтары:  Шығыс  Еуропа,  Батыс  Сібір,  Тұран,  Ұлы  Қытай,  Үнді-Ганг 
жазықтығы. 
 
Континенттің  солтүстік  жҽне  бірқатар  таулы  аудандарың  жер  бедеріне 
ежелгі  мұз  басу  ҽсері  тиген.  Қазіргі  заманда  мұздар  Арктика  аралдарында, 
Исландияда жҽне биік таулы аудандарда сақталып қалған. 
 
Еуразия  ҿзендері  тҿрт  мұхит  алабына  жатады.  Ең  ірілері:  Янцзы,  Объ, 
Енисей,  Лена,  Амур,  Хуанхэ,  Меконг,  Брахмапутра,  Ганг,  Инд,  Тигр,  Ефрат, 
Еділ, Дунай. Құрылықтың орталық бҿлігінде дүние жүзіндегі ең аумақты ішкі 
ағын  аймағы  (Каспий  мен  Арал  теңіздерінің,  Балқаш  пен  Лобнор  кҿлдерінің 
алабы)  орналасқан.  Ең  терең  Байкал  кҿлінде  жер  бетіндегі  тұщы  судың  1/5  -і 
шоғырланған.  Ірі  жҽне  терең  кҿлдер  тектоникалық  жолмен  пайда  болған 
(Байкал, Ыстықкҿл, Севан, Ҿлі т.б.).  
Еуразия  - Жер  шарындағы  халық ең  кҿп  тығыз  қоныстанған  құрлық  (бүкіл 
халықтың  ¾  -і  ).  Ҽсіресе,  Батыс  Еуропа,  Шығыс  жҽне  Оңтүстік  –  Шығыс 
Азияда  халық  тығыз  орналасқан.  Муссондық  Азияның  кейбір  аудандарында 
(Шығыс Бенгалияда жҽне Ява аралында) 1 шақырым² жерге 1000-1500 адамнан 
келеді.  Қиыр  Солтүстік  Азияда,  тропиктік  ормандар  алып  жатқан  батпақты 
ойпаттарда, Орталық Азия жҽне Батыс Азияның шҿлді аудандарында, Орталық 
Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ.  
Еуразия  ҽлемдегі  ежелгі  мҽдениет  орталығы  болып  табылады.  Атап 
айтқанда,  Таяу  Шығыстағы  Қосҿзен  (Тигр,  Ефрат),  Жерорта  теңізі  жағалауы, 
сондай-ақ,  Қытай  мен  Үндістан  ежелгі  мҽдениеттері,  грек-рим  ҿркениеті  т.б. 
Ұлы  Қытай  қорғанынан  Орталық  Еуропаға  дейін  созылып  жатқан  Ұлы  Дала 
кҿшпенділер  ҽлемі  үстемдік  құрып,  Батыс  пен  Шығыс  ҿркениеттерін  ҿзара 
байланыстырып  тұрды.  Қазіргі  кезде  де  Еуразия  құрлығы  суперконтинент 
болып есептеледі. Ҽлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, ҽрі 
ҽлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы 
құрылықта орналасқан [1]. 
2.  Еуразия  кеңістігін  тілі,  діні,  тарихы  мен  мҽдениеті  сан  алуан  болып 
келетін халықтар мекендейді. Алайда, Еуразияның этникалық картасын шыққан 
тегі  мен  тағдыры  ортақ  туыс  халықтар  құрайды.  Бұл  арада  Шығыс  славян, 
Кавказ, Орта Азия, Еділ, Сібір халықтары туралы қысқаша қарастырылады.  
 
Шығыс  славяндар.  Славяндар  (укр.  слов'яни,  бұлғарша  славяни,  пол. 
Słowianie) — тайпалар тобы, қазіргі Солтүстік-шығыс, Орталық жҽне Оңтүстік-
шығыс Еуропа халықтарының арғы тегі. Славяндардың шығу тегі, қалыптасуы 
туралы тарихи деректер археол. қазба ескерткіштер мен Грекия, Рим, Византия 
авторларының  (Үлкен  Плиний,  Тацит,  Птоломей,  Иордан,  Прокопий 
Кесарийский,  т.б.)  жҽне  араб  авторларының  орта  ғасырдағы  жазбаларына 

16 
 
сүйеніп  жазылған.  Славяндар  туралы  ежелгі  тарихи  деректер  б.з.  І-ІІ  ғғ. 
жатады.
  
Славяндар  орналасуына  қарай  батыс  (поляк,  чех,  словак,  т.б. 
халықтардың арғы аталары), шығыс (орыс, украин, белорус), оңтүстік (болгар, 
серб, словен, т.б.) болып 3 топқа бҿлінеді [2].  
Шығыс  славяндар  кҿне  заманнан  Орталық,  Оңтүстік  жҽне  Шығыс 
Еуропаны  мекендеген  твайпалардың  ұрпақтары.  Осы  үш  бҿліктің  Шығысын 
орыстар,  украиндар  мен  белорустар  мекендеген.Олардың  тілдері,  мҽдениеті, 
ҽлеуметтік тұрмытары бір-біріне жақын болғандықтан, ҿздерін туысқан ретінде 
сезінеді. 
Орыс,  украин  жҽне  белорус  халықтарының  этникалық  атамаларының 
ҿзіндік  шығу  тарихы  бар.  Олардың  ертедегісі  орыстар.  Бұл  атауды  ертедегі 
россов  атты  славян  тайпасының  атауымен  байланыстырады.  Себебі,  бұл 
тайпаның  мекенін  Русь  жері  деп  атаған.  Бірақ,  ҽрусьҽ  терминінің  де  шығу 
тарихы  бар.  Осы  терминмен  Киев  жҽне  Чернигов  жерлері  ғана  аталған. 
Кейіннен  ХҮІ  ғасырға  жақын  осы  атау  Смольный,  Новгорд,  Голичан,  Рязан 
жерлерін  де  қамтитын  болған.  ХҮ  ғасырда  Москва  жылнамаларында,  ұлы 
Москва  княздығына  кірген  жерлердің  бҽрі  де  орыс  жері  делінген.  Иван  ІІІ-ші 
ҿзінің  шығарған  ақшасына  «Господь  Всея  Руси»  деп  жазған.  Кейін  Москва 
княздығына  кірген  жерлердің  бҽрін  «орыс  жері»  деп  атайтын  болған[2,  202, 
204].  
«Украин»  этнонимінің  пайда  болған  шағында  этникалық  мҽнді 
білдірмеген  «далалықпен  шектескен»-  «окраина»-  шеттегі  жер  деген  атауды 
білдірген.  ХІІ  ғ.  Украина  дерекнамаларында  осы  мағынасында  Переслав, 
Голицск,  Батыс  Бук  жерлерін  атаған  болса,  кейін  украинаның  оңтүстігіндегі 
орыстармен  аралас  отырған  далалықтарда  да  қоса  атаған.  ХҮІ-ХҮІІ  ғғ. 
Днепрдың орта ағысындағы жерлер жалпы осы күнгі украина территориясына 
түгел енген. Украиндықтардың жайлаған жерлері сол халықтың атымен қазірде 
Украина  Республикасы  болып  аталып  отыр.  Сонымен,  украин  жҽне  белорус 
халықтары ҿз алдына мемлекет болғандары Қазан тҿңкерісінен кейін. 
ХІҮ  ғ.  «Малая  русь»-  термині  пайда  болып,  осы  атпен  алдымен  Голицк 
жері кейін Днестрдің бойларындағы жерлер аталатын болған. Ол кейін украин 
жҽне  «Малороссия»  болып  қатар  жүрген.  «Белорусы»  деген  «белая  русьтан» 
шыққан.  ХІІІ  ғасырдың  Неманың  жоғары  ағысында  мекендеген  қара 
русилардың  батысындағы  жерлерді  «ақ  русилардың  мекені»  деп  атаған.  ХІҮ 
ғасыр  екінші  жартысында,  ҽсіресе,  Неман,  Вилин  жҽне  Двина  жерлері  «Белая 
русь», яғни ақ орыс деп аталып кеткен [2, 205]. 
Сонымен  «Великая  русь»,  «Малая  русь»,  «Белая  русь»  терминдері  ХІҮ 
ғасырларда осы халықтардың қоныстанған жерлері. 
Шығыс  славяндардың  тілдері  индоеуропалық  топтың  славян  тармағына 
жатады.  Орыс,  украин,  жҽне  белорус  халықтарының  тілдері  бір-біріне  жақын. 
Себебі,  олардың  ертеден  жайлаған  табиғи-жағрапиялық  орталықтары,  тарихи 
шығу  тектері,  шаруашылық  тұрмыстары  бірлікте  дамыған.  Олардың  тілдері 
ертедегі Киевтік Русь тҿңірегінде қалыптасқан[2, 203].  

17 
 
Еділ  бойы  халықтары.  Финтілдес  халықтарға  Орал  тауларынан  Балтық 
теңізіне  дейін  таралған  эстон,  корел,  лопар,  вепс,  комизыряне,  коми-пермяк, 
удмурд,  марийц  жҽне  мордва  халықтары  жатады.  Келесі  топты  түркі 
халықтары-  чуваштар,еділ  бойы  татарлары,  башқұрттар  Орталық  Еділ  бойы 
жҽне  Орал  маңында  Еділ  бойы  татарлары  мен  башқұрттар,  Молдавиядағы 
гагауздар  Украинаның  аралас  аудандарында  тұрады.  Мұнда  үндіеуропа 
халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар жҽне латыштар сонымен 
қатар Батыс Моңғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар ҿмір 
сүреді.  
Шығыс Еуропаның  славян емес халықтарының түп-тамыры еуропоидтық 
нҽсілге жатады. Орталық Еділдің, Орал маңының халықтарында монғолоидтық 
нҽсілдің аралас белгілері байқалады. Бұл ерте кезден бастап еуропеоидтар мен 
Сібірден келген моңғолдардың арасында қатынастың болғанымен түсіндіріледі.  
Екі нҽсілді халықтардың бұл аймақта орналасуының ҿзіндік тарихы бар. 
Шығыс  Еуропа  Орталық  Азиямен  ежелден  шектес  ел.  Сондықтан  екі  нҽсілдің 
ҿкілдері  ерте  заманнан  кҿрші,  ҽрі  тығыз  қарым-қатынаста  болған.  Тарихи 
деректер  бойынша,  Орталық  Азия  моңғол  нҽсілді  халықтардың  шоғырланған 
жерінің бірі.  
 
Орал тілдес халықтар Орал қыратының екі жағында орналасқан ертедегі 
тайпалардан  құралған.  Осы  аймақтың  шығысына  қарай  самодийлық  тілдерде 
сҿйлеушілер жайласа, батысында угро-финдік тайпалар қоныстанған. Б. з. б. ІІІ 
мыңжылдықтардың аяғында финдер угорлардан бҿлініп шыққан. 
Қола  дҽуірінде  (б.з.б.  ІІ  мыңжылдары)  финдер  Кама  ҿңірінен  батысқа 
қарай жылжып, Балтық теңізінің жағалауына дейін тараған [2, 218].  
Ұзақ  орналасу  үдерісінде  жекелеген  жҽне  араласқан  түпкі  халықпен 
қосылып  финтілді  халық  тобы  қалыптасты,  олардың  алғашқысы  перм 
халықтарын  құрайды,  екіншісі-  поволждік  финдер  жҽне  үшіншісі-  солтүстік-
батыс  финдер.  Марий  тілі  перм  жҽне  мордов  тілі  арасынан  орташа  дҽрежені 
құрайды. Мардов тілі балтық маңы финдерінің тілдеріне жақын. 
Еділ  бойы  жҽне  Орал  маңы  бойындағы  түркі  халықтарының  этногенезі 
қүрделі  тарихи  жағдайлармен  Еділ  бойына  ұлы  халықтардың  қоныс  аудару 
кезеңіндегі  қиындықтармен  байланысты.  Ежелгі  түріктер  Орталық  Еділ 
бойында б.з. І ғасырында пайда болды. 
Кейін  түрік  халықтарының  үздіксіз  қоныстануы  Алтын  Орданың 
құлауына    дейін  жалғасты.  VII-VIII  ғғ.  Солтүстік  Кавказдан  жылжып  келген 
бұлғарлар Еділ бойын, оңтүстікте Кама сағасына дейін қоныстанды. Мұнда XIII 
ғ.  татар-моңғолдар  күйреткен  Волж  Бұлғар  мемлекеті  қалыптасты  (X  ғ). 
Бұлғарлар  Еділ  бойындағы  түркі  халықтарының  шығу  тарихына  үлкен  із 
қалдырды. Чуваш халқының негізін кейін Бұлғар мемлекетінің құрамына кірген 
ежелгі  түріктер,  суварлар,  суваздар  қалады.  Бұлғария  құлағаннан  кейін  олар 
жергілікті  марий  халқын  ығыстыра  отырып,  қазіргі  Еділ  бойына  қоныс 
аударды.  
Чуваштардың тілі түрік тіл тобының бұлғар-хазар тармағына жатады. 

18 
 
Башқұрлардың  қалыптасуына  түркі  тайпаларымен  қатар  қыпшақтар  да 
үлкен  із  қалдырды,  осылайша,  башқұр  тілі    түркі  тіл  тобының  қыпшақ 
тармағына  жатады.  Башқұрлардың  ата-бабалары  Алдыңғы  Орал  халқының 
түркіленген угор тобы деуге негіз бар. Қазақ фольклорында башқұрлар «естек» 
этнонимімен аталады бұл олардың шығу тегінің угро-фин екенін кҿрсетеді.  
        Летто-литов  тайпаларының  қалыптасуы  кҿршілес  ежелгі  славяндардың 
қоныстану  үдерісімен  қатар  жүрді.  Летто-литов  тілі  басқа  үндіеуропа 
тілдерімен  салыстырғанда  славян  тіл  тобына  жақын.  Латыш  жҽне  литов 
халықтарының негізін летто-литов тайпалары құрады. 
        Кавказ  халықтары.  Кавказда  үш  кіші  еуропоидтық  нҽсіл  бар:  кавказ-
балкандық,  алдыңғы  азиялық  жҽне  үнді-камирлық.  Кавказ-балкандықтарға 
кабардин,  черкес,  тау  грузиндері,  балкарлықтар,  карашайлықтар,  ингуштар, 
шешендер,  осетиндер  жҽне  Батыс,  Орталық  Дағыстанды  мекендеушілер 
жатады. Сондай-ақ, кавказ-балкандықтарға абхаз-адыгей халықтары мен батыс 
грузиндер де енеді. 
 
Алдыңғы  азиялық нҽсілге  армяндар мен  шығыс  грузиндер  жатады.Үнді-
камирлік  нҽсіл  Ауғаныстан  мен  Солтүстік  Иран  жерінде  қалыптасқан.  
Каспийлік түрге ҽзірбайжан, құмық, лезгин, даргин-қайтагырлар кіреді [2, 235]. 
Кавказ халқының қалыптасу тарихына қысқаша тоқталсақ. Грузиндер бұл 
жердің автохондық халқы. Б. з. д. ІІ мыңыншы жылдардың соңында Оңтүстік-
батыста  ертедегі  грузиндердің  тайпаларын  деаохи  жҽне  кулха  тайпалық 
одақтары  құрады.  Б.  з.  д.  І  мыңыншы  жылдардың  арасында  сасиер  тайпасы 
бірлесіп  Колхидадан  Мидияға  дейінгі  жерлерді  билеген.  Сатарлар  белгілі 
Урарту  мемлекетін  қиратқан.  Б.  з.  д.  ҮІ  ғасырда  Батыс  Грузияда  Колхида 
патшалығы  орнаған.  Осы  кезден  Грузияда  Иберийлық  мемлекеті  тарих 
сахнасына  шығады.  Феодалдық  бытыраңқылық  дҽуірде  20-ға  жуық  этникалық 
топтардың  бірлестігін  енузин  халқы  шыққан.  Олардың  грузин  тілінен 
диалектикалық  ерекшеліктер  болғанымен,  жалпы  тіл,  мҽдениет  бірлігі 
байқалады. Сондықтан, олар ҿз ұлтының атымен аталады.  
Армяндардың  шығу  тарихы  шиеленіске  толы.  Ол  екі  кезеңге  бҿлінеді. 
Бірінші  кезең-  б.  з.  д.  ІІ  мыңыншы  жылдарда  Алдыңғы  Азияның  солтүстік-
шығысында Арматан жҽне Хайаса мемлекеттері құрылған. Екінші кезең- б. з. д. 
І  мыңыншы  жылдарда  Урарту  мемлкеті  ұйымдасып,  оның  Арме-Шупри 
бҿлігінде армян этносы пайда болған. 
Ҽзірбайжандардың этногенезі орта ғасырда Шығыс Кавказда орын алған 
этникалық үдерістермен тығыз байланысты.  Б. з. д. ҮІ ғ. Оңтүстік Ҽзірбайжан 
аудандарында  күшті  Мидия  мемлекеті  болған.  Осы  кезде  Ҽзірбайжанның 
оңтүстігінде Кіші Мидия деген жеке мемлекет пайда болды. Осы мемлекеттің 
қарамағындағы  халықтарды  арабтар  ҿз  тіліне  бұрмалап  «Антропотена»  деп 
тааған.  Кейіннен  осы  атау  ҽзірбайжан  халқының  атауына  себеп  болды  деген 
болжам бар. Б. з. б. ІҮ ғ. Ҽзірбайжан ҿзінің солтүстігінде Албамия Сасанидтық 
Иран  мемлекеті  құрамына  кірген.  ІХ  ғ.  Ҽзірбайжанға  түрік-селжұқтар  келіп, 
жергілікті тұрғындарды түріктендірген [2, 238, 239].  

19 
 
Кавказдың  жергілікті  тұрғындарының  басым  кҿпшілігі  кавказ  тіл 
семьясына  жататын  тілде  сҿйлейді.  Олардың  40  пайызы  тҿмендегі  үш  топқа 
бҿлінеді:  абхаз-адыгейлік  (солтүстік-батыс),  картвельдік  (оңтүстік),  нахско-
дагестандық (солтүстік-шығыс). 
 
 
Абхаз-адыгейлік  топқа  жататындар:  абхаздық,  абазиндық,  адыгейлік, 
кабардин-черкестік жҽне убьехлық. 
 
Картвельдік  тілге  грузин  тілі  мен  батыс  грузияның  үш  тілі  жатады: 
мегрельдік, лаздық жҽне свандық. 
 
Нахско-дагестандық  тілде  нахстар  мен  дагестандықтар  сҿйлейді. 
Нахстарға  шешендер,  ингуш  тілдері  жақын.  Дагестан  тіл  тобына:  аварлықтар, 
макско-даргиндік, лезгиндіктер тілі жатады. 
 
Жоғарыда  аталған  тілдер  ішінде  тек  грузин  тілі  б.  з.  Ү  ғ.  арамейлік 
жазудың негізінде қаланған.  
Кавказ халықтарының ішінде үндіеуропалық, алтайлық жҽне афпазийлық 
тіл  топтарында  сҿйлейтіндер  де  бар.  Үндіеуропалық  тілде  сҿйлейтіндер: 
армяндар  мен  гректер.  Иран  тілдестер:  осетиндер,  таттар,  толыштар  жҽне 
күрдтер. 
Кавказда алтай тілінде сҿйлейтін халықтар: ҽзірбайжан, түрікмен, құмық, 
ноғай, карашай, балкарлар жҽне грек-урумдар [2, 235, 236].   
   
 Орта Азия халықтары. Орта Азияның түпкі халықтарының негізін түркі 
тілдес  халықтар:  қазақ,  ҿзбек,  қырғыз,  қарақалпақ,  түркімен  жҽне  иран  тілдес 
тҽжіктер  құрайды.  Ал  антропологиялық  жағынан  араласып  кеткен.  Сыртқы 
келбеті  бойынша  қырғыздар  монғолоидтық,  тҽжік,  ҿзбек  жҽне  түркімендер  - 
еуропоидтық нҽсілге жатады. Қарақалпақтарда екі нҽсілдің де белгілері бар.  
         Орта  Азияның  ежелгі  халықтары  арий-тур  тілдерінде  сҿйлеп, 
еуропоидтық  нҽсілге  жатты.  Б.з.б  I  м.  ж  мұнда  Соғды,  Хорезм,  Бактрия  жҽне 
Маргиан  сияқты  ірі  ҿркениеттер  пайда  болды.  Бұл  халықтардың  түркіленуі 
жаңа  дҽуірден  басталды.  «Авестада»  айтылғандай  алғашқы  түріктер  турлар 
болған  деген  болжам  бар.  Шығыстан  келген  ғұндар  түрік  тілдес  болған.  
Түркілену үрдісі Түрік қағанаты кезінде күшейді (VI-VIII ғғ).  
      
Кейінгі  орта  ғасыр  дҽуірінде  ҽртүрлі  Шығыс  монғол  жҽне  түрік 
топтарымен  араласқан  қазіргі  Орта  Азия  халықтары  пайда  болды.  Мысалы, 
түрікмендердің шығу тегіне жҽне тілдерінің қалыптасуына ықпал еткен оғыздар 
болды.  Ал  қарақалпақтардың  шығу  тегі  қыпшақтармен  байланысты.  Тҽжіктер 
жергілікті  иран  тілдес  халықтың  ҿкілдері.  Бадахшанның  таулы  аудандарында 
шугнан, вахан, язгулен, ишкашим сынды иран тілдес халықтар мекен етеді.  
      
Сібір  халықтары.  Антропологиялық  белгілері  бойынша  монғолоидтық 
нҽсілді  болып  келеді.  Сібір  халықтары  ҽр  түрлі  тілдік  семья  мен  топтарға 
жатады.  Алтайлық  тілдер  семьясы  үш  топқа  бҿлінеді:  түрік,  моңғол  жҽне 
тунгус-манчжур.  Түрік  тармағы  ҿте  кең  тараған.  Сібірде  оған  алтай-саян 
халықтары:  алтайлықтар,  гулымцылар,  шорцылар,  хакастар,  тувалықтар, 
карагастар,  батыс  сібір  татарлары:  тобылдықтар,  барабиндік,  томскіліктер 
жатады.  Қиыр  солтүстікте  –  якуттар,  долгандар,  моңғол  тобына  –  буряттар 
енеді. 

20 
 
Алтай  халықтары  семьясының  тунгус-манчжур  тобына  Обь  ҿзені 
бассейінен  Охот  теңізі  жағалауына  дейін  жҽне  Забайкальеден  Мұзды  мұхитқа 
дейінгі  жеке  топтар  болып  шашыраңқы  мекендейтін  эвенкілер  (тунгустар) 
жатады. Солтүстік Якутияның кейбір аудандарында, Охот теңізі жағалауы мен 
Камчаткада мекендеген жҽне тҿменгі Амур халықтарының кейбірі нанайлықтар 
(гольдтар), ульчилер, негидальдықтар, Сахалиндік ороктар енеді. 
Ал  Батыс  сібірде  ұзақ  уақытынан  бері  орал  тілдері  семьялық  тобын 
құрайтын этникалық қоғамдар құрылған. Олар Оралдың орманды далаларынан 
Обь ҿзенінің жоғары ағысының угротілдік топтары жҽне самодийлықтар.  
Қазіргі кезде Обь-Ертіс бассейіндерінде угор халықтары- ханты мансылар 
мекендейді. 
Самодийлықтарға  Таз  ҿзені  мен  Обь  ҿзенінің  орта  ағысы  бассейінінде 
орналасқан  селькуптар,  Енисейдің  тҿменгі  ағысындағы  энцілер,  Таймырдағы 
нгасандар,  тавгийлықтар  жатады.  Самодийлық  халықтардың  кейбірі  оңтүстік 
Сібір,  Алтай,  Саян  тау  бҿктерінде  ҿмір  сүргенімен  олардың  бірқатары- 
қойбалылықтар, камасиндер ХІІ-ХІҮ ғғ. түркіленген болатын.  
Сібір  халықтарының  біршама  тобын-  Ресейдің  азиялық  бҿлігін  ертеден 
мекендегендердің  ұрпақтары  деп  есептелінетін  –  палеоазиаттар  деп  аталып 
кеткен халықтар орналасқан. Алайда бұл мҽселе шиеленіске толы. Біріншіден, 
«палеоазиаттық»  этникалық  қоғамдар  қашан  жҽне  қай  жерде  қалыптасқаны 
белгісіз,  екіншіден,  ғалымдар  пікірі  бойынша  ортақ  «палеоазиаттық» 
этнолингвистикалық  семья  болмаған,  ҽрі  шартты  түрде  оған  жатқызылатын 
тілдер  лингвогенетикалық  тұрғыдан  түрліше.  Мҽселен,  тек  чукча,  коряк  жҽне 
ительмендер  тілдері  генетикалық  бірлікті  құраса,  қалған  «палеоазиаттық»  деп 
аталатын  тілдер  бір-бірінен  ҿте  алшақ.  Мысалы,  Енисейдің  орта  жҽне  тҿменгі 
ағысын мекендеген – кеттер, солтүстік Сахалин мен Амур тҿменгі ағысындағы  
-  нивхілер.  Ал  ҿзара  туыс  тілдерде  чукоткадағы  эскимостар  мен  Командор 
аралығындағы  алеуттар  сҿйлейді.  Бұларды  «палеоазиаттық»  тілдер  тобына 
жатқызу  да  тек  шартты  түрде.  Юкагирлер,  оларға  жататын  чувиндерді  де, 
палеоазиаттық этностарға жатқызады. 
«Палеоазиаттық»  халықтармен  бірге  Батыс  Сібірде  түрік  тілінде 
сҿйлейтін  халықтар  да  мекендейді:  якуттар,  сохалар,  тувалықтар,  буряттар, 
хакастар  жҽне  т.б.  Ал  Енисейден  батысқа  қарай  елді  мекендердің  жергілікті 
халықтарын  ханты,  мансы,  селькуптар,  ненецтер,  батыс  сібір  татарлары, 
солтүстік алтайлықтар, шорцтар құрайды [2, 225-227].                             
Қорытынды:  Еуразия  континенті  жағрапиялық    кеңістік  ретінде  алуан 
түрлі  болып  келеді.  Оның  аумағын  мекендейтін  халықтардың  шығу  тарихы  
ҿзара  тығыз  байланысты,  дегенмен,  олардың  этногенезі  мен  тілдік 
ерекшеліктерінде айырмашылықтар бар. 
Әдістемелік нұсқаулар: Еуразияның жағрапиялық  жҽне тарихи мҽнісін 
қарастырғанда  пайдалантын  ҽдебиеттердің  ғылыми  шынтуайттылығына  мҽн 
беру қажет. 
 
 

21 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Қазақcтан ұлттық энциклопедиясы.- 3 том.- Алматы, 2001. -Б. 445. 
2.
 
Шҽлекенов У. Х., Шҽлекенов М. У. Ҽлем халықтарының этнологиясы. 
- Алматы: «Алтын мұра», 2002. -302 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет