Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Азаматтық іс жүргізу құқығы, оның пәні мен жүйесі, әдісі



бет2/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

1.2 Азаматтық іс жүргізу құқығы, оның пәні мен жүйесі, әдісі

Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.


Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді. Сот төрелігін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Азаматтық іс жүргізу кұкығы ғылымы құқықтық білімдердің терең салаларының қатарына жатады. Оның мәні азаматгық істер бойынша әділ соттылықты жүзеге асыру барысындағы азаматтық іс жүргізу құқығының жауапты рөлімен анықталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек.
Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелер, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелер, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелері және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуге, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы қоғамдық қарым-қатынастарды диспозициялы-рұхсатты әдіспен реттеп отырады. Бұл азаматтық істерді тудыру соттың емес, мүдделі адамдардың бастамасы екеңдігін білдіреді. Сот өз бастамасы бойынша азаматтык іс қозғамайды. Сот актілеріне шағымдану және олардың орындалуы әдетте мүдделі іс жүргізуге құқылы субъектілердің ерік білдірулеріне байланысты.
Азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларының көпшілігі тыйым салынатын емес, рұқсат етілетін сипатқа ие. Процеске қатысушылар іс жүргізу нормаларында қарастырылып, рұқсат етілген өздеріне қатысты бір іс жүргізушілік әрекетпен айналыса алады. Қоғамның қазіргі заманғы даму кезеңінде азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларының мүлтіксіздігі мен даму деңгейі оларды дәл сақтаған жағдайда қолдану кезінде соттардың әділсоттылық міндеттерін орындауын анықтайды.
Жалпы сот істерін жүргізуге құқығы соттарда сот өкімі азаматтық және қылмыстық сот ісі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда азаматтық сот ісі тәртібімен азаматтық істердің көпшілігі қарастырылады және оған рұхсат етіледі. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Конституциясында және азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, жер және өзге де кұқықтары мен бостандықтарының өзге зандарында бекітілген корғау мен күзет туралы істері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет