Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет27/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
1. Азаматтық сот ісін жүргізудегі ведомстволықтың мәні мен мағынасын ашыңыз.
2. Азаматтық істің сотқа ведомстволығы неге талап қою құқығының алғышартына жатқызылады?
3. Мамандандырылған ауданарылық экономикалық сотта азаматтық істі қозғау заңды болды ма?
4. Осы азаматтық істі қозғаған соттың соттық қатесін істі сот талқылауына дайындау сатысында және сот талқылауы сатысында қалай жөндеуге болады?
5. Осы соттық қатені жоғары тұрған сотпен қалай жөндеуге болады?


6. Соттық дәлелдеу және дәлелдемелер
6.1 Соттық дәлелдеудің ұғымы, мақсаты және субъектілері
6.2 Дәлелдемелердің қатыстылығы және жарамдылығы
6.3 Дәлелдемелерді ұсыну


6.1 Соттық дәлелдеудің ұғымы, мақсаты және субъектілері

ҚР АПК 63 бабына сәйкес сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады (Кесте 23).


Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференц байланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.
Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін мәліметтер. Фактілер туралы мәліметтерді, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, іске қатысатын адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу арқылы, оның ішінде:
1) зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттерді қолдану арқылы;
2) іске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу, толық немесе дұрыс түсіндірмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғаның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдірілуге жататын тұлғаның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекетті жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу арқылы;
6) белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы;
8) тараптың немесе іске қатысатын басқа да тұлғалардың дәлелдерін негіздеу немесе теріске шығару мақсатында мазмұнын арнайы дайындау немесе өзгерту арқылы алынған фактілер туралы мәліметтердің анықтығына ықпал еткен немесе ықпал ете алатын дәлелдемелер ретінде сот жарамсыз деп таниды.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде мәліметтердің дәлелдемелер ретінде пайдаланылуына жол бермеу соттың қалауы немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша анықталады.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және оларды сот шешімінің негізіне алуға, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалануға болмайды. Мұндай дәлелдемелер бұзушылықтар фактісін және оларға жол берген тұлғалардың кінәсін дәлелдеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Дау (жанжал) медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда судья өзі сотта медиация жүргізу кезінде алған дәлелдемелерді іс жүргізуінде іс жатқан судьяға ұсына алмайды.
Дәлелдеу субъектілері:
1) іске қатысушы тұлғалар (тараптар, үшінші тұлғалар, арыз берушілер, мүдделі тұлғалар) дәлелдеме жинау және зерттеуге белсене қатысады. Әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайды дәлелдеу тиіс;
2) дәлелдемелерді бағалау бөлігінде сот – істе бар дәлелдемелерді олардың қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет