Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет24/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

1. Бұл азаматтық іс жүргізудің қатысушылары кімдер болып табылады?
2. Іске қатысушы тұлғаларды анықтаңыздар
3. Прокурор және қамқоршылық және қорғаншылық органдары кімдердің мүдделерін сотта білдіреді?
4. Ч-ны асырап алуға кім және қалай келесім беруі тиіс?
5. Прокурордың және қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы қандай маңызға ие?
6. Негігі процессуалдық құқық қатынасын анықтаңыз
7. Бұл іс азаматтық сот ісін жүргізудің қайсы түріне жатқызылады?
8. Л.ың арызы қанағаттандыруға жатады ма?


II АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІҢ ВЕДОМСТВОЛЫҒЫ ЖӘНЕ СОТТЫЛЫҒЫ. СОТТЫҚ ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР. ТАЛАП ЖӘНЕ ТАЛАП ҚОЮ. ІСТІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ. ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ


5 Азаматтық істердің ведомстволығы және соттылығы
5.1 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы, олардың түрлері
5.2 Азаматтық істердің соттылығы және олардың түрлері


5.1 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы, олардың түрлері

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы – құқық туралы дауды немесе басқа да заңи істерді қарауды белгілі органның құзыретіне жатқызу. Әрбір орган тек өзінің ведомстволық бағыныстылығына қарасты мәселелерді шешуге құқылы (Кесте 21).


ҚР АПК 23 бабына сәйкес азаматтық істердің соттарға ведомстволығы деп белгіленген. Егер осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тәртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды және шешеді.
Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады.
Санаттары осы Кодексте көзделген, мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою ісі жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
Егер заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істер соттардың ведомстволығына жатады.
Шетелдік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын және төрелік шешімдерді тану және орындау туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
Төрелік шешімдердің күшін жою туралы және осындай шешімдерді мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
Азаматтық істердің басқа санаттары да заңға сәйкес соттардың ведомстволығына жатқызылуы мүмкін.
Мына:
1) қылмыстық істі тергеу кезінде қылмыстық қудалау органы;
2) соттың тәркілеуге жататын нәрселер көрсетілген мүлікті тәркілеу туралы, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған не заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау заты немесе құралы болып табылатын мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы үкімі (қаулысы) негізінде;
3) соттың әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәрсесін немесе затын тәркілеу туралы қаулысы негізінде салынған, адамдардың мүлкіне қатысты мүлікті тыйым салудан босату (тізімдемеден шығару) туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.
Қылмыстық процесті жүргізетін орган әрекеттерінің заңдылығы, мүлікке тыйым салуға, оны тәркілеуге, мемлекеттің кірісіне айналдыруға қатысты мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен тексерілуге жатады [1].
Ведомстволық бағыныстылықтың түрлері келесідей (Кесте 21).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет