Қ. Қамбаров «Махамбет кітабы», С. Әбілқасымұлы «Оспан батыр», А. Алтай «Алтай новелласы», Ғ. Құлахмет «Үйірі жоқ көкжал», Д. Амантай «Шайыр мен шайтан» романдары бойынша суреткерлік қабілет қарымын зерделеу



бет3/3
Дата06.03.2023
өлшемі25,15 Kb.
#72017
1   2   3
[2/10-11]
Романның негізгі кейіпкерлері – Теңіз Медетов, Мақат Назарұлы, Балтакескен Халықов, Михаил Иманбаев, Мария Араловна, Жұман Ақбергенов, Эдуард Георгивич Ли, Кенбай Қосаев. Жазушы осы кейіпкерлерді пайдалана отырып өз арасында диалог, монолог, пейзаждық-психологиялық көркемдік тәсілдер арқылы заман бейнесін суреттейді.
Еңбектің «Жалғыз бөлтірік» атты бөлімінде Теңіз Медетов атты кейіпкерді таныстарады. Қаламгер кейіпкердің ішкі монологы ретінде өмірлік шындық көрінісін сипаттайды: «Соңғы үш-төрт жылда Алматы ғана , адамдар да өзгерген. Тер мен темекінің күлімсі иісі, әтірдің жұпары араласқан қапырақ ауа қолқасын қапқан жүргіншілердің өз уайымдары өзінде. Қатулы қабақ, тұнжыраған пішіндердің ұқсастығы сондай, нарық заманы бәрінің маңдайына тауқыметін мөрін басып қойғандай. Кәрі-жасының жүзінен арты өкініш, алды үмітсіз өмірдің көлеңкесі көрінеді. Қала тұрғын мен ауыл адамын киімінен емес, сөзінен ажыратасыз. Үкіметті сыбаса - қала тұрғына, әкімді боқтаса – ауыл қазағы. Ащынған елдің тілі ащы». [2/30-31]
Қаламгер әр кейіпкерге жеке тарау арнап олар туралы мәлімет бере отырып, оқиғаны өрбіте түседі. Екінші кейіпкер ретінде Мақат Назарұлыға тоқталады, ол қойын кітапшамен, бір миллион долларды берген дипломаты іс түссіз жоқ болып кетеді. Оны естіген Мақат жоғарыдағы таныстарын шақырып, дипломатты іздеуін өтінеді. Бұл жақтағы қойын кітапшасы кімге қашан, қанша сома бергенін қағаз бетіне түсіріп отырған, қоры таусылмас қазына болатын. Жазушы осы бір тартысты оқиғаны бейнелеу арқылы замана шындығын суреттейді. Бір миллион доллар мен қойын кітапшасы қолына түскен адам Теңіз Мекетов еді. Ол ұзақ ойланбастан Балтескен Халықовтың үйіне барып, ақшаны бөліп үй алуын ұсынады. Сүйтіп, Балтескеннің қолына қойын кітапшасы түседі. Ол ішіндегі мәліметтерді оқығанды ішкі-толғанысын жазушы былай суреттейді: «Қазақстан тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болып, көк туын желбіреткенде Балтакескен Ресейден туған еліне оралған. Үлкен-кіші, кәрі-жасы бар ел боп қуанған сол күндердің болашаққа деген үміті мен сенімі қандай еді? Ал, қазір ше? Сенімі азайып, үміті жіңішкеріп, бала-шағасына бір жапырақ нан тауып беруге за болған халықтың ынта-жігерін құм қылған, күш қайратын қор қылған ат төбеленіндей атқамінерлер емес пе?». [2\80] Жазушы Балтакескеннің ой толғамы арқылы заманды суреттеп береді.
Қаламгер заманды, жоғарыдағы адамдардың қанаушылық әрекеттерін суреттеу үшін, оқырманның қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасауда қолданылатын бейнелеуіш құралы аллегория тәсілін қолданды «Бір қораны күзеткен ұялас иттер сияқты. Сырттан бөтен біреу жақындаса болды, бәрі бірдей шәуілдер үріп жұптарын жазбайды. Бірен-саран батылы жетіп, ықпаған кісі болса, бос салып оңдырмай талайды». [2\80] Осылайша, қаламгер қанаушы тап өкілдерінің іштей ырылдасып, бірін-бір аңдып аяқтан шалып арпалысса да, қарапайым халықтың алдында, немесе өздерінің атын жамау үшін ауыз жаласып кетеді деп суреттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет