6.4 Үлкен ашық экономика моделі
Модель келесі теңдеулерден тұрады:
Шығарылым көлемі белгіленген еңбек пен капитал көлемі және өндірістік функцияға тәуелді: .
Шығарылым көлемі тұтыну, инвестиция, мемлекеттік шығындар мен таза экспорттың сомасы болып табылады: Y = C + I + G + NX.
Тұтыну қолдағы бар табысқа байланысты: C = C(Y-T).
Инвестиция көлемі нақты пайыз қойылымына тәуелді: I = I(r).
Төлем балансының ағымдағы шотының жағдайы нақты айырбас бағамына байланысты: NX = NX(ε).
Капитал қозғалысы шотының жағдайы ішкі пайыз қойылымы көлеміне байланысты: CF = CF(r).
Капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты бір-бірін теңестіру қажет: NX + CF = 0.
Несие капиталы нарығын қарастырайық. S ұлттық жинақтар Y-C-G ретінде берілген. Ұлттық шоттың негізгі теңдігі:
S = I + NX
NX = – CF болғандықтан, осы теңдеуді басқаша жазуға болады:
S + CF = I
Бұл теңдеуден несие капиталының ұсынысы (ішкі жинақ плюс шетелден келген капитал ағымы) сұранысқа (ішкі инвестициялар) тең екені шығады.
Соңғы теңдікке жинақ, инвестиция, капитал ағымы формулаларын қоятын болсақ, онда келесідей теңдік алынады:
,
(6.5)
Бұл теңдік 6.5 суретінде көрсетілген. Қарыз қаражаттарының ұсыныс қисығы S + CF жоғары бағытталған, себебі пайыздың барынша жоғары қойылымы шетелден капиталдың ағылуын ынталандырады. Қарыз қаражаттарына деген сұраныс қисығы I төмен бағытталған, себебі пайыздың жоғары қойылымы инвестиция көлемінің төмендеуіне алып келеді. Пайыз қойылымының тепе-теңдік мәні сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде анықталады.
6.5-сурет. Үлкен ашық экономикадағы тепе-теңдік
Экономикалық саясаттардың әсер етуін талдайық. Бюджет-салық саясаты. Бүкіл әлемді бір бүтін үлкен жабық экономика ретінде қарастыруға болады. Тепе-теңдіктің шарты – инвестициялардың қорларға деген тепе-теңдікте анықталады. 6.6 суретте S̃(r) әлемдік жинақтардың және Ĩ(r) әлемдік инвестициялардың қисықтары көрсетілген. Мәселен, инвестициялар қисықтары теріс ығысады, ал жинақтар қисықтары оң ығысатыны бізге мәлім. Кейде (бұл жағдайды жеңілдету үшін) жинақтар пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз деп жорамалдайды, және жинақтар қисықты тік сызық ретінде көрсетеді. S̃(r) және Ĩ(r) қисықтардың қиылысуы r* әлемдік пайыз қойылымын анықтайды.
Егер үлкен экономикада кеңейтілген бюджет-салық саясаты жүргізілсе, бұл жағдай ел жинақтарын ғана қысқарта қоймай, S әлемдік жинақтарды да қысқартады. S̃(r) әлемдік жинақтар қисығы S̃1(r) дейін жылжиды. Инвестициялардың жинақтарға тепе-теңдік шартқа байланысты әлемдік пайыз мөлшерлемесі r*-r1* дейін ұлғаяды (6.6-сурет).
6.6-сурет. Жабық экономикада бюджет–салық саясатының ықпалы
Мәселен, үлкен ашық экономика кезінде мемлекеттік сатып алуларды қорғаныс күшін күшейту мақсатында ұлғайтты немесе салықтарды қысқартты, IS қисығы оңға жылжиды. Шетелдік валютаның елге ағымының тоқталуы тек ұлттық валютаның қымбаттауына емес, әлемдік пайыз қойылымының қымбаттауны да байланысты. CM қисығы IS қисықтың ығысуымен бірге жоғары қарай жылжиды.. Сондықтан, IS қисығы бастапқы қалыпқа емес, жоғары қарай ығысқан CM қисықпен және LM қисықпен қиылысуынан өтетін ағымды қалыпта қалады. (6.7-сурет).
6.7-сурет. Бюджет-салық саясатының ықпалы.
Ақша-несие саясаты. Ақша жиынының өсуі LM қисығын оңға жылжытады. Ішкі тепе-теңдік пайыз қойылымы төмендейді және шетелге капиталдың ағымы басталады. Капиталдың шетелге ағымы себебінен сыртқы әлемдегі пайыз қойылым төмендейді. Әлемдік пайыз қойылым төмендейді.
6.8-сурет. Ақша-несие саясаттың ықпалы
Шетелге капиталдың ағымы шетелдік валютаға сұранысты қалыптастырады, ұлттық валютаның құнсыздануына және ε нақты айырбас бағамның өсуіне әкеледі. Сондықтан, импорт қысқарады. және экспорт ұлғаяды. Капитал ағымы тоқталғанша IS қисығы оңға жылжиды (6.8 сурет). Бұндай жағдай ішкі пайыз қойылым – әлемдік пайыз қойылымы төмендеген деңгейге жеткен кезде және IS1 LM 1 CM1 қисықтары бір нүктеде қиылысқан кезде іске асырылады.
Сонымен, үлкен экономикада жиынтық сұраныс өседі, пайыз қойылымы төмендейді. Ал, бүкіл әлемде ұлттық валютаның қымбаттауынан жиынтық сұраныс төмендейді.
І Негізгі түсініктер
Төлем балансының капитал қозғалысы шоты.
Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты.
Шағын ашық экономика.
Үлкен ашық экономика.
Халықаралық қаржы нарығы.
Протекционизм саясаты.
Бюджет-салық саясаты.
Экспорт. Импорт. Таза экспорт.
Әлемдік пайыз мөлшері.
Әлемдік инвестиция мөлшері. Әлемдік жинақтар мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |