№ хаттама 2017 жыл


Макроэкономикадағы бәсекелес бағыттар мен мектептер



бет4/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

1.3 Макроэкономикадағы бәсекелес бағыттар мен мектептер
Өткен жүзжылдықтың ортасынан бастап макроэкономи­каның даму процесінде екі негізгі мектеп қалыптасқан: неоклас­сикалық және кейнстік.
Дж.М.Кейнстің «Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегіне дейін макроэкономикалық тәсіл мүлдем қолданылмаған. Бұл кезеңдерде, «жетілген бәсеке нарығы экономиканы заңдылықтар негізінде ресурстарды тиімді орна­ластыруға әкеледі» - деген неоклассикалық көзқарас кең тарап, үстемдік еткен. Бұл жағдайда мемлекетке тек қана сыртқы шекаралар мен жеке меншікті қорғау ғана қалады. Бірақ жаппай жұмыс­сыздық пен дағдарыстармен белгілі Ұлы депрессия – нарықтың ұзақ уақыт бойы қайта тепе-теңдік жағдайына оралмау мүмкіндігін көрсетті. Дж.М.Кейнс өзінің әйгілі еңбегінде мемлекеттің белсенді араласуын немесе интервенцияларды жүргізудің қажеттілігін дәлелдеген.
Сол уақыттан кейін экономикалық ғылымда бәсекелес, көп тармақты екі бағыт бірге жүріп келеді: неоклассикалық және кейнстік.
А.Смиттің, Д.Рикардоның, Дж.С.Милльдің, Ж.-Б.Сэйдің және т.б. классикалық экономистерінің теориялық мұрагері – неоклассикалық мектеп болып табылатынын ескерген жөн. А.Смиттің – нарықтың «көрінбейтін қолы» атты әйгілі метафорасы микроэкономикада да, макроэкономикада да барлық экономистермен қолданылатын ғылыми терминге айналды. Неоклас­сикалық бағыттың өкілдері А Маршалл, А.Пигу, И.Фишер – классиктер теориясына тән концептуалды алғышарттарға өздерінің нәтижелерін негіздеген. Олар: баға икемділігі; жетілген бәсеке; индивидтер әрекетінің рационалдылығы. Неоклассиктер еңбек­терінде шекті шамаларды талдау ерекше рөлге ие болды. Ең алдымен ол өндіріс факторларының шекті пайдалылығы мен шекті өнімділігі болып табылады. Неоклассикалық мектептің жаңа өкілдері – нарыққа өзін-өзі реттей алатын жүйе ретінде қарап, сондай-ақ оған мемлекеттің араласуы пайда емес, зиян келтіреді деген жалпы көзқарасқа ие экономистер тобын атаймыз. Бірақ жаңа неоклассикалық мектеп әртүрлі теорияларды жақтайтын неоклас­сиктерге толы. Олар: нарық жұмысын «жақсартуға» үкіметтің талпыныстарын сынайтын (Дж.Мут, Р.Лукас, Т.Сарджент) рацио­налды күтулер теориясының өкілдері және монетаристік бағыттың негізін салушы М.Фридменнің басшылығындағы монетаристер өкілдері. М.Фридмен теориясын жақтаушылары да мемлекеттік араласуға қарсы, бірақ қысқа мерзімді уақыт аралығында, әсіресе ақша-несиелік реттеу саласында, өте тиімді екенін атап өтеді.
Неоклассиктерге қарсы макроэкономикалық теорияның Кейнстің мектебінің өкілдері – Дж.М.Кейнс және оның ізін басушылар – неокейнсшілер – Р.Харрод, Е.Домар, Э.Хансен, Ф.Модильяни, Дж.Тобин және, жаңа кейнсшілер атты, жаңадан қалыптасқан бағыт өкілдері – Н.Г.Мэнкью, О.Б.Бланшар және т.б. неоклассиктердің «нарықтық жүйенің өзін-өзі реттеу мүмкіндігі немесе автоматты түрде түзелуі» атты ең басты постулатына күмән келтірді. Неокейнстік пен жаңа кейнстік теориялары арасында көптеген маңызды алшақтықтар бар (негізінен жаңа кейнстік теорияның назары көбінесе макроэкономикалық талдаудың микроэкономикалық негіздеріне аударылған), бірақ оларды нарықтық экономикаға тән тұрлаусыздық пен ақпараттың дәрменсіздігі, бағаның икемсіздігі туралы жалпы алғышарттар біріктіреді. Осыған байланысты жаңа кейнстік бағытын жақтаушылардың модель­дерінде мемлекеттің рөлі нарықтың тұрақты қызмет етуін қолдауда ерекше орынға ие. Қорытындылай келе, макроэкономикада бір ғана дұрыс теория болмайды. Бұл жағдай кемшілікті емес, керісінше пәннің күрделілігі мен макроэкономикалық теорияның тұрақты даму процесін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет