2. Глюкозо-6-фосфаттың фруктозо-6-фосфатқа айналуы (изомерленуі). Бұл реакция қайтымды, ол фосфоглюкоизомераза ферментінің (адам ферментінің М 134 000) қатысында өтеді. Реакция нәтижесінде альдоза (глюкозо-6-фосфат) изомерленіп, кетозаға (фруктозо-6-фосфатқа) айналды.
4. Фруктозо-1,6-дифосфаттың глицеральдегид-3-фосфат және дигидроксиацетонфосфатқа айырылып ыдырауы. Бұл екеуінің молекуласында үштен көміртегі атомы бар. Фруктозо-1,6-дифосфаттағы С-3 пен С-4 арасындағы байланысты альдолаза ферменті (М 160000) үзеді.
Гликолиз реакцияларының реттілігі
5. Гликолиздегі бұдан кейінгі өзекті субстрат - глицеральдегид-3-фосфат. Глицеральдегид-3-фосфат пен дигидрокси-ацетонфосфат құрылымы жөнінде жақын және триозофосфатизомераза ферментінің (М 56000) әсерінен өзара біріне-бірі айнала алады.
Гликолиз реакцияларының реттілігі
6. Глицеральдегид-3-фосфаттың тотығуы. Гликолиздің осы кезенінен бастап глюкоза энергиясы АТФ-ға жинала бастайды. Глицеральдегид-3-фосфат тотығуы оның 1,3-дифосфоглицератқа (1,3-дифосфоглицерол қышқылына) айналудан басталады, бұл реакцияға Н3РО4 мен НАД+ қатысады, реакцияны глицеральдегид-3-фосфат-дегидрогенеза ферменті катализдейді (М 180000).
Гликолиз реакцияларының реттілігі
7. 1,3-дифосфоглицераттан АТФ-ның түзілуі. Жоғары энергиясы бар фосфат 1,3-дифосфоглицераттан АДФ-ке ауысады да, АТФ түзеді, Реакция фосфоглицераткиназа ферментінің (М 50000) әсерімен жүреді, АТФ және 3-фосфоглицерат түзіледі.