Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет21/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

4.6 Басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы берілген мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалар немесе азаматтардың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері және мақсаты

Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар мен жекелеген азаматтардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы ҚР АПК-сі бойынша мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, үйымдар немесе жекелеген азаматтар сотқа өздерінің емес басқа түлғалардың қүқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Аталған органдар мен түлғалардың процеске қатысу мақсаты мыналарда:


- басқа түлғалардың (азаматтар мен үйымдардың) субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін;
- қоғамдың немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін.
Сотта аталған түлғалар азаматтар мен үйымдардың мүдделерін қорғау үшін соңғылардың рүқсатын алуы тиіс. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін (ҚР АПК-нің 55-бабы).
ҚР АПК-і басқа түлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың екі нысанын белгілейді:
1) сотқа талап қою арқылы жүгіну;
2) іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысу. Аталған екі нысанға ортақ белгі - ол іс бойынша субъективтік (материалдық-құқықтық) мүдденің жоқтығы. Бүл екі нысан бойынша іс аяқталуына мүдделері сәйкесті органдарға заңмен жүктелінген міндеттерден туындайды (мысалы, сарапшы немесе ҚР неке және отбасы туралы заңы бойынша - қорғаншы мен қамқоршы қызметкері). Осы екі нысан бойынша іске тек мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатыса алады, ал қалған азаматтар және ұйымдар басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою арқылы қатысады.
ҚР АПК 55 бабы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе азаматтар сотқа басқа тұлғалардың өтініші бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып, жүгіне алады.
Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау үшін мүдделі тұлғаның өтінішіне қарамастан талап қою берілуі мүмкін. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар барлық процестік құқықтарды пайдаланады және талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін атқарады.
Егер өз мүддесінде іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
ҚР АПК 56 бабына сәйкес заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін процеске кірісе алады.
Қорытынды ұсыну талап етілетін мәселелер мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберіледі.
Қорытынды осы органдарға азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау жөнінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыреті шегінде беріледі және іс материалдарына қоса тіркеледі.
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қорытындысының күні бұрын белгіленген күші болмайды. Соттың қорытындымен келіспегені туралы сот шешімінде көрсетілуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет