Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Азаматтық істердің соттылығы және олардың түрлері



бет25/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
5.2 Азаматтық істердің соттылығы және олардың түрлері

Соттылық - азаматтық істерді қарауды соттар жүйесіндегі белгілі бір соттың өкілеттілігіне жатқызу. Әр деңгейдегі соттың қарауына азаматтық істерді жатқызу өлшемі даулы құқыққатынастың сипатына, пәніне және даудың субъективтік құрамына қарай анықталады.


ҚР АПК 25 бабына сәйкес сот ведомстволығының басымдығы анықталған. Бірі - сотқа, ал басқалары - соттан тыс органдарға ведомстволық, өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде, барлық талаптар сотта қаралуға тиіс.
Нақты даудың ведомстволығына қатысты заңдарды түсіндіруде күмән туындаған немесе коллизиялар болған жағдайда, оны сот қарайды.
ҚР АПК 26 бабына сәйкес аудандық (қалалық) соттардың және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жататын азаматтық істер анықталған (Кесте 22). ҚР АПК 27 бабының төртінші бөлігінде және 28-бабында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралады және шешіледі.
ҚР АПК 30 бабына сәйкес талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық айқындалған. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.
Заңды тұлғаға талап қою оның мүлкінің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.
Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.
Талап қоюшы әке болуды анықтау туралы және алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды өзінің тұрғылықты жері бойынша беруі мүмкін.
Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады. Өмірге және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда талап қоюлар тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің орналасқан жері бойынша беріледі.
Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.
Некені бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған жағдайда берілуі мүмкін.
Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудан, процестік мәжбүрлеу шараларын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша берілуі мүмкін.
Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы өндіріп алу туралы талап қоюлар жауапкердің немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
Бірнеше жауапкерге талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талап қоюшыға тиесілі.
Азаматтық істердің соттылығының түрлері келесідей (Кесте 22).
ҚР АПК 31 бабына сәйкес айрықша соттылық айқындалған. Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.
Егер жылжымайтын мүлік объектілері әртүрлі елді мекендерде орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
Мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) талап қоюлары баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың қарауына жатады.
Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану, мұраны иесіз деп тану, мұраны қабылдау, мұрадан бас тарту үшін мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы талап қоюлар мұраның ашылған жері бойынша беріледі.
Жүктерді, жолаушыларды немесе багажды тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға талап қоюлар тасымалдаушының (көлік ұйымының, жеке кәсіпкердің) орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетiн және оның меншiгiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сотқа талап қоюшының орналасқан жерi бойынша беріледі.
ҚР АПК 32 бабына сәйкес шарттық соттылық айқындалған. Тараптар осы істің аумақтық соттылығын, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша да аумақтық соттылықты өзара келісім бойынша өзгерте алады. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.
ҚР АПК 33 бабына сәйкес өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы деп белгіленген. Дербес талапты мәлімдеуші үшінші тұлғаның талап қоюы және қарсы талап қою, бұлардың соттылығына қарамастан, бастапқы талап қою қаралатын жердегі сотқа беріледі.
Бір жауапкерге бірнеше талап қою берілген кезде, егер даудың нысанасы немесе негізі соттың іс жүргізуінде жатқан істегі даудың нысанасына немесе негізіне байланысты болса, ал мұндай талап қоюлардың соттылығы соттың іс жүргізуінде жатқан істің соттылығын бұзбаса, сот оларды бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет