8. 3-фосфоглицераттың 2-фосфоглицератқа айналуы. Бұл реакция молекула ішіндік қайта құру реакциясына жатады және оны фосфоглицеромутаза ферменті (М 65000) катализдейді.
Гликолиз реакцияларының реттілігі
9. Пируваттың енольдық формасының түзілуі. 2-фосфоглицерат енолаза ферментінің (М 88000) әсерімен дегидратацияға ұшырайды, бұл кезде су молекуласы бөлініп шығады және фосфоенолпируват түзіледі.
Гликолиз реакцияларының реттілігі
10. Пируват пен АТФ түзілуі. Гликолиздің соңғы сатысында жоғары энергиялық фосфат фосфоенолпируват молекуласынан АДФ-ке ауысады. Бұл кезде АТФ және пируват түзіледі. Реакция Мg2+ және К+ иондары қатысында пируваткиназа ферментінің (М 240000) әсерімен жүреді.
Гликолиз процесінің жиынтық теңдеуі
Глюкозаның бір молекуласы АТФ-тың 4 молекуласын түзеді. Ал бірінші кезеңде АТФ-тың екі молекуласы фосфорлануға жұмсалады. Сонда глюкозаның бір молекуласынан алынған АТФ-тың таза мөлшері 2 молекула болады.
Лимон қышқылының циклы бойынша тотығуды алғаш ашқан Х. Кребс (1953 ж. Нобель сыйлығын алды) болатын. Сондықтан мұндай тотығу Кребс циклы деп те аталады, сол сияқты үш карбон қышқылының циклы деп те аталады. Өйткені катаболизмнің бастапқы өнімдері - үш негізді карбон қышқылдары.
Гликолиз процесі кезінде түзілген пируват әрі қарай лимон қышқылының циклы бойынша оттегі қатысуымен тотығады. Кребс циклы көмірсулар, май қышқылдары және амин қышқылдары сияқты энергетикалық заттар үшін тотығудың жалпы жолы. Бұл аталған органикалық қосылыстар алдымен ацетил-А-коферментіне айналады, бұдан әрі ол СО2 мен Н2О дейін тотығады да, энергияның бәрін бөліп шығарады. Бұл ұлпалық тыныстану деп аталады. Кребс циклы бұдан басқа да қызмет атқарады - әр түрлі биомолекулалар синтезі үшін аралық өнім береді.
Гликолиз цитозольда жүреді, түзілген пируват митохондрияға енеді, содан соң осында әрі қарай тотығады да, катаболизмнің соңғы өнімдеріне айналады.