Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет63/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

Бақылау сұрақтары:

  1. Атқарушылық іс жүргізу деген не?

  2. Атқарушылық іс жүргізудегі қатысушылары қандай?

3 Атқарушылық іс жүргізуді жасаудың жалпы шарттары қандай?


Қосымшалар

Кесте 1




Кесте 2


Кесте 3

Кесте 4



Кесте 5


Кесте 6

Кесте 7




Кесте 8


Кесте 9




Кесте 10


Кесте 11


Кесте 12

Кесте 13

Кесте 14

Кесте 15




Кесте 16



Кесте 17

Кесте 18


Кесте 19

Кесте 20




Кесте 21




Кесте 22

Кесте 23


Кесте 24


Кесте 25


Кесте 26

Кесте 27




Кесте 28



Кесте 29



Кесте 30

Кесте 31




Кесте 32


Кесте 33




Тестілер
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
1 нұсқа (жауаптармен)



Сұрақтар

Жауабы

1

Азаматтық сот өндірісінің түрлері:
A) Алименттік міндеттемелер бойынша өндіріс;
B) Төрелік өндіріс;
C) Талап қою (ісін жүргізу) бойынша өндіріс;
D) Зиян келтіру міндеттемесі бойыша өндіріс;
E) Шаруашылық даулар бойынша өндіріс;
F) Кассациялық тәртіппен қарау

С

2

Диспозитивтік принцип тараптарға мынадай құқықтар береді:
A) сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;
B) меншікке қол сұғылмаушылық;
C) меншікке қол сұғылмаушылық;
D) талап қою;
E) талап қоюды толық немесе ішінара тану

DE

3

Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесушілер:
A) жәбірленуші мен талапкер;
B) заңды өкіл мне сот;
C) сот пен прокурор;
D) сарапшы;
E) аудармашы, куә

DE

4

Азаматтық процесте тараптар болып табылады:
A) өкіл мен іске қатысушылар;
B) жауапкер;
C) жәбірленуші мне талапкер;
D) сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер;
E) талап қоюшы;
F) мемлекет

BEF

5

Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғаның құқығы болып табылмайды:
A) қарсылықтарын мәлімдеуге құқығы;
B) талап қоюдан бас тарту құқығы;
C) талап қоюдын негіздемесі мен нысанасын өзгерту құқығы;
D) іске қатысушы адамдарға сұрақтар қоюға құқығы;
E) іс материалдарымен танысуға құқығы;
F) өтініш жасауға құқығы;
G) татуласу келісімін жасау құқығы;
H) жазбаша түсініктемелер беруге құқығы

BCG

6

Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті болады:
A) заңда көзделгенде;
B) заңның дәл орындалуына қадағалау жүргізгенде;
C) шартрра көзделгенде;
D) ҚР Бас прокуроры міндеттегенде;
E) прокуратура органының мүддесін білдіру қажет болғанда;
F) іс бойынша қорытындыны прокурор бергенде

A

7

Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты бөлінеді:
A) арнайы және қоғамдық;
B) жарғысы бойынша;
C) басты және қосалқы;
D) жалпы жән арнайы;
E) жалпы және шартты

B

8

Сот мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын мына жағдайда қолданады:
A) жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдары сот процесіне келмесе;
B) іске қатысушы адамдар сот отырысына келмесе;
C) сот хабарлауларын таратушыларды құрметтемесе;
D) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне;
E) судьяға қатысты қоқан лоқы жасаса

E

9

Азаматтық істерді талқылаудың және шешудін мерзімдері
A) сот, тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар өтінішімен 6 ай;
B) жұмысқа қайта алу туралы істер 1 айға дейінгі мерзімде қаралады;
C) істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап 2 айға дейін;
D) судья, прокурор және адвокаттың келісімі бойынша 1 ай;
E) істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап 2 айға дейінгі мерзімде азаматтық істерді қарайды және шешеді

BCE

10

Талап қоюшының таңдауы бойыншасоттың соттауына жатқызылатын азаматтық істер:
A) қылмыстық істен туындайтын талап;
B) жауапкердің тұрғылықты жері белгісіз болса;
C) жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы талаптар;
D) дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы;
E) некені бұзу туралы талаптар, талап қоюшының денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайда;
F) тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар;
G) тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талаптар;
H) бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататын талаптар

BEG

11

Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін мәліметтер:
A) кәмелетке толмағанның, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен алынған мәліметтер;
B) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы;
C) белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
D) бейне конференц байланыс жүйлерін пайдалану арқылы алынған деректер;
E) тараптың немесе іске қатысатын басқа да тұлғалардың дәлелдерін негіздеу арқылы алынған фактілер;
F) өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайлар;
G) істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын мәліметтер

BCE

12

Талап қою арызын қайтару:
A) сол талаптардың арасындағы, нақ сол нысаны туралы және нақ сол негіздер жөнінде шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі нмесе сот ұйғарымы болса;
B) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;
C) төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі дау бойынша қабылданған шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса, судбя талап қою арызын қабылдаудан бас тартады;
D) жауапкердің атауы, тұрғылықты жері, егер жауапкер ұйым болса, онда тұрған жері мен банктік ревизиттері көрсетілген құжат;
E) іс осы соттың соттылығына жатпаса;
F) талап қою арызына талап қоюшы немесе талап қою арызына қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды

BE

13

Азаматтық істі қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде шешімдердің біреуін қабылдайды:
A) құқық мирасқорлығы өткен тұлғаның өтініші бойынша істі қозғау;
B) талап арызды қабылдаудан бас тарту;
C) арбитражды соттың бастамасы бойынша істі қозғау;
D) талап арызды қайтару;
E) талап арызды қабылдау және өз қарауына алу

BDE

14

Істің мән жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібі бойынша судьяның әрекеттері:
A) сот отырысының хаттамасын толтырады;
B) сот жарыссөздерін өткізеді;
C) аудармашыға міндеттерін түсіндіреді;
D) тараптың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды;
E) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
F) сот тапсырмаларын жібереді

DEF

15

Куәнің құқықтары
A) талап қоюшымен татуласу келісімге келуге;
B) уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға;
C) сот шығыстарын төлеуге;
D) жауапкермен татуласу келісімге келуге;
E) куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығыстарды өтеттіруге;
F) тараптармен медиация келісімне келуге;
G) сот шешіміне шағым келтіруге

BE

16

Шешімнің уәждеу бөлігінде көрсетіледі:
A) істің сот анықтаған мән жайлары;
B) сот отырысының хатшысы мен тараптар;
C) талап қоюшының талаптарының, жауапкердің түсініктемелерінің және іске қатысатын үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
D) шешім шығарған кезде соттың атауы мен соттың құрамы;
E) дәлелдерін негіздеген дәлелдемелер;
F) соттың құқықтары мен міндеттер туралы түйіндері негізделген дәлелдемелер;
G) соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тарту туралы түйіні

AF

17

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда көрсетіледі
A) сот шығыстарын бөлу туралы мәлімет;
B) сырттай шешім шығарған соттың атауы;
C) сотттың талап қоюды қанағаттандыру туралы мәлімет;
D) жауапкердің осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруінің мерзімі мен тәртібі;
E) арыз берген тараптың атауы;
F) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән жайлар туралы мәліметтер және осы мән жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай- ақ сырттай шешімнің мазмұнына ықпао етуі мүмкін дәлелдемелер

BEF

18

Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге жатады:
A) сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу;
B) алиментті өндіріп алу;
C) бала асырап ату туралы арыздар бойынша;
D) нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу;
E) жалақыны өндіріп алу;
F) жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы арыздар бойынша іс жүргізі

C

19

Сот бұйрығы шығарылатын талаптар:
A) дәлелді себептермен өткізіп алынған қарсылық беру мерзімін ұзарту туралы істер бойынша;
B) төленбеген вексельдің наразылығына, акцептінің болмауына және нотариус жасаған акцептінің күні белгіленбеуіне негізделген міндеттемені орындау туралы;
C) борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері ҚР-ның шегінен тыс туралы;
D) орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде даулы сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапты мойындаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
E) егер талап қаю бағасы заңды тұлғалар үшін- 700 АЕК аспаса;
F) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы туралы істер болса;
G) нотариат куәландарған мәмілеге негізделген міндеттемерді орындау туралы

BDG

20

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер:
A) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізуге сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса;
B) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;
C) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – 700 АЕК, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін 200 АЕК аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қаю арыздары бойынша;
D) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жалжымалы мүліктің белгілері;
E) қосымша мән жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қаралса
F) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
G) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша

CFG

21

Соттың татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымында:
A) қосымша мән жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қаю ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртібі;
B) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгілері;
C) татуласу келісімінің шарттары және оны орындау мерзімдері;
D) талап қоюшы төлеген мемлекеттік бажды оған бюджеттен қайтаруы;
E) татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату;
F) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәнің айғақтарын тыңдау жайлы;
G) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандыру тәртібі туралы

CDE

22

Апелляциялық тәртіппен со шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері
A) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;
B) істі соттың заңсыз құрамы немесе соттылық туралы қағидаларды бұзып қараған;
C) белгілі бір функцияларды жүзеге асыратын орган өкілдері туралы мәлімет болмаса;
D) сот отырысының хаттамасын жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделген сот отырысы, жеке процестік әрекет хаттамасының істе болмауы;
E) азаматтық процестік құқық қағидалары бойынша қаралған істерді қоспағанда, сот істі сот отырысының уақыты мне орны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі болмағада қараған;
F) істу қарау кезінде сот ісін жүргізу туралы қағида бұзылмаған;
G) басқа да мүдделі тұлғаларды, сондай-ақ 10 жасқа толған баланың өзін іске қатысуын тарту туралы мәліметтер болмаса

AD

23

ҚР-ның Жоғарғы Сотына берілген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы және ҚР-ның Бас прокуратурасына берілген кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатта:
A) азаматтық процестік құқық қағидалары бойынша қаралған істер;
B) соттылық туралы қағидалар;
C) өтінішхат жіберіліп отырған соттың немесе лауазымды адамның атауы;
D) іске қатысатын адамдардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлері көрсетіліп оларды санамалау;
E) өтінішхат беретін адамның және мүддесі үшін өтінішхат беріліп отырған адамның аты - жөні, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері істегі процестік жағдай

CDE

24

Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қарау үші негіздер:
A) өндіріп алынуға жататын жылжымалы мүліктің белгілері;
B) қосымша мән жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қаралса;
C) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған куәгердің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, заңсыз не негізсез шешім шығаруға әкеп соққан құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
D) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;
E) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізі, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау жайлы;
F) шешімді, ұйғарымды немесе қаулының не өзге де мемлекеттік орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады

CF

25

Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау тәртібі:
A) ҚР –ның заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде танылады және орындалады;
B) шет мемлекеттің заңында қарастырылған жағдайда белгіленеді;
C) шетелдік соттың немесе төрелік соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап 3 жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін;
D) шетелдік соттың немесе төрелік соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап 1 жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін;
E) шетелдік соттар ме төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібін ҚР Парламенті белгілейді;
F) тараптар арасындағы келісім-шартпен белгіленеді;
G) шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібіг ҚР Жоғарғы соты белгілейді

AC

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы


2 нұсқа (жауапсыз)

1. Азаматтық процестің кодексіне сәйкес қай тұлғаға қарсылық білдіру қолданылуы мүмкін:



  1. Жауапкерге және оның өкіліне;

  2. Дербес талаптарың мәлімдемейтін үшінші тұлғаларға;

  3. Сот орындаушысына, сот приставына;

  4. Судьяға, прокурорға, сарапшыға;

  5. Дербес талаптарың мәлімдейтін үшінші тұлғаларға;

  6. Тұлғаның өкіліне;

  7. Аудармашыға, сот отырысының хатшысына.

2. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары:



  1. Сотқа екінші тарап растаған фактілерді теріске шығаратын жазбаша құжаттар ұсынуға;

  2. Дәлелдемелерді табыс етуге және зерттеуге;

  3. Қарсылықтарын мәлімдеуге;

  4. Сот отырысында тәртіпті сақтауға;

  5. Азаматтық құқық қабілеттігін тексеруге.

3. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар қай тұлғаның бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін:



  1. Облыстық әкімнің бастамасымен іске қатысуға;

  2. Аудандық әкімнің бастамасымен іске қатысуға;

  3. Іске қатысушы басқа адамдардың өтінішімен іске қатысуға;

  4. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен іске қатысуға;

  5. Тараптардың бастамасымен іске қатысуға;

  6. Соттың бастамасымен іске қатысуға;

  7. Мемлекеттік айыпталушының бастамасымен іске қатысуға;

  8. Қала әкімінің бастамасымен іске қатысуға.

4. Прокурор құқылы емес және міндетті емес:



  1. Іс бойынша қорытынды беруге;

  2. Сот отырысына келуге;

  3. Іс бойынша мемлекеттік баж төлеуге;

  4. Іс бойынша сот шығындарын өтеуге;

  5. Дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;

  6. Іс материалдарымен танысуға.

5. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар:



  1. Жоғары заң білімі бар басқа да адамдар;

  2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар;

  3. Заңды тұлғалардың істері бойынша – осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері;

  4. Қазақстан Республикасы Парламанетінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары;

  5. Мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері.

6. Іс бойынша іс жүргізуге байланыста шығындарға жатады:



  1. Тиісті орында қарап-тексеруді жүргізіге байланысты шығыстар;

  2. Абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сома;

  3. Куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

  4. Заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;

  5. Жалақыны өндіріп алу туралы сомалар;

  6. Іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдар сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сома.

7. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында көрсетілуге тиіс:



  1. Қаулыны шығарған соттың атауы және сот құрамы;

  2. Тараптардың түсініктемелері;

  3. Сот шығыстарының бөлінуі;

  4. Сот отырысының өткізілетін орны;

  5. Соттың шығарған ұйғарымы;

  6. Сот отырысының өткізілетін уақытысы.

8. Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы шетелдік тұлғалар:



  1. Эммигранттар;

  2. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

  3. Қазақстан Республикасының азаматтары;

  4. Қазақстан Республикасының консульдік мекемелеріндегі лауазымды тұлғалар;

  5. Азаматтығы жоқ адамдар;

  6. Шетелдік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар.

9. Ведомстволық бағыныстылықтың түрлері:



  1. Көпше;

  2. Диспозитивтік;

  3. Топтық;

  4. Локальды;

  5. Ұйымдастырушылық;

  6. Функционалды;

  7. Аралас;

  8. Жекеше.

10. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады:



  1. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан жағдайларда;

  2. Талап қоюшылар – еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талаптар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;

  3. Сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

  4. Куәлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

  5. Талап қоюшылар – асыраушының мертігуіне байланысты зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;

  6. Талап қоюшы өз талаптарын азайтқан жағдайда;

  7. Талап қоюшылар – асыраушының денсаулығының өзге де зақымдануына, сондай-ақ қайтыс болуына байланысты зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;

  8. Іс тараптардың бітімгершілік келісімімен аяқталған жағдайларда.

11. Куә ретінде жауап алуға жатпайды:



  1. Куәгер;

  2. Сарапшы;

  3. Тәубаға келу үстінде өздеріне сырын ашқан адамдардан оларға белгілі болған мән-жайлар туралы – діни қызметшілер;

  4. Прокурор;

  5. Аудармашы;

  6. Маман.

12. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары:



  1. Қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса;

  2. Іс осы соттың соттылығына жатпаса;

  3. Арыз азаматтық сот ісін жүргіу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

  4. Жауапкердің атауы, тұрғылықты жері, егер жауапкер ұйым болса, онда оның тұрған жері мен банктік ревизиттері көрсетілген құжат болмаса;

  5. Қарсы талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мумкіндігі жойылмаса;

  6. Арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе.

13. Дәлелдеуден босатудың негіздері:



  1. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді;

  2. Талап қоюшының түсініктемелері;

  3. Азаматтық істі қозғау туралы судьяның шығарған ұйғарымы;

  4. Сарапшының берген қорытындысы;

  5. Куәнің берген айғақтары.

14. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:



  1. Тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;

  2. Әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;

  3. Сот отырысын ашу;

  4. Жауапкердің жұмыс орнын анықтау;

  5. Сотқа келген тараптарды тексеру;

  6. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;

  7. Сот құрамын жариялау.

15. Куә ретінде жауап алуға жатпайды:



  1. Әрекет қабілеттілігі бар тұлға;

  2. Шет елдің азаматы;

  3. Шешім немесе үкім шығару кезінде істің мән-жайларын талқылау үстінде кеңесу бөлмесінде туындаған мәселелер туралы – судья;

  4. Қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған кез келген адам;

  5. Он сегіз жасқа толған азамат;

  6. ҚР азаматы.

16. Сот актілеріне тән белгілер:



  1. Құқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданылуы;

  2. Міндетті хаттама;

  3. Ескертпелер кіргізілетін құжат;

  4. Уақыты бойынша қолданылуы;

  5. Бүкіл республика аумағына міндеттілігі;

  6. Нақты бір жағдайда қолданылады;

  7. Ресми акт болып танылатын құжат.

17. Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қараудың мақсаттары:



  1. Тараптарды медиация тәртібімен келісімге әкелу;

  2. Жауапкерге істің орны мен уақытын хабарлауға судья міндетті емес;

  3. Тараптарды татуласу келісімге әкелу;

  4. Жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу;

  5. Істі жауапкерді шақырмай-ақ қарау;

  6. Азаматтық істі тез қарап шешу;

  7. Жауапкерді тәртіпке салу.

18. Ерекше талап қою ісін жүргізу істеріне жатады:



  1. Сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу;

  2. Бала асырап алу туралы арыздар бойынша;

  3. Азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялар туралы;

  4. Азаматты заңда көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу;

  5. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы арыздар бойынша іс жүргізу;

  6. Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу.

19. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар:



  1. Дәлелді себептермен өткізіп алған қарсылық беру мерзімін ұзарту туралы істер бойынша;

  2. Қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы;

  3. Жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа ад міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы;

  4. Борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы туралы істер болса;

  5. Борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс туралы;

  6. Әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы.

20. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы:



  1. Экономикалық дауларды шешу бойынша экономикалық соттардың қызметі;

  2. Қазақстан Республикасының және шетелдердегі азаматтық іс жүргізу құқығының даму заңдылығы, маңызы, сипаты табиғаты туралы теориялар, концепциялар, көзқарастар жүйесі, оның тәжірбиеде қолданылуы;

  3. Азаматтық сот ісін жүргізу түрлері;

  4. Азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы;

  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуының зерттелуі.

21. Азаматтық іс жүргізудегі функционалдық принцип:



  1. Диспозитивтік принцип;

  2. Сот іс қарауының ауызшалық принципі;

  3. Сот істі қараудың жариялылық принципі;

  4. Сот ісінің тіл принципі;

  5. Заңдылық принципі.

22. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері:



  1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

  2. Істі сырттай қарастыру;

  3. Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;

  4. Соттардың тәуелсіздігі қағидасының бұзылуы;

  5. Істі бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қарау;

  6. Сарапшы қорытындысының жалған берілуі;

  7. Істі заңсыз қарастыру.

23. Кассациялық сатыдағы сот өз өкілеттіктері шеңберінде құқылы:



  1. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға;

  2. Іс жүргізуді тоқтата тұруға;

  3. Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту;

  4. Бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға;

  5. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін белгілеуге;

  6. Істі қарауды кейінге қалдыруға;

  7. Апелляциялық сатыда қарауға жататын істер туралы прокурорға хабарлауға.

24. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралмайды:



  1. Заңды күшіне енген ұйғарымдар;

  2. Жеке ұйғарым;

  3. Заңды күшіне енген апелляциялық қаулы;

  4. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым;

  5. Заңды күшіне енген сот шешімі;

  6. Заңды күшіне енген кассациялық қаулы;

  7. Заңды күшіне енген бірінші сатыдағы соттың шешімі.

25. Шетелдік тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері:



  1. Азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңымен қудаланбайды;

  2. Шетелдік азаматтардың іс жүргізуде ешқандай міндеттері болмайды;

  3. Шетелдік азаматтар және азматтығы жоқ азаматтар құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы;

  4. Шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жүргізу құқықтарын пайдаланады;

  5. Азаматтығы жоқ адамдарға іс жүргізуде шектеулер қойылады;

  6. Шетел азаматтарының істерін қарау Қазақстан Республикасының соттарының қарауына жатпайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет