Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет22/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

4.7 Сотта өкілдік етудің ұғымы, соттағы өкіл және оның өкілеттігі

Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АПК 57 бабының 1 бөлігі).


Өкілдік – басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир, т.б. өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасады (ата-анасы, асырып алушылар).
Сотта өкілдік ету дегеніміз – басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс - әрекеттер жасау.
Сотта өкілдік ету – басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сотта өкіл етуші), оның себебі өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттері туындайды.
Сотта аталған процессуалдық іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады (Кесте 17).
Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.
Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады. Соттағы өкілдік түрлері келесідей болады (Кесте 18).
ҚР АПК 59 бабында сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар қарастырылған. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды (Кесте 19).
Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Тұлға, егер:
1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;
2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса;
3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;
4) психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Сот осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде санамаланған тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сот бұл туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттеткен кезде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу және оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
Соттағы өкілдің өкілеттіліктері және оларды ресімдеу
ҚР АПК 61 бабында айқындалған (Кесте 20). Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. Сенімхат сотқа жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.
Кәсіптік одақтар мен басқа да ұйымдардың уәкілетті өкілдері осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларына сәйкес осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды сотқа беруге тиіс.
Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады.
Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады.
Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де тұлға береді.

Әдебиет:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. - Алматы: Заңгер, 2017. - 44 бет.

2 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz
3 ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған Конституциялық Заңы // http://online.zakon.kz
4 Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы 2017 жылы 30 маусымда қабылданған // http://online.zakon.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет