№ хаттама 2017 жыл


Тауарлар нарығындағы тепе-теңдік. IS қисығы



бет23/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

3.3 Тауарлар нарығындағы тепе-теңдік. IS қисығы
«Кейнсиандық крест» моделі IS-LM моделінің құрылуының бірінші негізі. Кейнстік крест моделі тиімді, себебі жоспарланған инвести­цияның әрбір деңгейінде табысты анықтайды. Біздің модельді толықтыру үшін пайыз қойылымы мен инвестициялардың арақатынасын жоспарланған инвестиция деңгейінде жазайық: I=I(r). Бұл функция 3.7-суретте көрсетілген.

3.7 сурет. IS қисығын құру


Пайыз мөлшерлемесі өскенде табыстың қалай өзгеретінін анықтау үшін біз инвестиция функциясы мен «Кейнсиандық крест» графигін қолдана аламыз. Пайыз мөлшерлемесі өзгермелі деп алайық. 3.7 сурет. А. Инвестициялық функция бейнеленген. r1 → r2 дейін пайыз мөлшерлемесінің өсуі жоспарланған инвестицияларды I(r1) → I(r2) дейін азайтады. 3.7 сурет. В. – «Кейнсиандық крест» бейнеленген. I(r1) → I(r2) дейін жоспарланған инвестицияның азаюы табысты Y1 → Y2 дейін қысқартады. 3.7 сурет. С. – IS қисығы бейнеленген. Ол пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы қарым-қатынасты анықтайды: пайыз мөлшерлемесі өскен сайын табыс деңгейі төмендей береді.
3.3.1 Бюджет-салық саясатының IS қисығына ықпалы
IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшер­леме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді. «Кейнсиандық крест» моделінен байқағанымыздай табыс деңгейі бюджет-салық саясатымен де тығыз байланысты.
Фискалдық (бюджет-салық) саясат – инфляция жоқтығы және экономиканың толық жұмысбастылығы жағдайында бюджет­тің шығыстары мен кірістерін макроэкономикалық тепе-теңдікке жету мақсатында мемлекеттік бюджетті бақылау және реттеуді меңзейтін мемлекеттік экономикалық саясат түрі.
Дискрециялық бюджет-салық саясаты – инфляция жоқтығы және экономиканың толық жұмысбастылығы жағдайында макро­эко­номикалық тепе-теңдікке қол жеткізу мақсатында үкімет шешімімен шығыстар мен кірістерді өзгерту саясаты.
Дискреционды бюджет-салық саясатының негізгі құрал­дары:

  1. тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар (G) көлемдерінің өзгерісі;


  2. салық салулар (Т ) сомаларының өзгерісі.


G мен T тұрақты деп алсақ, бюджет-салық саясатының өз­геруі IS қисығын жылжытады.


3.8-суретте мемлекеттік шығындардың G1 →G2 дейін өсуі IS қисығын қалай өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген. Кейнс кресі бюджет саясатының өзгеруі жоспарланған шығын­дарды өзгертетінін көрсетеді. Ол табыс деңгейін Y1→Y2 дейін өсіреді. Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын оңға жылжытады. Бұл 3.8-суретте бейнеленген.

3.8-сурет. Мемлекеттік шығындар өсуінің IS қисығына әсері


Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.

  1. T↓ немесе G↑ → E↑ → Y↑ → IS↑


  2. T↑ немесе G↓ → E↓ → Y↓ → IS↓


Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұра­нысты кемітетін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.


Фискалды (бюджет-салықтық) саясатына қоса үйлестірілген фискалды саясат қолданылуы мүмкін. Үйлестірілген фискалды саясат – жоғарыда аталған екі инструментті қатар қолданумен сипатталатын дискреционды фискалды саясат. Бұндай фискалды саясатты жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттің балансының теңес­пеуіне (нөлдік сальдоға) алып келуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет сальдосы – мемлекет шығындары сомасы мен мемлекет кірістерінің сомасының арасындағы айырмашылық. Егер бюджет жылындағы мемлекет шығыстары оның кірістерінен асып түссе, онда мемлекеттік бюджет теріс сальдоға келеді және мемлекеттік бюджет дефициті туындайды. Егер бюджет жылындағы мемлекет шығыстары оның кірістерінен төмен болса, онда бюджет оң сальдода және мемлекеттік бюджет профициті орын алады. Ал, егер бюджет жылындағы мемлекет шығыстары оның кірістеріне тең болса, онда мемлекеттік бюджет нөлдік сальдода және мемлекеттік бюджет балансталған түрге келеді.
Жоғарыда аталған фискалды саясаттардың әрқайсысы өндіріс көлемі мен жиынтық табысқа өз әсерін тигізеді:

мұндағы,

YG – мемлекеттік сатып алуларды өзгертуге байланысты туындайтын жиынтық табыс өзгерісі;
YT – салықтардың өзгерісіне байланысты туындайтын жиынтық табыс өзгерісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет