Қ. Қамбаров «Махамбет кітабы», С. Әбілқасымұлы «Оспан батыр», А. Алтай «Алтай новелласы», Ғ. Құлахмет «Үйірі жоқ көкжал», Д. Амантай «Шайыр мен шайтан» романдары бойынша суреткерлік қабілет қарымын зерделеу



бет2/3
Дата06.03.2023
өлшемі25,15 Kb.
#72017
1   2   3
«Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар» деген сөзде үлкен мән жатқанын, осы бір шығармадан анық байқай аламыз. Әсерлі, сөз мағынасы, көркі контексте ғана әбден түсінкті, әсерлі, әсем кейіпке енеді. Жазушы әрбір сөздің контекстегі көркін ашуға, діттеген нысанаға дір еткізіп тигізіп, эмоциялық жылылық, эстетикалық қуаттылық үстеуге көп-көп назар аударғанын байқай аламыз. Бұнысы көбінде сәтті іске асып, тіпті, стилдік қызметте жұмсалып кете барады. Сол үшін де жазушы көбінде сөздің ішкі әуезділігіне, ұйқасты құрылымдар мен параллель түзілімдер жасап келуіне мән беруі оның суреткерлік қабілетін аша түседі.
Тәуелсіздік кезінде жазылған келесі бір көркем шығарма Құлахмет Ғабиденнің «Үйірі жоқ көкжал» романы. Романда нарық заманы бейнеледі. Осы кезеңде қазақ елінде көптің үстіне күн көрген, әділетсіздікпен, алдап-арбаумен қалтарына ақша сықаған жемқорлар мен алаяқтардың әрекеттері басты назарға алынады. Халықтың алдына шыққанда бет перде киіп олардың сөзін сөйлеп, расында оларды алдау арқылы мол ақшаға кеңеліп жүрген интеллигент бизнесмендердің істері. Өздерінің шын бет бейнесі халықтың алдында ашылып қалмасы үшін, тіпті, ауыз жаласып жүрген дос-жарандарының да көзін бір демде жоя салатын іске даяр арам істері бейнеленеді. Роман негізінде 3 бөлімнен тұрады.
«Бөрі бауыр дүние» деп аталатын бөлімде қаламгер уақыт шындығын поэтикалық жағынан, баламалау тұрғысында суреттегенін байқауға болады. Жазушы шығарма адамдардың жалпылама бейнесін мүлдем басқалай ашады. Мысалы, «Оспан батыр» романында белгілі бір кейіпкердің болсын, елдің болсын бейнесін олардың іс-әрекеттері арқылы немесе автордың қоғамды мазмұндауы арқылы ашылса, «Үйірі жоқ көкжалда» табиғаттағы құбылысты суреттей отырып адамдардың тағдырларын баламалау арқылы көрсетеді. Мысалы, романның негізгі оқиға желісінде қасқырлар мен адам тұлғасын баламалау мезгілдеу арқылы поэтикалық мағыналарын ашады. Табиғатта болып жатқан құбылысты қаламгер адам тағдырымен тұтастай суреттеу арқылы өмір шындығын ашық көрсете алғандай. «Серектің сілеміне қарай жосыған киіктің табынын өкшелеп қуған бір үйір қасқырдың ішінде өзі де бар еді. Танауы пырлап, таңы жарқыраған тұяқты жануарлар жер апшысын қуырып ытырылып барады. ...Сауыры жылтыраған киіп нөпірінің соңғы легіне ілікті. Көлденеңдеп өте берген жас тушаның алқымына атылған. Бақ етіп құлаған жануарды жібермеді. Қарысқан азу қан дәмі білінген соң жұлқып, сілкіп, күре тамырды қидалаған»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет