Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет26/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Бақылау сұрақтары:
1 Ведомстволық бағыныстылығы дегеніміз не?
2 Айырықша ведомстволық бағыныстылық дегеніміз не?
3 Көптік ведомстволық бағыныстылық дегеніміз не?
4 Шарттық ведомстволық бағыныстылық дегеніміз не?
5 Аралас ведомстволық бағыныстылық дегеніміз не?

  1. Азаматтық істердің соттылығы дегеніміз не?

  2. Топтық соттылық дегеніміз не?

  3. Аумақтық соттылық дегеніміз не?

  4. Баламалы соттылық дегеніміз не?

  5. Шарттық соттылық дегеніміз не?



Есеп 7 ГУ «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «К» ЖШС-не жауапкердің әрекетін заңсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жолданды. Талапты келесідей негіздейді: жауапкер - «К» ЖШС электрэнергиясын басқа электр эенергиясымен жабдықтаушы ұйымдарға (ЖШС «О» мен ЖШС «А») сатады, жалпы сату құны 325 720 теңгені құрайды, бұл ҚР «Электр эенергиясы туралы» Заңының 13-бабының 3-3 п.-не қайшы келеді.
Аталған ЖШС-тер тұтынушылар болып табылмайды, өз қажеттері үшін электрэнергиясын сатып алмайды, электр энергиясын беруші ұйымдар емес және табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуінде тіркелмеген. Сондай-ақ олар 2009 жылы 10 наурыздағы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген энергияны өндіруші ұйымдардың тізімінде жоқ болып шықты. ЖШС «К» энергиямен жабдықтаушы ұйым болғандықтан, ол электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сата алмайды.
Сот ЖШС «К» әрекетін заңсыз деп танып, Департаменттің талабын ішінара қанағаттандырды. Соттың шешімі «ЖШС «К», энергияны өндіруші емес, энергиямен жабдықтаушы ұйым бола отырып, оны сатуға құқығы жоқ деп негізделді.
Бас Прокурордың наразылығында материалдық және процессуалдық құқық нормаларын бұзып шығарылған бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жою туралы мәселе қойылды.
Кассациялық сот алқасы келесі қорытындыға келеді: іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайды, себебі электр энергиясын сату тәртібін бұзу үшін жауапкершілік ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 147-6-бабында қарастырылған. Бұл істің санатын қарау ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Демек, Департаменттің арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет