Мінез бітістері
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екінші асықпайды, бірақ – тыңғылықты, үшінші – іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірмен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінез жөнінде білімдер
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым – характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы сінездер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір барысында қалыптасатын белгісіболғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама фаторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кефбіріне қысқаша түсінік:
Жұлдызнама – адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақытөлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тән әртүрлі қасиеттерге орай адам мінзеі суреттеледі. Мысалы, кельт жұлдызнамасын да 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкімді, ақ жарқын, күлкішен т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндері туылғандар – таутеке, яғни мұндайлар - өжет, тұрақты, төзімді, тұйық, сыршыл келеді.
Физиогномика (phisis – табиғат, gnomon – білу) – адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа тіріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез ерекшелігі оған таңылады. Мысалы, Аристотель пікірінше, адамның мұрын танауы өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын – ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты адам – үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тіке шашты адам – ержүрек, батыл т.б.
Адамның басқа да келбет көріністері (көз, ауыз, отырыс, тұрыс т.б.) негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir – қол, mantia – бал ашу) – адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика – бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология – мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |