№ хаттама 2017 жыл


Төлем балансының құрамы: капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты



бет47/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

6.2 Төлем балансының құрамы: капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты
Ашық экономикада жабық экономикадағыдай қаржы нарықтары игіліктер нарығымен тығыз байланыста болады. Бұл байланысты көру үшін ЖҰӨ есептеу формуласын жинақтар мен инвестиция арқылы түрлендіреміз, яғни:
Y = C + I + G + NX,
Y - C - G = I + NX,
Sұ = I + NX.
Көрсеткіштерді сол жаққа көшіреміз, сонда ұлттық шоттың негізгі теңдігі:
(I-S) + NX = 0 (6.3)

Төлем балансында әдетте бір жыл аралығындағы сыртқы әлем мен ел арасындағы барлық экономикалық мәмілелер тіркеледі. Ондағы әрбір операция екі рет жазылады: бір рет мәміле бойынша қаражат түскенде, екінші рет – қаражат көздері көрсетілгенде. Оның үстіне ақшаның түсуі мен шетелдіктер алдындағы міндет­те­мелерді өсіру жөніндегі операциялар «плюс» белгісімен жазылады, ал ақшаны төлеу мен шетелдіктер алдындағы міндеттемелерді азайтумен байланысты операциялар «минус» белгісімен жазылады. Төлем балансының құрамы:


1. Ағымдағы операциялар шоты (NX).
2. Капитал қозғалысының шоты (I-S).
3. Ресми резервтердің өзгеруі.
Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы шотының сальдоларының қосындысы ресми резервтердің өзгеруіне тең. Капитал қозғалысының шоты ел ішіндегі инвестициялардың жинақтардан артықшылығын білдіреді. Осыдан, капитал қозғалыс шоты ел ішіндегі шетелден қаржыландырылған капитал мөлшеріне тең. Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты – бұл елдің сыртқа шығарылған таза экспортынан түсетін сомасы. Егер (I-S) оң болса, ал NX теріс болған жағдайда,яғни капитал қозғалыс шотының сальдосы оң болып, ағымдағы операциялар шотының сальдосы теріс болса, онда мемлекетте тапшылық пайда болады. Осы тапшылықты жабу үшін жетіспеген қаражатты халықаралық қаржы нарықтарынан несие алып, тауарларды импорттау арқылы толтырамыз. Егер (I-S) теріс болып, NX оң болса, онда капитал қозғалыс шотының тапшылығы пайда болады. Осы жағдайда халықаралық қаржы нарықтарында несие беруші ретінде және тауарларымызды экспорттауға мүмкіндік туады.
Кесте 6.1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет