№ хаттама 2017 жыл



бет46/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

IV Есептер
1. Экономика келесі деректермен сипатталады:
C=300+0.8Yd,
I=200–1500r,
Xn=100–0.04Y–500r,
Md=(0.5Y–2000r)P,

G=200, t=0.2, Ms=550, P=1


    1. IS және LM қисықтарының теңдеулері қандай?


    2. Тепе-теңдік шығарылым деңгейі қанша?


    3. Тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесе қандай?



2. Кейнстік крест, AD–AS және IS-IM модельдерін бірге пайдаланып мемлекеттік шығыстарды төмендетудің инфляцияға қарсы саясатының қысқа мерзімді нәтижелерін графикте көрсетіңіздер.

3. Экономика келесі деректермен сипатталады:


Y=C+I+G+Xn
C=400+0.9Yd,
I=200–1800r,
Xn=200–0.1Y–200r,
M=(0.8Y–3000r)P,
G=200, t=0.3333, Ms=1104, P=1
1) Тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі мен тепе-теңдік шығарылымның мөлшерлерін есептеңіздер.
2) Жиынтық сұраныс қисығының теңдеуін шығарыңыздар.
4. IS қисығының теңдеуі Y=1700–100r
LM қисығының теңдеуі Y=500+100r
P=2
1) Егер үкімет мемлекеттік шығыстарды 50-ге өсірсе, қандай шамаға IS қисығы жылжиды? IS қисығының теңдеуі қалай өзгереді?

2) Егер, керісінше Орталық банк ақша ұсынысын 200-ге өсірсе (алғашқы мемлекеттік сатып алу көлемінде), қандай шамаға LM қисығы жылжиды? LМ қисығының теңдеуі қалай өзгереді?


3) Мысалы, бастапқы фискалды және монетарлы саясаттарының параметрлерінде бағлар деңгейі 2-ден 4 дейін өссе. Қандай шамаға және қандай бағытта LM қисығы жылжиды? LМ қисығының теңдеуі қалай өзгереді?


6 АШЫҚ ЭКОНОМИКА
6.1 Ашық экономикада ЖҰӨ есептеу
Экономикадағы тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен шығындарды қарастырып өтейік. Жабық экономика кезінде сату және сатып алу процестері мемлекет шегінен шықпайтын және барлық шығыстар үшке бөлінетін: тұтыну, инвестиция және мемлекет шығындары. Ал ашық экономикада өндірілген өнімнің бір бөлігі мемлекеттің ішінде сатылатын болса, екінші бөлігі экспортқа шет елге сату үшін шығарылады. Осыны ескере отырып, ашық экономикада өндірілген тауарға кеткен шығындарды төрт компонентке бөліп қарастыруға болады:
  • отандық тауар мен қызметті тұтыну – Cd;


  • отандық тауар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар – Id;


  • отандық тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – Gd;


  • отандық тауар мен қызметтердің экспорты – EX.


Яғни, есептеу келесі формула арқылы беріледі:


Y = Cd + Id + Gd + EX
Осы формуланы ашып көрсетейік. Тұтыну шығындары (C)- бұл шетел (Cf) және отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен тұтыну шығындарының (Cd) сомасы.
Ал инвестицияның жалпы мөлшері (I) – бұл отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар (Id) мен шетел тауарлары және қызметтеріне кеткен инвестициялық шығындар (If) сомасын білдіреді.
Мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері (G) – бұл отандық тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы (Gd) мен шетел тауарлары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуының (Gf) сомасын білдіреді. Яғни:
C = Cf + Cd
I = Id + If
G = Gd + Gf.
Жоғарыдағы ЖҰӨ есептеу формуласына қойсақ, онда:
Y = (C - Cf) + (I - If) + (G - Gf) + EX.
Түрлендірілгеннен кейін, мына теңдікті аламыз:
Y = C + I + G + EX - (Cf + If + Gf).
(Cf+If+Gf)- бұл шетел тауарлары мен қызметтерге кеткен шығын, яғни импорт (IM) болып табылады.
Экспорт пен импорттың айырымы таза экспортты береді

NX = EX - IM, сонда


Y = C + I + G + NX (ЖҰӨ есептеу). (6.1)

Бұл теңдеу отандық өнімге кеткен шығындар, ішкі шығындар және таза экспорттың байланысын көрсетеді:


NX = Y - (C + I + G). (6.2)
Егер өндірілген өнім ішкі шығындардан асса, онда еліміз айырманы экспорттайды (+NX). Ал егер өндірілген өнім ішкі шығындарды жаппайтын болса, онда еліміз айырманы импорт­тайды (–NX).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет