Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет20/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
4.5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері мен нысандары

Қазақстан Республикасының Конституциясына [1] және Қазақстан Республикасының прокуратура туралы Заңына [4] сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кез келген заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.


Халықтың соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса ҚР прокуратурасы туралы Заңына сәйкес сот процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат салысатын мемлекеттік орган [4].
Прокуратураның қызметкері - прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АПК-нің 43-бабы).
Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АПК-нің 54-бабы) іс жүргізудің кез келген сатысында және кез келген іс бойынша қатыса алады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті (Кесте 16):
- мұның өзі заңмен көзделгенде;
- осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда.
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей, сондай-ақ өзіне бағынышты прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
Прокурор өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы.
Мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот немесе прокурор танығанда, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті.
Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері тиісті ақпаратты соттың интернет-ресурсында орналастыру арқылы, қарауға белгіленген барлық істер туралы соттың уақтылы хабарлауы жолымен қамтамасыз етіледі.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен, арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғауға талап қоюды прокурор мүдделі тұлғаның өтініші мен арызына қарамастан беруі мүмкін.
Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
Талап қою берген прокурор барлық процестік құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін атқарады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін берілген талап қоюдан (арыздан) бас тартуы осы тұлғаны ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
Сот қарайтын дауда прокуратура органдарының мүдделерін талап қоюшы немесе жауапкер ретінде білдіретін прокурор тараптың процестік құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет