Қ-71 Қуантаев Н



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Екінші тарау
ҚИЯДА

69
ҚАРАӨЗЕК
болғаннан  кейін  жан  баласы  баспаған,  жайылымда 
өскен ойдың қалың жасыл шөбі көздің жауын алып, түгі 
қисаймай, тусырылып тұр. Қоңыр ат майда ескен самал 
жел  толқыта  тербеп  тұрған  көк  шөптің  басын  ақырын 
ғана мойнын бұра, бырт еткізіп жұлып алып, ауыздықтың 
бөгет болғанына қарамай, езуі көк нілденіп, қаршылдата 
шайнап  келеді.  Өзен  сағасына  жақындаған  сайын  ит 
тұмсығы батпастай болып ұйыса түскен жасыл шалғын 
биік аттың өзіне зорға ашылып, еріксіз жол беріп келе 
жатыр. Хақназар аққан судың бағытын көргісі келгендей 
атының басын шалт бұрып, тебініп қалып әудем жердегі 
иекартпаға  шоқыға  шыға  келді.  Оң  жағалауындағы, 
шоқ-шоқ  болып  тұрған  бірен-саран  тал  мен  шілікті 
есептемегенде,  жағасын  қамыс  пен  қоға  көмкерген 
енсіздеу  өзеннің  көрінісі  өзгеше  әдемі  көрінді.  Түбіт 
бұлттары  жерге  жақындағысы  келгендей  төне  түскен 
шайдай  ашық,  тұнық  көк  аспанның  астында  бұйығып, 
бейқам жатқан мына өлке жан тыныштығының жұмбақ 
мекені  секілді.  Бәленбай  жылғы  тар  жерден  кұтылған 
Хақназардың күткені де осы еді. Жарықтық, кір жуып, 
кіндік кескен қайран жердің кейде түсіне кіріп, сағына 
оянатыны  есіне  түскен.  Іле  мауқымды  басайыншы 
дегендей, үзеңгіге салмақ сала атынан түсіп, шылбырды 
қолынан  шығармай,  белуарынан  келетін  шөпті  жапыра 
құлай  кетті.  Бірақ  ұзақ  жата  алмаған.  Атын  жетектеп 
өзенді  құлдай  жүрді.  Сол,  бала  кезіндегідей,  сырым 
ішімде  ғой  деп,  үнсіз  ғана,  баяу  ағып  жатыр.  Шөбі 
селдірлеу келген аласа жарқабаққа келіп тоқтаған.
Етектегі, үйіріле толқыған қара суды қызықтап тұрған 
Хақназарды кенет пыр-р ете қалған дыбыс елең еткізген. 
Үлкен, көкала үйрек екен. Тас лақтырым жердегі қалың 
қамыстан  қанатын  сабалай  тіп-тік  көтеріліп,  әуеде 
бірер  секунд  тұрды  да,  сымпылдап  ұшып  кетті.  Әлден 
соң, тырна ма, көкқұтан ба, айыра алмаған, олардың да 
төбесінен сусылдай ұшып өткенін көрді. Қайран қалған. 
Бала кезінде өзен бойында бұл құс көрінбеуші еді.
Шылбырды  жұлқи  тарта,  шөп  басын  қуалап,  еркін 
оттауға  кіріскен  қоңыр  атты  тұсап,  ауыздығын  алған. 
Содан соң ыңғайлы жерді іздеп суға түспек болды. Не 

70
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
болса да, бір көрейінші деп, асты шөп пен балдыр болған 
соң сәл жүрексініп тұрды да, артынша үстіндегі киімінен 
лыпа қалдырмай, бәрін шешіп тастап, баспен суға күмп 
берді.  «Түу,  рақат-ай»  деп  күбірлеген  атып  шыққанда. 
Сергіп  қалыпты.  Дүние  өзгеріп  сала  бергендей.  Жаңа, 
жас  түрге  енгендей.  Оншалықты  терең  емес  сияқты, 
бірақ бойлауға батылы бармаған.
«Күзге  таман  құс  атуға  келуге  болады  екен»  деп 
ойлады да, іле-шала-ақ өз ойына өзі күліп жіберді. Осы 
жасына шейін мылтық атып көрмегені есіне түскен.
Аздан  соң  ыстықтай  бастады.  Тас  төбеге  өрмелеп 
жетіп қалған табақтай күннің сарша тамыздағы шекені 
тесетін  айрықша  ыстығы  басталмақ  тәрізді.  Қой, 
қайтайын  деген  оймен  әудем  жерде  шыбындай,  оттап 
тұрған  атына  қарай  жүрді.  Салқын  қайтқан  соң  сәт 
сайын  көбейіп  келе  жатқан  шыбын-шіркейден,  әсіресе 
сона мен масадан қашқан.
2.
Желтоқсандықтардың  ұйымы  бар  деп  естіген 
соң  соларға  барып,  ақыл-кеңес  алып,  оқуын  қайта 
жалғастыруға әупірімдеп жүріп әйтеуір рұқсат алды. Екі 
ай бойы табанынан таусылып, әбден сенделген Хақназар 
қағазбастылық дегеннің адамды қалай жейтініне де көзі 
жеткен. Әйткенмен жазықсыз жаладан, сотталған деген 
сұмпайы аттан құтылатын болғанына қатты қуанып еді. 
Алаңдап  отыр  ғой,  қуанышты  хабарды  жеткізейін  деп, 
шешесіне сол күні-ақ хат жазып жіберген.
Бұл  кезде  Алматыда  сары  күздің  сабалақ  жаңбыры 
басталған.  Тіпті  қыс  ерте  түсетінін  байқатқандай,  тау 
басына қар түсіп, таңғы ауадан ызғар білінетін. Ара-тұра 
кей күндері салбырап кеш түсісімен қол созым жердің 
өзі  шаңыттанып,  қалың  тұман  басар  еді.  Күндіз  түссіз 
аспан  түнеріп  тұрып  алады.  Кейбір  уақытта  қаракөк 
түске  кіріп,  қаланы  жаныштап  тастайыншы  дегендей 
төніп келе, кісінің еңсесін басып тұрып алады. Дегенмен, 
Алматы сол бұрынғы қалпында екен. Сағынып қалыпты. 
Мауқымды  басайыншы  деп  Құрмашты  ертіп  алғашқы 

71
ҚАРАӨЗЕК
күні  армансыз  аралаған.  Аралағанда  сол,  «Арман» 
кинотеатрына барып, Абай ескерткішінің қасында жүріп, 
Горький паркін қыдырып, кешкісін шаршап Құрмаштың 
жатақханасына оралған.
Құрмашты  босанып  шыққалы  бері  екінші  рет  көріп 
отыр.  Жазда  досы  каникулға  келгенде,  қуана  көрісіп, 
екеуі армансыз сырласқан. Іштегі шерді ақтарып, көңілдің 
кірін кетіріп, бүккен нәрсесінің бәрін қалдырмай, түндер 
бойы әңгіме шертісіп еді. Енді, міне, екеуі де Алматыда.
–  Қыздарға  барайық,  –  деді  Құрмаш  жатақтың 
бөлмесіне  сыймай.  Сыймағаннан  бұрын  екеуінің  де 
қарыны ашып еді. Қыздарға барайықтың артында «шай 
ішіп, ес жиып алайық» деген емеурін жатқанын біліп:
–  Құр  қол  жетіп  барғанша,  бірдемелерімізді  көтере 
келейік, – деді Хақназар. Ескі темір керуетте шалқасынан 
түсіп жатыр еді, сықырлата орнынан тұрған.
Консерватория жатақханасының артында, екі-үш жүз 
қадамдай жерде дүкен бар еді, соған барып, шайға деп 
пешение, кәмпит сияқты біраз тәтті нәрсені алып келді.
–  Осы  жерді  неғып  тещин  язык  дейді?  – 
деп  сұрады  Хақназар  қайтып  келе  жатқанда 
Абай,  Жандосов,  Чапаев  деген  үш  көшенің 
қиылысынан пайда болған, аумағы біршама үш бұрышты 
жер ел аузында «тещин язык» – ененің тілі деп аталушы 
еді.
– Ит біле ме, – деді Құрмаш аузындағы пешениесін 
шайнап келе жатып, – мыйға кірмейді.  Ал жарайды, үш 
бұрышты, сала құлаш болып осы жер тілге ұқсап тұрсын-
ақ делік, бірақ неге ол «ененің тілі» деп аталуға тиіс. Тегі, 
орыстың образды ойлау жүйесі біздікінен басқаша-ау.
Қыздар дәл бір қонағын күтіп отырғандай жайраңдап, 
емен-жарқын  қарсы  алған.  «Баланың  бұлардың 
алдындағы  абыройы  жаман  болмады»  деп  ойлады 
Хақназар аяғын шешіп жатып.
–  Қайда  жүрсің,  Құрмаш-ау,  сабақта  да  жоқсың 
кешелі-бүгін? – деп сұрады бұлар төрге шығып отырған 
соң тығыршықтай қара қыз.
– Оның кешірімді себебі бар, – деді Құрмаш жымиып. 
Жастықты  арқасына  тіреп  қойып,  аяғын  айқастырып, 

72
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
шалқасынан  түсіп  отырды.  –    Бала  күннен  мені  арқа 
тұтып  өскен  бір  інішегім  келіп  қалып  еді,  өзі,  міне, 
отыр, осыған күні бойы қаланы көрсетем деп өліп қала 
жаздадым.
Хақназар еріксіз күлді.
–  Танысып  қойыңыздар,  қыздар,  –  деді  Құрмаш.  – 
Менің кластасым – Хақназар.
Біреуі ұрлана, біреуі сынай қарап таныса бастаған.
–  Анар,  –  деді  тығыршықтай  қара  қыз  әппақ,  ірі 
тістерін ақсия көрсете күліп.
–  Индира,  –  деді  талдырмаш  келген,  көзілдірік 
таққан,  ұзын  бойлы  сары  қыз  оқып  отырған  кітабын 
былай қойып.
– Самал, – деді төрдегі терезенің жақтауына сүйеніп 
тұрған, «спортивка» киген аққұба қыз.
–  Міне,  ресми  танысу  осымен  бітті.  Енді 
отырысымыздың  келесі  бөлімі  –    қонақасын  беру, 
шай  беру  деген  сияқты  ресми  емес  жағына  тезірек 
көшейік, – деді Құрмаш қолын уқалап.
–  Саған  емес,  алыстан  келген  қонаққа  қонақасы 
беруге болады, – деді Индира күліп.
–  Е,  мен  де  соны  айтып  отырмын  ғой...  «Осы  күнгі 
қазақ қыздарында екінің бірінің аты – Индира. Қандай 
сүйкімсіз есім» деп ойлады Хақназар сары қызға қарап.
– Хақназар деген атты бірінші естуім, – деді Индира. 
– Ол не деген сөз?
«Мына қыз адамның ойын оқи ма-ей?..» деп қысылып 
қалды Хақназар, бірақ іркілмей тез жауап берген:
–  Енді... оның, шығу төркіні – Хақтың, яғни Алланың 
назары,  Алланың  көңілі  түсті  деген  мағынада  жатса 
керек. Атам сүй деп түсіндірген. Өзінің қойған аты ғой. 
Хақназар деген қазақтың ханы да болған тарихта.
– Надо же, – деп Анар басын шайқап күлді.
–  Оригинально,  –  деді  бұл  кезде  дастарқан  жасап 
жүрген Самал.
–  Өзі  де  оригинальный  жігіт,  –  деді  Құрмаш. 
–    Болашақ  экономист,    болашақ  сапқоз  директоры, 
нағыз ер-азаматтың мамандығы.
– Рас, – деді Индира.

73
ҚАРАӨЗЕК
Құрмаш, біздікі сияқты емес, экономист мамандығы 
нағыз ер-азаматқа қол, керемет жұмыс, бұлардың етегін 
ұстаған қыздар келешекте не жеймін, не ішемін демей, 
ет  пен  майға  бөгіп  отырады  деп,  ұзақ  сонар,  қысыр 
әңгімеге көшіп кетті.
– Шай ішіңіздер, – деді шынаяққа шай құйып жатқан 
Анар.
Қыздардың екеуі осы консерваториянікі, Құрмаштан 
төменірек  оқитын,  2-курс  студенттері  болып  шықты. 
Самал шет тілдер институтында оқиды екен.
–  Неміс  тілі  ме?  –  деп  сұрады  Хақназар  өзінің 
мектепте оқыған  тілі есіне түсіп.
– Жоқ, ағылшын тілі, – деді Самал қолымен кекілін 
жинап  жатып.  Ұзын,  қолаң  шашы  әдемі,  аққұба  өңіне 
өзгеше  сән  беретін  секілді.  Қыр  мұрынының  үстінде 
тарыдай меңі бар екен.
Шай алыңыз, Хақназар, – деді Анар.
– М-м, ішіп отырмын...
Құрмаш  уақыт  көңілсіз  өтпесін  деген  болуы    керек, 
Хақназар  екеуінің  мектепте  оқыған  кездерін  еске 
түсіріп,  балалармен  көкке  шығарда  көршінің  үйінен 
тауық ұрлағанын, ол тауығы артынан Хақназардікі болып 
шыққанын  айтып,  елді  күлдірем  деп,  өзінің  ішек-сілесі 
қатып отырды.
– Иә, менің де есіме түсіп отыр, – деді Хақназар да. 
– Біздің үйге әкеліп, түнде жүнін жұлып, пісірдік емес пе 
бәріміз. Ертеңіне келсем, шешем қауырсынынан танып, 
тауықты қайда жібердің деп ұрысқаны. Өзі де елде жоқ, 
ерекше сары тауық еді ғой.
– Соңдай бір тауық етін әкеліп жеу керек еді, – деді 
Құрмаш, – тәбет ашылып кетті ғой әңгіме айтам деп.
– Біз ет жемейміз, – деді Индира салтанатты түрде 
маңызды хабар естірткендей.
– Онысы несі тағы? – деді Құрмаш. – Атаң қазақ дүние 
жүзінде  екінші  орын  алады  ет  жеуден.    Мынауыңды 
естімейтін болайын, шырағым.
–Бірінші орынды кім алады? – деп сұрады Анар.
– Неден? – деді Құрмаш түсінбегенсіп.
– Ет жеуден.

74
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
– Қасқыр.
Қыздардың үшеуі де күліп жіберді.
– Бірақ біз расында да ет жемейміз, – деді Индира 
тағы да.
– Ойнап айтып отыр, – деді Анар.
–  Жоқ,  рас,  оның  несін  жасырамыз,  –  деді  Индира 
оған  қарап.  Содан  соң  керуетте  отырған  екі  жігітке 
бұрылып:
–  Біз кришнаиткамыз! – деді.
–  Онысы несі тағы?
–  Кришна  деген,  –  деді  Индира  көзілдірігін  түзеп 
қойып.  –    Түсінесіздер  ме?  ...Ол  былай...  Былайша 
айтқанда, вегетарианка деген сөз ғой.
– Бірінші рет естіп тұрмын, – деді Құрмаш.
– Оны түсіңдіру қиын. Оны түсіну үшін бізбен бірге 
сол жерге баруың керек сенің, Құрмаш.
– Ол неғылған жер?
–  Шынын  айтсақ,  біз  қазір  кришнаиттардың 
ұйымына  барып  жүрміз,  –  деді  Анар  қараторы 
өңі  лып  ете  күреңітіп.  –  Қызық  екен  өзі.  Неше 
түрлі обрядтары бар. Бірақ бізге ұнады, үйткені өмірдің 
әр  түрлі  құпияларын  ашып  береді.  Оказывается,  ет 
жеген адам қылмысқа ортақ болады екен ғой...
Жігіттер бір-біріне қарап күлген.
–  Оның  күлетін  ештеңесі  жоқ,  –  деді  сабырлы 
қалпында қалған Индира. – Кришна ілімі бойынша, мына 
дүниедегі заттың бәрінде жан бар. Сендер адамда ғана 
жан бар деп ойлайсыңдар ғой?
– Иә, – деді Құрмаш мына қыз одан ары не  айтар 
екен дегендей.
–  Сендер  адамда  ғана  жан  бар  деп  ойлайсыңдар, 
солай ғой... – деді Индира тағы да. – Жоқ, олай емес. 
Дүние жаратылғанда бәрінде болған, жан-жануарларда 
да жан бар. Тіпті далада өсіп тұрған шөпте де, таста да, 
құмда да жан бар.
– Жарайды ал, содан?
– Міне, жаны бар жануардың етін жеп, біз – адамдар  
күнәға  батамыз.   Кришна  ілімі сондықтан етке запрет 
қойған.
– Пәлі, – деді Құрмаш. – Сен шөпте де жан бар деп 

75
ҚАРАӨЗЕК
отырсың, онда мына салатта да, ана бидайдан тартылған 
нанда да жан бар емес пе. Нан жеген адам да қылмыскер 
болып шығады ғой сеніңше сонда?
–  Жоқ,  жоқ,  –  деді  Индира  дес  бергісі  келмей. 
–  Кришна  ілімі  бойынша,  шөптен  жасалған  тағамды 
жеуге рұқсат. Ал етті... ни-ни... атама!
–  Сендер  бұл  пәлемен  қашаннан  бері  ауырып 
жүрсіңдер, мен қалай байқамай жүрмін? –  деді қайран 
қалған Құрмаш.
– Ауру деп жамандама үйтіп, Құрмаш, – деді Индира. 
– Бұл ілімді үйреніп жүргенімізге бір айдың жүзі болып 
қалды. Содан бері, харе, Кришна, харе, Кришна! – Индира 
екі қолын алақанымен түйістіріп, көкке қарап сыйынып 
қойды. – Дүниенің құпиясына бойлап келеміз...
–  Біздің  мұсылманның  ұғымынша,  –  деді  Хақназар 
тамағын кенеп барып сөзге араласып, – мына дүниедегі 
жан-жануар,  ұшқан  құс,  жүгірген  аң  адам  баласының 
ризығы  үшін  жаратылған.  Алла  тағала  адамды  жер 
бетіне жібергенде қалған тіршілік иесін соның қорегіне 
деп жаратқан ғой.
– Пәлі, сен де дінге сенеді екенсің ғой, – деді Құрмаш 
мынау не деп кетті дегендей Хақназарға мойнын бұрып.
–  Мәселе  сенген-сенбегенде  емес,  ата-бабамыздың 
ұстанған діні ғой.
– Жоқ, біз атеист емеспіз бе, замандастар-ау, – деді 
Құрмаш. – Дарвиннің тіршілік эволюциясын оқып өстік 
қой, атамыз маймыл емес пе?
–  Оның  бәрін  өтірікке  шығарып  жатыр  ғой  қазіргі 
ғылым,  –  деді  Самал.  Өз-өзі  болып  әңгімеге  енді 
араласқан.
–  Құрмаш, сен қызықсың,  – деді Анар. – Қазір біздің 
өмірде үлкен өзгерістер болып жатыр ғой, сексуальная 
революция деп, религиозная революция деп түрлі-түрлі 
кітаптар шығып жатыр ғой. Тіпті өзің айналаңа қарашы, 
бұрынғыдай бір қалыпты өмір жоқ, дүние өзгеріп жатыр 
емес пе.
–  Сонда,  дүние  өзгерді  екен  деп,  бәрің  кришнаит 
болып кетпексіңдер ме? – деді Құрмаш.
– Бұл дегенің адам денсаулығына пайдалы ғой, – деді 

76
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Анар.  –  Ет  жеме,  құдайға  сыйынып  жүр  дегеннің  несі 
зиян?
–  Сондағы  құдайың...  жаңағы...  аты  қалай  еді... 
Кришна ма?
– Между прочим, – деді Индира көзілдірігін түзеп. 
– Кришнаизм – ең көне дін, адамзат жаратылғалы келе 
жатқан дін, Индияда пайда болған.
–  Индира,  –  деді  Хақназар.  –  Сонда  сіз  мұсылман 
баласы екеніңізді ұмытып кете бересіз бе?
– Мен мусульманка емеспін, – деді шарт ете қалған 
Индира.  –  Жарайды,  ата-бабамыз  ислам  дінін  ұстаған 
шығар, бірақ менің де өз талғамым бар ғой... Тем более 
демократиялық мемлекет орнатамыз деп жатырмыз, ал 
ондай  мемлекетте  кім  не  ойласа,  соны  істеуге  жағдай 
жасалуы керек. Вот!
3.
Хақназардың пәтер жалдайық деген сөзін, өзі де бір 
бөлмеде төрт-бес жігіт болып тұрып жатқаннан жалықса 
керек,  алғашында  Құрмаш  қуана  құп  алса  да,  артынша 
«өй,  оған  ақша  керек  қой,  ондай  ақша  бізде  қайдан 
болсын?» деп аңырып қалды.
–  Мен  заочноға  ауысам,  Құрмаш,  –  деді  Хақназар. 
–  Ақшаның  жаңқа  құрлы  құны  болмай,  күннен  күнге 
құнсызданып  бара  жатқан  мына  заманында  шешемнің 
азын-аулақ  айлығына  қарап  отырғым  келмейді. 
Стипендия  неге  жетеді?..  Ары  ойлап,  бері  ойлап, 
сырттайға ауысып, жұмыс істесем бе деп шештім.
Құрмаш ойланып қалды да:
– Өзің білесің ғой, – деді. – Мен саған не деп кеңес 
бере алам...  Бірақ қандай жұмысқа шықпақшысың?
– Көреміз... Табылуы керек қой бір жұмыс. Екі қолға 
бір күрек.
– Сол ақшаңа пәтер жалдамақсың ғой, солай ғой?
– Ие, әлбетте. Бірге тұрмаймыз ба?
–  Мен  студентпін  ғой,  қалай  сенің  ақшаңа  ортақ 
болмақпын?..
– Ештеңе етпес, ер мойнында қыл арқан шірімейді... 

77
ҚАРАӨЗЕК
–  деді  Хақназар  күліп,  сосын  құрдасының  арқасынан 
қағып қалды.
Оңтайлы пәтер табылмай, Хақназар атышулы «жетім  
бұрышта»  екі  күн  тұрды.  «Капиталды»    жазған  әйгілі 
қаба  сақалдың  есіміне  және  вакцинацияны  ойлап 
тапқан атақты француздың атына берілген екі көшенің 
қиылысындағы аядай жер «жетім бұрыш» аталушы еді. 
Орысшасы  –    «пятачок».  Пәтер  жалдағысы  келетін, 
пәтерін өткізгісі келетін ел-жұрт осы жерде тоқайласушы 
еді.  Ара-тұра  үй  сатып  алушылар  да  кездеседі.  «Жетім 
бұрыш»  –  не  үй,  не  жатақхана  таба  алмай,  өз  жерінде 
жалтақ болып, өз жерінде жетімнің күйін кешкен қазақ 
байғұстың  қойған  аты.  Дәл  қойылған.  Хақназар  бұл 
сөздің  шын  мағынасын  екі  күн  үй  таба  алмай,  әркімге 
бір  жалтақтап  жүргенінде  толық  түсінді.  Түсінген  де, 
бас  шайқаған.  «Рас-ей,  әркімге  көзіңді  сатып  тұрасың, 
жетімдік  емей  немене»  деп  ойлады  сосын.  Пәтерін 
өткізушілер аз емес. Және түгелі – ата-бабасы ақ патша 
заманында  переселен  болып  келген,  совет  дәуірінде 
ұлы  халық,  аға  ұлт  деген  атаққа  жеткен  елдің  баласы. 
Самайын ақ шалып, мықынын таянған маржалар, таяққа 
сүйенген  өлмелі  кемпірлер.  Көздері  шатынап,  іші-
сыртыңды  тінтіп,  құл  сатып  алғаннан  әрман  тергейді. 
Ашынғаннан Хақназарға, әй, осы жатағыма кетіп қалсам 
ба екен деген ой да келген.
– Үйленгенсің бе? – деп сұрайды бірі.
– Жоқ, бойдақпын.
–Бір өзің тұрасың ба?
– Жоқ, екі жігітпіз.
–  Мен  жігіттерді  алмаймын.  –  Сөз  бітті  дегендей 
жуан әйел теріс қарайды.
–Бойдақсың ба? – деп сұрайды тағы бір кемпір тесіле 
қарап.
–  Жоқ,  үйленгенмін,  –  дейді  Хақназар  қайтер  екен 
деп.
– Жас балаң бар ма? 
– Иә...
– Жас бала жылап ес-ақылды шығарады ғой, аулақ!
Сіз жаңа ғана айттыңыз ғой, времянкам бөлек деп.

78
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
– Бәрібір, жас баламен алмаймын!
Міне, пәтер өткізуші елдің талабы осындай.
Күні бойы тұрғаннан аяғынан сыз да өте бастаған. Үсті-
үстіне темекіні бұрқыратып тұр еді, бір кезде қолында 
таяғы, көзінде әйнегі бар бір шалдың топтың бір шетіне 
келіп  тұра  қалғанын  көрді.  Шалдың  тегін  жүрмегенін 
сезген Хақназар сияқты пәтер іздеушілер әп-сәтте оны 
қоршап  алыпты.  Темекісінің  тұқылын  лақтырып  тастап, 
бұл да жақындаған.
– Айына қанша сұрайсыз?
– Қай жерде, Шаляпин мен Саинда дейсіз бе?
– Бір бөлмелі пәтер ме? Мебелі бар ма?
– Телефоны бар ма, квартплатасын
*
 төлеу керек пе?
Үсті-үстіне  сұрақ  жауып,  жетпістегі  кәрі  шал 
алғашында  сасып  қалды.  Артынан  есін  жиып,  темір 
тістерін көрсете:
 Я только сдаю семейным
**
, – деді ыржиып.
Зор  дәмемен  ентелеп  жеткен  қазақ  жігіттері  «е, 
мынадан да қайыр жоқ болды ғой» дегендей, бұрылып 
қайтып  жатыр.  Бұларға  сыртынан  қарап  тұрған 
Хақназардың басына бір ой келіп, шалға таяй берді:
–  Үйіңіз  қандай,  айына  қанша  деп  отырсыз? 
Еңкіш  шал  қалың  көзілдірігінің  астынан  шалқая  қарап, 
алғашқы ақшаны үш айға төлеу керек екенін, бір бөлмелі 
пәтерінің  жаңа  екенін,  ішіне  әлі  ешқандай  мебель 
кіргізілмегенін,  бос  тұрғанын  тізіп  шықты.  Хақназар 
ойланып қалды: үш айға бірден төле дегені болмаса, ай 
сайынғы ақшасы онша қымбат емес сияқты көрінген.
–  Сізбен  келісіп  алайық,  –  деді  содан  кейін 
шалды  былайырақ  алып  шығып.    –    Көріп 
отырсыз,  үйіңізде  ештеңе  болмағаннан  кейін,  әрі 
алысырақ  болған  соң  елдің  бәрі  онша  қызығып  тұрған 
жоқ.  Пәтеріңіз  жұмыс  орныма  жақын  екен...  Сосын 
ғой ойланып тұрғаным. Бірақ мен үш айға бірден төлей 
алмаймын, егер көнсеңіз, ай сайын алдын ала ақшасын 
беріп тұрайын. Төсек-орын өзімнен.
Шал ойланып қалды.
*  Пәтерақы. - ор.
**  Тек шаңырақ көтерген жандарға ғана өткізем. - ор.

79
ҚАРАӨЗЕК
– Үйленгенбісің өзің? – деді содан соң.
– Иә, әрине...
– Балаларың бар шығар?
– Әзірге жоқ... Бірақ өзіммен тете бір інім бар.
Шал  иегін  уқалап,  көзәйнегін  сүртіп,  қайта  киіп, 
бұған қарап тұрды да:
– Іһм... Жарайды, жүр, үйді көріп қайт, – деді.
4.
Хақназар шалға алғашқы айдың пәтерақысын берерде 
институттағы қыздардың бірін ертіп алып, «мынау менің 
әйелім, інім ертең келеді» деп алдағанымен, мини-юбка 
киіп,  жұтынып  тұрған  ұзын  бойлы  қыздың  санына  бір 
қарап,  Хақназарға  бір  қарап  шал  сенген  рай  танытып 
кеткенімен, тексермек болған шығар, үйдің тағы бір кілті 
өзінде,  жиі  келгіштеп  жүріп,  бір  айға  жетер-жетпесте 
өтірігін біліп қойған.
–  Ай,  яй,  яй,  Хақназар,  –  деген  шал  басын  шайқап 
ас үйде отырғанда (бір айдың ішінде екеуі  тіл табысып  
қалған  еді,  ақсақал  Хақназардың  атын  жаңылмай 
айтатын). – Үлкен кісіні осылай алдайсың...
–  Алдаған  емес,  Кирилл  Савельевич,  жағдай  солай 
болды...,  –  Хақназар  не  айтарын  білмей,  еріксіз  күліп 
жіберген. – Бойдақпын десем, кіргізбейтін едіңіз, солай 
ғой...  Ал  енді,  міне,  бір  ай  болды,  өзіңіз  келіп  қарап 
жүрсіз,  кілтіңіз  бар,  кез  келген  уақта  кіресіз:  үй  таза, 
келімді-кетімді  артық  кісі  жоқ,  Құрмаш  екеуіміз  ғана. 
Арақ  ішпейміз,  бойдақшылық  құрмаймыз  –  көзіңіз 
жетті. Пәтерақыңызды ай сайын алдын ала төлеп тұрам 
деген қолхат жазып бердім. Өзіңіз ойланып көріңіз...
– Жарайды, – деді Кирил Савельевич қолын сілтеп. 
–  Болар  іс  болды,  бояуы  сіңді.  Тәртіпті  азамат  екенің 
байқалады.  Енді  сонау  «Алатау»  совхозынан  –  таудан 
түсіп, күні бойы пятачокте қақшиып тұратын шамам жоқ.
–  Міне,  Кирилл  Савельевич,  білген  адамның  сөзі. 
Тіпті  бірдеңе  бүлдіргеннің  өзінде  біздің  паспорттағы 
мәліметтер өз қолыңызда тұр ғой.
– Иә...

80
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Әсілі, Кирилл Савельевич жаман кісі емес еді. Осылай 
уақсыз уақта сайтандай сап ете қалса да, Хақназар күле 
қарсы  алып,  ыстық  шай  кұйып  берер  еді,  сонда  шал 
қабағы ашылып, жадырап әңгімесін айтар еді. Неміспен 
соғысқанын,  бозбала  шағында  соғыстың  соңғы  жылы 
әскер қатарына ілігіп, Германиядан қайтқанын, контузия 
алғанын,  Алматыға  елуінші  жылдары  Тамбовтан  ба, 
Рязаньнан  ба,  әйтеуір  ішкі  Ресейдің  бір  жерінен  келіп 
қоныс  тепкенін,  жұмысшы-слесарь  болып  істегенін, 
бәйбішесі өліп, қазір, міне, он шақты жыл болды, таудағы 
«Алатау»  совхозындағы  бір  кемпірдің  жайлы  қолына 
кіріп алғанын, мына үйді бәленбай жыл кезекте тұрып, 
биыл ғана фронтовик ретінде зорға алғанын жыр қылып 
айтады.  Өзінің  соңғы  жылдары  простатитпен  қатты 
ауырғанын, одан құтылу үшін операцияға түскенін, одан 
ақыр  аяғы түк шықпағанын да айтуды ұмытпайды.
–  Сен,  Хақназар,  құдай  сақтасын,  әрине,  бірақ 
простатит бола қалсаң, операция жасатушы болма! – деп 
сұқ саусағын безейді содан соң.
Бұл жолы да сөзуар шал Хақназардың еріксіз тыңдап 
отырғанына мән бермей, әлденелерді айтып, біраз уақыт 
отырды.
– Қой, күн кешкіріп барады, жігіттер, үйге қайтайын, 
кемпіріме барайын, – деді бір кезде. 
Содан кейін шығып бара жатып:
–  Хақназар!  Ана  газ  плитканың  үстін  жарқыратып 
сүртіп тұруды ұмытпа, – деген. 
– Иә, иә, ұмытпаймыз...
–  Осы  шалды  әспенсітіп,  сонша  уақыт  ерінбей 
әңгімелесіп отыратының не-ей осы сенің? – деді бөлмеде 
жатқан Құрмаш қожайын шал кеткен соң.
– Енді не істейсің күнің қарап тұрғаннан кейін...
– Төзіміңді айтам осы шалмен сейлесуге шыдаған.
Бос үйге бұл кезде жігіттер жатақханадан екі керуетті, 
бір үстел мен орындықты ұрлап әкеп қойған еді. Үйдің 
көркін  ашады-ау  деген  ұсақ-түйек  заттар  да  табылған. 
Десе де, бөлме іші жұпынылау еді.
– Одан да бір күй шертші, – деген Хақназар. 
Құрмаш  бәлсінген  жоқ,  текеметке  малдасын  құрып 

81
ҚАРАӨЗЕК
жіберіп, қалақ домбырасының күйіне келтіріп алып, бір 
әуезді  бастап  кеткен.  Күйдің  жүрек  қылын  тербейтін 
әрбір  нақышын  үйірілтіп  ойнаған  сайын  Құрмаш 
көзін  жұмып,  бүкіл  денесімен  ырғатылып  кетеді  екен. 
Шанақтан  күмбірлей  төгілген  қоңыр  әуеннің  ішінде 
бәрі  бар:  қаздың  қаңқылы,  аққудың  сұңқылы,  өкініш 
пен сағыныш, шаршау мен аңсау – түгел сезім тоғысқан 
өзгеше күй екен. Өзі құйылып жатқандай. Ойнап тұрған 
Құрмаштың саусақтары  емес сияқты. 
– Япыр-ай, мынауың керемет екен! – деді Хақназар 
күй біткен соң таңдайын қағып, – Бұрын естімегем. Аты 
қалай?
– «Кертолғау».
– Тәттімбеттікі шығар.
– Жоқ, Сүгірдікі, – деді Құрмаш.
5.
Хақназар  жұмыс  таба  алмай  біраз  сенделген. 
Алдымен 
қаладағы 
құрылыс 
басқармаларының 
біріне  барды.  Тар  жерден  үйреніп  келген  ағашшы 
деген,  тағы  бірдеңе  деген  өнері  бар,  құрылыс  жағын  
алып   кететініне  сенген. Бірақ гиперинфляция деген 
жалмауыз, жеміт заман келген соң бұлардың жағдайы 
мәз емес екен. Бірнеше ай берілмей жатқан айлығының 
өзі шамалы дейді, көңілі толмай, кері қайтқан. АЗТМ –  
Алматы ауыр машина жасау зауытына барды, ондағылар 
өзіміз қысқарып жатырмыз деді.
Хақназардың  меселі  қайтып, тауаны шағылған жоқ.  
«Бірдеңесі болар, ештеңе табылмаған күннің өзінде бір 
жерге  күзетші  не  карауыл  болып  орналасармын»  деген 
іштей.  Бүгінге  осы  жетер  деп,  қалған  шаруаны  ертең 
шешетін  болып,  көше  бойлап  келе  жатқан.  Ағызып  
барып  әудем  жерге  шыңғыра  тоқтаған  тоғызыншы 
модельді,  сұр  «Жигули»  артқа  беріп,  бұған  қарай  таяп 
келеді.  Алғашында  мән  бермеген,  анау  сигнал  беріп 
қоймаған соң кім екен деп жақындады. Бергі жақ есік 
серпіліп ашылғанда да рөлде отырған, дөңгелек жүзді, 
жас жігітті танымаған.

82
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Шығаев,  сен  не,  танымай  тұрмысың,  кел,  отыр 
мәшинеге!
Хақназар мәшинеге келіп отырғанда ғана таныды: иә, 
сол, сонау сексен бесінші жылы бірге түскен курстасы. 
Амандасып,  жағдай  сұрасып  жатқанда  ғана  есіне 
түсірген: аты Ернар еді ғой.
– Да-а, – деді Ернар жымиып. – Сені көреміз деп кім 
ойлаған?
–  Менің  немене,  жаназамды  шығарып  қойып  па 
едіндер? – деді Хақназар темекісін тұтатып жатып.
–  Жоға...  Кешір  енді,  әшейін  сөздің  реті  келгесін 
айтып жатқаным ғой.
Ернар – осы Алматыда туып-өскен жігіт еді. Әкесін 
бір мекеменің   бастығы деп еститін.
Жағдайы  жаман  емес  сияқты,  коммерциямен 
айналысатынын,  шетелге  шығып  жүргенін  әңгімелеп 
жатыр. Хақназар болса, бұрынғы институтына қайтадан 
студент  болып  тіркелгенін,  қазір  пәтер  жалдап  тұрып 
жатқанын айтып, сөзін қысқа ғана қайтарды.
–  Да-а,  Хақназар,  көп  жыл  кесіп  жіберді,  ә,  саған 
сол кезде? – деді Ернар жолдан көз айырмай. Мәшине 
қаланың күнбатыс жағына беттеп келе жатқан.
Хақназар үндеген жоқ.
– Кімдерді көрдің бе... Абдоллаларды?
–  Жоқ,  –  деді  Хакназар  баяғыда  мұнымен  бірге 
алаңға барғамыз жоқ деп танып кететін ескі серіктерін 
есіне түсіргісі келмей.
–  Абдолла  қазір  өзінің  облысында  жүр,  былтыр 
барғанда  көргем,  аудандық  ауыл  шаруашылық 
басқармасында жұмыс істейді екен. Еркін осында, ГАИ-
де жүр.
– Мен үйленгем, – деді сәл үнсіздіктен соң Ернар.
– Ә-ә, құтты болсын, Ернар, – деді Хақназар бұрынғы 
курстасының қуанышына шынымен ризалық танытып.
–  Рақмет.  Қазір  «Самалда»  тұрып  жатырмын.  Екі 
бөлмелі пәтерім бар.
– Жақсы екен, кішкентайларың бар ма?
– Әзірге жоқ, бірақ сол бола ма деп күтіп жүрміз...
–  Жөн  екен,  –  деді  Хақназар  әйнекті  ашып, 

83
ҚАРАӨЗЕК
темекі  тұқылын  сыртқа  лақтырып  жіберіп.  – 
Өзіңнің  жұмысың...  коммерцияңды  айтам,  қалай 
өзі, не сатасың сонда?
–  Әрқалай...  Ірі  фирма  емеспіз,  оған  әлі  несие 
ала  алмай  жатырмын.  Әзірге  сол,  сабын,  тіс  пастасы 
дегендей.
– М-м. Енді несие алмаймысың? 
Ернар бұған қарап күлді.
– Ол үшін, бауырым, жақсы шапка керек, сол дайын 
болмай жатыр ғой...
– Қандай шапка керек? – деді Хақназар түсінбей.
–  Коммерческий  банкілерден  несие  алу  үшін  оның 
басшыларына тіскебасар беруің керек, турасын айтсақ, 
пара,  ақша  беру  керек.  Соны  «шапка»  дейді.  Әйтпесе 
банкіден несие ақша ала алмайсың.
– Е, сондайы бар де.
– Иә. Сенің воляға
*
 шыққаның кеше ғана ғой... Содан 
ғой білмей жатқаның.
Ернар  автомашинасын  кілт  солға  бұрып,  Саин 
көшесіне  түсіп,  өрге  қарай  салған.  «Девяткасы»  жаңа 
болса керек, секірмей, солқылдамай, бір қалыпта келеді.
– Мәшинең жаңа ғой деймін, ә?
– Ие, пахан көктемде алып берді ғой...
–  Айтпақшы,  –  деді  Ернар  екеуі  тағы  да  өткен-
кеткенді  еске  түсіріп,  Хақназардың  үйіне  таяп 
қалғанда.  –  Сенің  өзің  қай  жерде  жұмыс  істеп 
жүрсің, сұрайын деп отырып тарс естен шығып кеткенін 
қарашы...
– Әзірге жұмыс жоқ. Іздеп жүрмін, табылып қалар.
– Слушай, – деді Ернар мәшинені кілт тоқтатып. – Сен 
маған келсең, қалай болады?
– Саған? – Иә.
– Не жұмыс бар сенде?
–  Қаласаң,  менің  дүкеніме  күзетші  бол,  ұнамаса, 
барахолкада  үлкен  контейнерлерім  бар,  біреуін  алып, 
сауда істе...
– Жас капиталистерге жалданам деп жүріп, жон терім 
сыпырылып қалып жүрмесін, – деді Хақназар күліп.
*  Еркіндікке. – ор.

84
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Да  ну,  брось,  какой  уж  там  капиталист...  Между 
прочим
*
,  бізде  нағыз  капитализмнің  элементтері 
әлі  пайда  бола  қойған  жоқ.  Ну,  бар    енді  рыночная 
экономиканың кейбір тенденциялары... Солай. Сонымен 
не... кел маған, ақылдасайық.
– Сені қайдан табам?
–  Әзірге  менде  офис  жоқ.  Давай,  бүрсігүні  сағат... 
так,  так...  сағат.  –  Ернар  қол  сағатына  қарап  ойланып 
қалды.  –  Сағат  он  екіде  сельхоз  институттың  бас 
корпусының алдыңда кездесейік, мақұл ма?
–  Жарайды,  –  деді  Хақназар  мәшинеден  түсуге 
ыңғайланып.
– Жарайдыны қой, обязательно кел!
– Жарайды...
6.
Орталық  стадионның  алды  –  ығы-жығы  көп  халық. 
Бүгін футбол матчы өткізілетіні, кешкі ойын басталғалы 
жатқаны  есіне  түскен.  «Футбол  көріп,  жанкүйер 
болмағалы қай заман» деп ойлады Хақназар стадионның 
қасынан  өтіп  бара  жатып,  Құрмаш  екі  күн  болды, 
үйге  келмей  жүр  еді,  бұған  не  болды  екен,  мүмкін, 
жатақханада,  жігіттердің  қасында  жүрген  шығар  деп 
консерватория  жатақханасына  қарай  келе  жатқан  беті 
еді.  «Бірақ  бұрынғыдай  нөпір  болып  келуді  сиреткен 
сияқты,  футболы  несі,  байтал  түгіл  бас  қайғы  болып 
жүргенде дейтін шығар» деп ойлады үлкен аялдаманың 
жанынан  ашылған  киоскілердің  бірінен  темекі  сатып 
алып жатып. Темекінің бағасы да күн сайын құбылып тұр 
екен,  кешегі  «Кэмел»  бүгін  қымбаттаңқырап  қалыпты, 
қалтасы  жұқа  болғасын  «Лазер»  деген  арзанқолдау 
сигаретті сұраған. 
–  Саламатсыз  ба?  –  деді  осы  кезде  біреу.  Қыздың 
дауысы.
Хақназар  бұрылып  қараса,  сұңғақ  бойлы,  қолаң 
шаш  бір  қыз  күлімсіреп  қарап  тұр.  Екі-үш  ай  бұрын 
консерватория жатақханасында көрген әдемі қыз.
*  Қой, қайдағы капиталист... Арасында айтып қояйын. – ор.

85
ҚАРАӨЗЕК
–  Ә-ә,    ...саламатсыз  ба...  Самал,  –  деді  Хақназар. 
Қызды  бұл  жерде  кездестірем  деп  күтпеген  еді, 
сасқанынан:
– Темекі алып тұр ем, – дегені.
– Көріп тұрмын, – деді қыз жымиып.
–  Ақша  үйде  қалып  кетіп...  қалтадағы  азын-аулақ 
тиынға  мына  жаман  «Лазерді»  алып  тұр  ем..  –  деді 
Хақназар қарадай қысылып.
–  М-м  ...  –  деді  қыз  да  жігіттің  қысылғанына  өзі 
де  ыңғайсызданып,  –  мен  түсінбеймін  ғой  темекінің 
түрлерін, өзіміз шекпегесін...
– Иә, иә, әрине, әншейін айтып жатқаным ғой, – деді 
Хақназар қызға жүрейік дегендей ыңғай білдіріп.
–  Сіз қалай қарай кетіп барасыз?  – деді Самал.
– 
Мына 
өздеріңнің 
жатақханаларыңа. 
Консерваторияға. Құрмаш бар ма екен деп.
– А-а, мен онда былай кетем, – деді қыз қарсы бетке 
қолын сілтеп. – Сабаққа барам.
– Сабақ?.. Сіз консерваторияда оқымайсыз ба?
–  Жоқ,  ә...  Инязда  оқимын  ғой  мен,  –  деді  Самал. 
«Инязы» шет тілдер институты болса керек. 
– Солай ма?.. Ә, ие, ағылшын тілінің маманы екенсіз 
ғой, тіпті естен шығып кетіпті, кешіріңіз, – деді Хақназар 
сигарет қорабын ашып жатып.
–  Оқасы жоқ, – деді Самал. – Өзіңіздің сабағыңыз 
қалай?
– Жаман  емес. Сіз  сонда өткендегі подругаларыңызбен 
тұрасыз ба?
– Жоқ, үйде тұрам, өткенде жай қонаққа келгем ғой 
қыздарға. Анар –  кластасым ғой.
– Ә-ә...
–  Жақсы,  мен  кешігіп  барам,  сау  болыңыз!  –  деп 
Самал асыға басып жүріп кетті.
– Сау болыңыз. 
Хақназар  жолдың  арғы  бетіне  өтіп  бара  жатқан 
қыздың соңынан қарап қалды. «Балтыры оқтай екен» деп 
ойлады содан соң темекісін тұтатып жатып.
Құрмашпен  бірге  тұрған  жігіттердің  бөлмесінің 
есігін  қағайын  деп  таяй  бергенде-ақ  арғы  жағынан 

86
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
дабырлаған, шуылдаған дауыстар естілген. Есікті ашып 
қалғанда  алдымен  төбеге  қарай  үйіріліп,  шуда-шуда 
болып бөлме ішінде қалқып тұрған темекінің көк түтінін 
көрді.  Үстінде  балық  пен  паштет  консервілері,  колбаса 
мен  сәбіз  салаты,    бауырсақ  пен  ет,  содан  соң  мойны 
қылқиып  бір  шетте  арақ  бөтелкесі  тұрған  аумақты 
үстелді  айнала,  алқақотан  бес-алты  жігіт  жайғасыпты. 
Отырғандарына біраз уақыт болса керек, біріне-бірі сөз 
бермей, әрқайсысы өз әңгімесін айтып, гүжілдесіп отыр 
екен. Құрмаш та осында болып шықты.
– О-о-о! Хақназар келді!
–  Кел,  төрлет,  бауырым,  –  деп  дәл  бір  мұны  күтіп 
отырғандай  үлкен  қошеметпен  қарсы  алды.  «Қап, 
асығыс  кіріп  келгенім-ай,  мұндай  ерекше  отырыс 
болып  жатқанын  білгенде  бұрылып  ап,  таятын  ем 
ғой»  деп  ойлады  Хақназар  жігіттердің  қоярда-қоймай 
қолқалауымен төрге шығып жатып.
– Пәлі, Хақан, ыңғайсыз болды-ау сенен, – деді Құрмаш 
мұның  қасына  келіп,  өзі  аздап  қызыңқырап  алыпты.  – 
Алдыңғы күні той болып мына Талғарда, жігіттермен бірге 
барып келіп ем... Содан, міне, екінші күн  бас жазам деп... 
әрі жатақханада өзің білесің ғой, анау кездесіп, мынау 
келіп  қалып  дегендей...  Сүйтіп...  осылай...  шыға  алмай 
қалдым... ренжімеші, Хақан...
– Өй, жоға, қой... несіне ренжимін, түсінем ғой... – 
деді  Хақназар  жігіттердің  көзінше  құрдасының  сонша 
ақталғанын ыңғайсыз көріп.
– Хақназарға құйыңдар! – деді біреуі айғай салып.
– Иә, иә!
–  Хақназар,  елу  грамм  көр,  бүгін  жігіттер  тойдан 
келген, той сарқыты!..
– Жоқ,  бұл  ішпейді, – деді  Құрмаш курстастарына 
қарап.
Оның сөзіне құлақ асқан ешкім жоқ, арақ та құйылды, 
тост  та  айтылды.  Дуылдасып,  бірінің  сөзін  бірі  бөліп, 
жігіттер көңілді отыр.
–  Қалай, жұмыс жағы ыңғайланды ма? – деді Құрмаш 
бір әредікте ақырын ғана Хақназарға сыбырлап.
–  Болып қалатын сияқты...

87
ҚАРАӨЗЕК
–  Табылды ғой әйтеуір?!
– Табылды, – деді Хақназар жымиып.
–  Дұрыс  болған,  бауырым,  –  деді  Құрмаш 
сол  қолымен  Хақназардың  иығынан    қапсыра 
құшақтап,  сосын  сәл  өзіне  қарай  тартып  қойды. 
Куанышыңа  ортақпын  дегені.  –  Мен  үстіп...  аздап  ішіп 
қойдым, сөкпейсің ғой...
– Жоға, қойсаңшы, нете бермей, Құрмаш...
– Мұрат ән айтсын! – деді жігіттердің бірі осы кезде.
–  Жоқ  жігіттер!  Шаршап  отырмын  мен,  өздерің, 
өздерің... – деді Мұрат деген жігіт.
– Онда Әлібек айтсын, – деді тағы бірі.
– Иә, иә, Әлеке, кәні, өзің әу деші...
Қияқтай  мұртын  бас  бармақпен  оңға  бір,  сұқ 
саусақпен  солға  бір  сипап  қойып,  қараторы  жігіт 
домбырасын қолға алған.
– Не айтайын? – деді сосын.
– «Жоныпалдыны» айт! – деді жігіттердің бірі.
– Иманжүсіпті айт, – деді екіншісі.
–  Иә,  соны  айт!  –  деді  тағы  біреуі.  Шанағы  өрнек-
телген қызыл домбыраны қағып-қағып жіберіп, сағағын 
бойлай қолын бір жүгіртіп алды да, Әлібек әнді бастап 
кетті.  «А-а-ау!»  дегенде  бөлмені  жаңғырықтырған 
дауысының қуатты екені байқалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет