ҚР төлем балансы
млн. АҚШ долл7
Шоттар
|
2015
|
2016
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
IV
|
А. Ағымдағы шот
|
-5142,1
|
-1216,1
|
-2595,06
|
-1842,93
|
-2863,7
|
Сауда балансы
|
12671,4
|
2668,0
|
1886,3
|
2409,3
|
2468,3
|
Экспорт
|
46515,9
|
8463,8
|
8721,4
|
9692,2
|
10423,8
|
Импорт
|
33844,4
|
5795,8
|
6835,1
|
7282,9
|
7955,5
|
Қызмет көрсету балансы
|
-5106,3
|
-990,8
|
-900,8
|
-1527,3
|
-1332,8
|
Экспорт
|
6476,0
|
1517,9
|
1581,7
|
1660,6
|
1549,5
|
Импорт
|
11582,2
|
2508,7
|
2482,5
|
3187,9
|
2882,3
|
Еңбекақы балансы
|
-1650,9
|
-285,6
|
-328,7
|
-335,6
|
-353,6
|
Инвестициялық табыс балансы
|
-9646,0
|
-2529,8
|
-3200,5
|
-2357,1
|
-3553,6
|
В. Капиталмен жəне қаржымен операциялар шоты
|
131,7
|
5,7
|
23,3
|
190,3
|
50,2
|
6.1 кестеден көрініп тұрғандай 2015-2016 жж. аралығында ағымдағы операциялар шотының тапшылығы орын алғанымен де, 2016 ж. соңында тапшылық екі есе азайып тұр. 2016 жылдың соңғы тоқсанында сауда балансы 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе азайған, ол 2,4 млрд. АҚШ долл. тең оң сальдомен қалыптасты. 2016 жыл аралығында тауарлар экспорты өсіп, 10,4 млрд. АҚШ долл. болды. Тауарлар импорты өткен жылы 8,0 млрд. АҚШ долл. бағаланады. Жалпы айтқанда, негізгі номенклатураның тауар топтары бойынша импорттың ұлғаюы байқалады. 2016 жылда 2015 жылмен салыстырғанда, қызмет көрсету балансының дефициті 1,3 млрд. АҚШ долл. көрсетті, бұл көрсеткіш алғашқы жартыжылдықта азайғанымен, 3-ші тоқсанда күрт өсті. Еңбек ақы балансы мен Инвестициялық табыс баланстары бойынша – екі көрсеткіште де тапшылық байқалып тұр. 2015-2016 жж. аралығында капиталмен жəне қаржымен операциялар шоты бойынша нетто-ағын көп азайған – 131,7 млн АҚШ долл. 50,2 млн АҚШ долл. дейін..
6.3 Шағын ашық экономика моделі
Шағын ашық экономика әлемдік нарықтың кішкентай үлесін иемденеді және өздігінен әлемдік пайыз қойылымына аса аз әсерін тигізеді, әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізе алады, яғни осы елдің үкіметі халықаралық қаржыландыру мен несиелендіруге кедергі келтірмейді.
Шағын ашық экономика моделінің алғышарттары:
Y шығарылым көлемінің деңгейі сол кездегі өндіріс факторларымен және өндірістік функциямен белгіленген: .
қолдағы бар табыс Y-T көлемі артқан сайын, C тұтыну көлемі де артады: C↑=C(Y-T)↑;
нақты пайыз қойылымы r жоғарылаған сайын, инвестиция I көлемі төмендейді: I↓=I(r)↑;
ішкі пайыздық қойылым әлемдік пайыз қойылымына тең: r=r*.
Енді ұлттық шоттың негізгі теңдігін келесі түрде жазуға болады:
NX = S - I
NX = (Y-C-G)-I
Алғышарттар ескерілген жағдайда:
(6.4)
Бұл теңдеу жинақ пен инвестицияның, сәйкесінше капитал қозғалыс шоты (I-S) мен төлем балансының ағымдағы шотын (NX) не анықтайтынын көрсетеді. Жинақ көлемі бюджет-салық саясатына (G және T) тәуелді: мемлекеттік сатып алулардың аз көлемі немесе жоғары көлемдегі салықтар ұлттық жинақтың деңгейін жоғарылатады. Инвестиция көлемі нақты әлемдік пайыз қойылымына тәуелді: пайыздың жоғары қойылымы кейбір инвестициялық жобаларды тиімсіз етеді. Сәйкесінше, капитал қозғалыс шты мен ағымдағы операциялар шоты бюджет-салық саясатының және әлемдік пайыз қойылымының ықпалымен қалыптасады.
Капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шотының сальдосы ішкі жинақ пен әлемдік пайыз қойылымы деңгейіндегі инвестицияның айырмасы ретінде анықталады.
Ішкі бюджет-салық саясатының ықпалы. Егер мемлекет шығындарын G көбейтсе, не салықтарды T азайтса, онда ұлттық жинақ мөлшері азаяды. Себебі S=Y-C-G. Сонда, инвестиция жинаққа қарағанда көбейеді. Бұл өз кезегінде капитал қозғалыс шотының оң сальдосын тудырып, шетелден қаржыландыруды арттырады. Бұл 6.2 суретінде көрсетілген.
6.1-сурет. Ішкі бюджет-салық саясатының төлембалансына әсері
6.2-сурет. Ішкі бюджет-салық саясатының ықпалы
Сыртқы бюджет салық саясатының ықпалы. Егер шетел мемлекеті өзінің мемлекеттік шығындарын көбейтсе немесе салықтарын азайтса, онда әлемдік жинақтар кемиді де, әлемдік пайыз жоғарлайды.
Әлемдік пайыздың жоғарлауы кіші ашық экономикада инвестициялардың төмендеуін қалыптастырады. Жинақтар артады да, экспорт көбейе бастайды. Себебі. NX=S-I, I төмендеуі NX көбейтеді. Сонда, шетелдегі жинақтардың төмендеуінен кіші ашық экономикада ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы пайда болады (6.3 сурет).
6.3-сурет. Сыртқы бюджет-салық саясатының ықпалы
Инвестицияға сұраныстың өзгеруі. Егер жоспарланып отырған инвестициялар жоғары көтерілсе, не болатынын көрейік. Мұндай жағдай мемлекет тарапынан ішкі инвестицияларды қолдау мақсатында салық жеңілдіктері берілген жағдайда ғана болады (6.4 сурет).
6.4-сурет. Инвестицияға сұраныстың өзгеруі
Жинақ мөлшері өзгерсіз қалғандықтан, инвестициялар шетелден қаржыландырылуы керек. Сонда капитал қозғалыс шотының оң сальдосы пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |